3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Новости

Шымкентте 4 ай бұрын жоғалған 9-сынып оқушысы әлі табылмады

Іздеу саламыз! Шымкентте 4 ай бұрын жоғалып кеткен жасөпірім әлі табылмай жатыр. 9-сынып оқушысы Ескендір Әнуарұлы осы жылдың тамыз айында үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Соңғы рет оны туған ағасы Алматыда көріпті. Тәртіп сақшыларынан бой тасалап үлгерген баланы осы күні көрдім не білдім деген адам табылар емес. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Ескендір Кисилев тамыз айының басында туған ағасы …

Подробнее...

Бюджетке масыл болған спорт клубтары

Биыл спорт саласына бюджеттен 160 млрд теңге бөлінген. Оның 55 миллиарды отандық кәсіби клубтарды қаржыландыруға жұмсалған. Бірақ, нәтиже жоқ. Халықаралық ареналарда жерлестеріміз құр қол қайтып жүр. Ақшаның желге ұшқанына шүйліккен депуттаттар салаға жауапты министр Ақтоты Райымқұлованы сұрақтың астына алды. Осы ретте мемлекет басшысының өзі бюджеттен бөлінетін қаржы қысқартылғанын талап еткен. Тапсырма қалай орындалып жатыр? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. …

Подробнее...

Жазасыз сотталған ұлымның ақталуын талап етемін!

Жазасыз сотталған ұлымның ақталуын талап етемін! Бұл қызылордалық ананың жанайқайы. Қармақшы ауданынның тұрғыны бір жылдан астам уақыттан бері әділдікке қол жеткізе алмай жүргенін айтады. Себебі өңірлік сот оның ұлын былтыр 20 жылға бос бостандығынан айырған. Айыпта «Азамат қоғамдық көлік аялдамасында өз қызына жыныстық азғындық жасаған» деп көрсетілген екен. Дегенмен мұның барлығы жалған екенін айтады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. …

Подробнее...

Елорда әкімінің есебі

«Astana LRT» жобасы қашан аяқталады? Қыруар қаржы жымқырылған жеңіл релсті көлік жүйесінің қай уақытта толық бітетінін журналистер халыққы есеп берген Алтай Көлгіновтен сұрады. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі жағдайды түсіндіргендей болды. Бірақ, бұқаралық ақпарат құралдарының мамандарына оның жауабы ұнамады. Неліктен? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Орталық коммуникациялар қызметіне келген халыққа есеп беруге келген Алтай Көлгінов алдымен 40 минут қаланың дамуын сөз …

Подробнее...

Қарағанды: хайуанаттар бағы емес, түрме сияқты

Хайуанаттар түрмесі! Қарағандылықтар қаладағы ең үлкен зообаққа осындай лақап ат қойған екен.  Осыдан үш жыл бұрын төбесі ортасынан опырылып,  апатты күйге түскен бақты күрделі жөндеуге  бюджеттен 1 млрд теңге бөлінген еді. Сөйтіп құжат бойынша құрылысы биыл бітуі тиіс болатын. Алайда аң-құс біткеннің түр-түрі мекен еткен хайуанаттар бағы ашылмай жатып,  жұртың ашуына тиіп жатыр. Неге? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. …

Подробнее...

Мейрамханалар жаңажылдық корпоративтерге тапсырыс қабылдап жатыр

Еліміздегі карантин талаптары елемей, тығылып той-томалақ өткізіп жүргендер жетерлік. Екі жастың қуанышынан бастап туған күніне дейін атап өткен отандастарымыздың кейбірі полицияға ұсталып, ірі айыппұл төлеп жатқандары да бар. Бұл тізімге енді жаңа жылдық корпоратив ұйымдастырғандар да енетін секілді. Өйткені мейрамханалар қазірдің өзінде 200 адамға дейін тапсырыс қабылдап қойған. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Карантин жеңілдемесе де, қазір «көкесі» мықты …

Подробнее...

Ұрланған жылқылар мұз боп қатып қалған жерінен табылды

Павлодар облысында мұз болып қатып қалған 26 жылқы табылды. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Аққулы ауданының полициясына шаруа қожалықтарының бірінің басшысы хабарласып, Қазы ауылынан 10 шақырым жерде орналасқан жайылымнан белгісіз біреулер бір үйір жылқысын ұрлап кеткенін айтқан. Бірнеше күн бойы иесі жоғалған малды өз бетінше табуға тырысқан, бірақ онысынан түк шықпаған соң тәртіп сақшыларына жүгінген. Іздестіру жұмыстарын жүргізген полицейлер …

Подробнее...

Жоғалған жылқысын іздеуге шыққан малшы үсіп кете жаздады

Жоғалған жылқысын іздеуге шығып, аязда адасып кеткен малшы үсіп қала жаздады. Сәтін салғанда полицейлер оны дер кезінде құтқарған. Белгілісі мал іздеп, ауылдан алыстап кеткен азамат бағдардан айырылып қайтар жолды таппай қалыпты. Астындағы тұлпары жүрмей, әбден тоңып қалған ер адамды тәртіп сақшылары түнгі он бірлер шамасында Шымкент тас жолының бойындағы Түркістан ауылдық учаскесі маңынан тапқан. Полиция қызметкерлері ер адамды үйіне жеткізген. …

Подробнее...

Ақтауға аққулар ұшып келді

Ақтауға аққулар ұшып келді. Каспий теңізіне қыстауға келген қанаттылардың көктен түсірілген видеосы әлеуметтік желіде жарық көрді. Айдында қосақтала жүзіп жүрген құс падишасының әсерлі көрінісіне таңданған автор «100 метр қашықтықта тұрып осындай сұлулықты көрген сәтте өз-өзіңді ұстау қиын», деген жазба қалдырды.

Подробнее...

Теміржол өткелі қараусыз қалмасын!

Темір жол өткелінің қараусыз қалғанын қаламаймыз! Түркістан облысындағы Қарабастау ауылының тұрғындары әлеуметтік желі арқылы осындай базыналарын жеткізді. Елдімекен тұрғындарының сөзінше, жауаптылар күніне жүздеген көлік, мыңдаған адам өтетін өткелді 1 қаңтардан бастап жауып, жұмысшыларын қысқартуды жоспарлап отыр екен. Ал, балаларының өміріне алаңдағын әлеумет пойыздар құрамы өтетін маңда апаттар көбейіп кеткендігін, тұманды күні қалаға қатынау қиындағанын айтып, темір жолға жауаптылардан көпір салып …

Подробнее...
X