0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

Мәслихат депутатының 15 жасар қызбен төсектес болғаны рас па?

Депутаттың басы дауға қалды! Ақтөбеде «танымал кәсіпкер кәмелеттік жасқа толмаған қызбен төсектес болыпты» деген ақпарат тараған еді. Әлеуметтік желіде желдей ескен әңгімеге құзырлы органдар мен қамауға алынған кәсіпкердің әріптестері қандай жауап берді? Ал оқушының жағдайы қалай? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Құзырлы органдар 15 жастағы қызбен қатынасқа түскен атышулы кәсіпкердің кім екенін, оған қандай айып тағылғанын ашып айтпаса да …

Подробнее...

Жол салмаса да, жол талғамайтын көлік алатын әкімдер бар

Жол салмаса да, жол талғамайтын көлік алады.  Әкімдердің бюджет қаржысын қайда жұмсайтыны белгілі болды.  Қоғамдық үйымның жүргізген тәуелсіз зерттеуіне сәйкес,  атқамінерлер әуелі  қызметкерлерінің жалақысы мен қызметтік көліктеріне шығындалады екен. Ал содан артылып қалған ақшаны жол, су, аурухана салуға жұмсайды.  Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Елге белгілі қоғамдық ұйымдардың бірі арнайы зерттеу жүргізіпті.  Өңір-өңірдегі ауыл әкімдерінің қазына қаржысын қайда жұмсайтындарын анықтаған. …

Подробнее...

Жыл басынан бері қаржы пирамидаларына 40 мың адам жем болды

Жыл басынан бері елімізде қаржы пирамдасы ретінде жүмыс істеп келген ломбардтардан 40 мыңнан астам адам зардап шеккен. Келген шығын көлемі бірнеше миллиард теңгеден асып жығылады. Алайда басшылары ұсталып, қамауға алынғанымен салған қаржының қайтарылуы екіталай. Десек те аты бөлек болғанымен заты бір қаржы пирамидалары әлі де жұмысын тоқтатпай келеді. Оған алданған қатары күн санап артып келеді. Бірақ сабақ алып жатқан жұртшылық …

Подробнее...

Алимент төлемей, айлығын аз етіп көрсететін «әкелер» бар

Елде алимент төлемейтіндер көбейіп барады. Бас прокуратура жақында есеп жүргізіп, осындай 200  мыңнан астам отандасымыз бар екенін анықтаған. Бір өкініштісі бүгінде әке мен анадан басқа, балалары ата-анасына да қаржылық көмек көрсетпейді. Жақынының алдында қарызы барлар қаржыны қалтасында қалдыру үшін түрлі құйтырқы әрекетке де барады екен. Ал, мемлекеттік органдар алимент төлемейтіндермен күресте жеңіліп келеміз, дейді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. …

Подробнее...

Үстемақы төленсін! Жедел жәрдем дәрігерлері бас көтерді

Медицина қызметкерлеріне деп бөлінген үстемақыны толық ала алмай келеміз. Осындай шағыммен бүгін Семейдегі жедел жәрдемнің бір топ маманы шу шығарды. Олардың айтуынша, республикаға ортақ тариф бекітілген. Бірақ, жергілікті басшылық оны төлемей келеді екен. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Үстемақы толық төленсін! Осындай талаппен жиналған жедел жәрдемнің фельдшерлері мен жүргізушілері бас көтерді. Олар өзге өңірлерге хабарласып төлем құнын сұрапты. Салыстыра …

Подробнее...

Түркістан облысында шаруа қожалықтары субсидиядан қағылды

Түркістан облысында 50-ден астам шаруа қожалығы мемлекеттен берілетін субсидиядан қағылды. Төрт түлікті түрлендіруге арналған қолдау қаражаты электронды түрде жүзеге асырылып, бас-аяғы 2 сағаттың ішінде таусылып қалған. Соның кесірінен малмен күнелткен жұрт өздеріне тиесілі миллиондаған ақшадан қағылған. Ашуға булыққандар енді Мемлекет басшысынан көмек сұрауға мәжбүр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Бес жылдан бері мал шаруашығылығымен айналысатын Ағабек Әбдіров қорасында 500-ден …

Подробнее...

Ресейде пиротехника сататын павильон өртенді

Базардағы пиротехника сататын павильоннан алапат өрт шығып, отшашу болды. Лезде күш алған жалын 4000 шаршы метр аумаққа жайылған. Тілсіз жау таңғы сағат алты жарымда басталыпты. Оқиға орнына жеткен 200-ге жуық маман 66 техника мен 4 автоцистернаның көмегімен лаулаған отты 4 сағатта әрең өшірген. Дереккөздің мәліметінше, ғимарат ішінде павильондар опырылып қираған. Болжам бойынша, өртке жылыну үшін қолданылған пештің ақауы себеп болуы …

Подробнее...

Ақмола облысында 28 жастағы жігіт төрт әйелді пышақтап тастаған

Ақмола облысының Бурабай ауылында 28 жастағы жігіт төрт әйелді пышақтап тастады. Сұмдық оқиға өткен сенбіде елдімекеннің Советская көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған. Жергілікті полицияның мәліметінше, ауыр қылмысты жасаған  күдікті полицейлерге өзі хабарласыпты. Тәртіп сақшылары айтылған мекен жайға жеткенде, ер азамат өзге подъездің алдында отырған. Кейіннен ол қылмысын жасаған үш бөлмелі пәтерді көрсеткен. Оқиға орнында полицейлер 4 әйелдің мүрдесін тапқан. Олардың …

Подробнее...

COVID-19: елдегі эпидахуал

Елімізде өткен тәулікте 712 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Ал, 33 тұрғынға COVID-19 белгілері бар пневмония диагнозы қойылған. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес, қазір тәж вирусынан республика бойынша 14096 адам ем алып жатыр екен. Оның мыңнан астамы бала. Ал, 39 науқас жан сақтау бөлімінде. Сонымен қатар, вирустың ушығуына байланысты СҚО-ның 4 ауылы карантинге жабылды. Бұған дейін шектеу шаралары енгізілген Есіл ауданына …

Подробнее...

БҰҰ: Келер жылы 270 млн адам аштан қырылуы мүмкін

Келер жылы әлем бойынша 270 млн адам аштықтан қырылуы мүмкін. Мұндай қорқынышты мәліметті БҰҰ жанындағы дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының атқарушы директоры Дэвид Бисли айтты. Оның сөзінше, қазірдің өзінде пандемияның кесірінен әлемнің кедей елдерінде тамақ тапшылығы туындап жатыр екен. Ал, ұйымның барлығына бірдей гуманитарлық көмек жіберуіне мүмкіндік жоқ. Бұған дейін, Дэвид Бисли COVID-19-дан келген аштықтың алдын алу үшін 6,8 млрд доллар қажет …

Подробнее...
X