3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Новости

Эстрада жұлдыздарының жаға жыртысқан видеосы тарап кетті

Танымал эстрада жұлдыздарының төбелесі әлеуметтік желіні шулатып жіберді. Интернет қолданушылары той өткізуге тыйым салынғанына қарамастан әншілер кезекті мерекеге қатысып, мұнымен қоса жаға жыртысқандарына наразы.

Подробнее...

Ақтөбеде үй өртеніп, бес бала жанып кете жаздады

Ақтөбе облысында жер үйден алапат өрт шығып, ересектердің қарауынсыз қалған 5 бала жанып жете жаздады. Оқиға Сұлукөл ауылында болған. Сәтін салғанда, дер кезінде көмекке келген жергілікті әкім балаларды құтқарып қалыпты. Лаулаған от 200 шаршы метр аумаққа шарпып, баспана мен оған жапсарлас орналасқан дүкен небәрі 15 минуттың ішінде түгі қалмай жанып кетті. Баспаналарынан айырылған отбасы қазір туыстарының үйін паналап отыр. Тілсіз …

Подробнее...

Саяжай тұрғындарының өтініші

Саяжайда тұратындар адам емес пе?! Үш шақырым жердегі аялдамаға жету үшін жаяу сандалып, басын қатерге тігіп жүрген ақтөбеліктер арнамызға шағымданды. Жұрт теміржолдан өтетін көпір салып беруін сұрайды. Алайда олардың өтінішіне құлақ асар жан табылар емес.

Подробнее...

Төсектес болуды ұсынды: Қызылорда облысындағы қос судья арасындағы дау

«Қысым көрдім, қорландым!» Қызылорда облысында қос судьяның арасында туындаған қызметтік жанжал күннен-күнге ушығып барады. Шиелі аудандық сотының судьясы Гүлнұр Құрманбай басшысына қатысты әртүрлі іс әрекеттер жайында ашық әңгімелеп берді. Оның сөзінше, аудандық сот төрағасы Марат Күздеубаев жалғыз басты әйелге «төсектес» болуға ұсыныс білдіріп, болмаған соң, өмірін тозаққа айналдырып жатқан көрінеді. Осы күні қазылар арасындағы текетірес Жоғарғы сотқа дейін жеткен.

Подробнее...

Сайлау: үгіт-насихат жұмыстары басталды

10 қаңтарда өтетін мәжіліс пен мәслихат депуттарының сайлауына қатысатын партиялардың үгіт-насихат жұмыстары басталды. Тізімге енген кандидаттар республикамыздың түкпір-түкпірін аралап, халықты сайлау алды бағдарламаларымен таныстыруда. Үгіт-насихат жұмыстары 9 қаңтар түнгі сағат 12-ге дейін жалғасады. Саяси ұйым өкілдері кімдермен кездесті, бағдарламларының ерекшелігі неде?

Подробнее...

Мектептер онлайнға ауысуы мүмкін

Нұр-Сұлтандағы мектептердің барлығы да қашықтан оқу режиміне көшуі мүмкін. Өйткені білім ордаларында балалар мен ұстаздардың коронавирус жұқтыру фактісі азаяр емес. Қаланың бас санитар дәрігері Жанна Пралиева осылай дейді. Маман сондай-ақ «қызыл аймаққа» енген бас қалада қандай қосымша шектеулер болатынын мәлімдеді.

Подробнее...

Зағип жандардың жанайқайы

Талдықорғандық зағиптар құдды бір кеңестік кезеңде өмір сүріп жатқандай. Қажет болса, бірлестікке барып, кино түсіруге де болады. Өйткені, 60-жылдары салынған ғимараттары әбден ескіріп, тозығы жеткен. Ішкі жабдықтарының көбі сол өткен ғасырдан қалған дүниелер. Жалғыз табыс көзіне айналған тігін және жиһаз цехы да бәсекеге қабілетсіз. Тапқан табысы еңбекақы мен шикізат көзінен аспайтын көрінеді. Шынтуайтына келгенде қоғамдық бірлестік дәл қазір мүшкіл халде …

Подробнее...

Құмар ойын: Бір рет ұтасың, ары қарай тақырға отырасың

20 миллиардқа жуық теңге. Соңғы дерек бойынша жыл басынан бері азаматтарымыз казино, букмекер, кено деп басталатын түрлі бәс тігулерге осынша сома салып жіберген. Ел ішінде құмар ойынның жетегеніне ергендердің саны артып келеді. Бес тиын сал да, он тиын ұт дегендердің саны азайып келе жатса да, бұл проблема неге өзекті?

Подробнее...

Бір тал кессең, 3 млн теңге айыппұл төлейсің!

Бір тал кессең, 3 миллион теңге төлейсің! Елімізде тал-теректі түбімен қопарып, рұқсатсыз қырқатындарға салынатын айыппұл мөлшері артты. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің сөзінше, жаңа жазаға қатысты Әкімшілік және Қылмыстық кодекстерге түзетулер әзірленіп қойған. Оған сәйкес, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген ағаштарды заңсыз кескені, жойғаны және зақымдағаны үшін өтем ретінде 30 есе көп мөлшерде …

Подробнее...

Ескі үй есімізді шығарды

Үйдің іші-сыртын жылтыратып қойғанымен, ескінің аты ескі екен, есіміз шықты. Осылай деп, мұңын шаққан талдықорғандық көпбалалы отбасылар екініші нарықтағы баспаналарды алғанына өкініп отыр. Пәтерлерінің қабырғасы көгеріп, сылағы көтеріле бастаған. Оның үстіне бұл ғимарат — кеңестік кезеңде балабақша ретінде салынған еккен. Даңғарадай бөлмелер оңайлықпен жылымайды. Терезелеріміз терлеп, көктің иісі демекпе қылып бітетін болды, — дейді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. …

Подробнее...
X