2:30 Тікелей эфир «П@УТINA» бағдарламасы
3:15 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Новости

Жаңаөзенде инкассатор көлігіне шабуыл жасалды

Жаңаөзенде қап-қап ақша тасымалдап келе жатқан инкассатор көлігіне шабуыл жасалды. Қылмыс болған сәт сол маңдағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қаскөйлер көлік кабинасында жалғыз қалған жүргізушіні пышақпен қорқытып, жалпы сомасы 70 млн теіңгеден астам ақшаны алып, қашып кеткен. «Сбербанк» бөлімшесінің маңында жасалған шабуылдан соң, тәртіп сақшылары қалада «Ұстау» операциясын бастап кетті. Аталған банк салымшыларының жиған-тергені орнында ма? Қарақшылар қандай көлікте болған?

Подробнее...

Төрт бала көз жұмған аягөздегі балалар үйінің бүгіні

Балаларды ұрмаймыз-соқпаймыз! Аягөздегі атышулы балалар интернатының директоры осылай дейді. Ұжым көктемде қайтыс болған төрт баланың ажалы туабітті аурудан болды деп есептейді. Және бұл пікірден айнитын ойлары жоқ. Себебі сараптама солай дид. Екі жылдан бері елдің көзіне күйік болған әлеуметтік орталық қазір қандай күйде?

Подробнее...

Тоқалдан тудық па: шағын шаруа қожалықтары субсидиядан құр қалған

Тоқалдан тудық па? Ақтөбеде субсидиядан қағылған фермерлер шу шығарды. Бюджеттен мал азығына деп бөлінген қаражатты ірі қожалықтар ғана алып, қалғанымыз далада қалдық деп отыр. Мемлекеттен бөлінетін қаржыны тамыр-таныстарына бөліп береді дегені қауесет па, әлде рас па? Әкімдікке барып айқай шығарған қожалық басшылары қандай талап қойды?

Подробнее...

Алма бақтар оталып, элиталық тұрғын үй кешені салынбақшы

Алатаудың бөктерінде алма бақтар оталып, оның орнына элиталық тұрғын үй кешені салынғалы жатыр. Көздің жауын алатын жер телімі Медеу ауданына қарасты «Каменское плато» обсерваториясының аумағында орналасқан. Бір қызығы, осы маңды мекендейтін жұрт бұдан бірнеше ай бұрын қызу жұмысқа кіріскен ауыр техниканы күштеп тоқтатқан болатын. Осымен бәрі дұрысталды ғой деп еркін тыныстап жатқанда, арада үш ай өтпестен құрылыс қайта жанданған.

Подробнее...

280 млн теңге жұмсалған су жүйесі іске қосылмаған

Іс бітті, қу кетті! Түркістан облысында миллиондаған қазына қаржысы жұмсалған жоба аяқсыз қалды. Төле би ауданы Алатау ауылында құны 280 миллион теңге тұратын су жүйесі бір жылдан бері іске қосылар емес. Соның салдарынан елдімекеннің көшелеріне тартылған су жаңа құбырлар әр жерінен бір тесіліп, сай-салаға ағып жатыр. Өкініштісі сол, нысан мемлекеттік қабылдауға әлдеқашан өтіп кетіп, ақшасы толықтай игерілген екен.

Подробнее...

Тұрғындар ауыл іргесінен қоқыс өңдейтін зауыттың салынуына қарсы

Ауыл іргесінде қоқыс зауытының салынатынына қарсымыз! Мүңкіген иіске тұншығып, тынысымыз тарылып, әртүрлі ауру жұқтырғымыз келмейді. Осылай деп өре түрегелген Елорда іргесіндегі Жібек жолы ауылының халқы әкімдікке барды. Қоқыс өңдейтін кәсіпорынды не үшін дәл елдімекен жанынан салу керек болды? Бұған қатысы жергілікті атқамінерлер қандай уәж айтты? Нұржан Сәдірбай материалды жалғастырады.

Подробнее...

Әлеуметтік тіс клиникасы ашылды

Талдықорғанда Тұңғыш Президент қорының көмегімен әлеуметтік тіс клиникасы ашылды. Онда тұрмысы төмен және мүгедек жандарға түрлі жеңілдіктер жасалып, қызмет көрсетілмек. Ал мекемеде медициналық колледжді «тіс технигі» мамандығы бойынша тәмамдаған 6 түлек жұмыс істейді екен. Барлығы да есту және сөйлеу қабілеті бұзылған мүгедек жандар. Сондықтан, олардың әлеуметтік жобасы әртүрлі қорлар тарапынан қолдау тауып отыр.

Подробнее...

Құшақтап алды: Мектеп директоры жас мұғалімдерге қырындаған

Бетімнен сүй, беліңнен ұстат! Павлодар облысындағы мектеп директорының басы дауға қалды. Орта білім ордасының жетекшісі жас мұғалімдерге қырындап, олардың әуретті жерлерін сипаған. Дәл осындай шағымын білдірген нәзік жандар бетімен кеткен басшының жазалануын талап етіп отыр. Екібастұздағы келеңсіз жайттың жай-жапсары келесі сюжетте!

Подробнее...

13 қалаға ауыл мәртебесі берілді

Еліміздегі кей шағын қалаларға ауыл мәртебесі беріледі. Ауыл тұрғыны атанатын ондай елді мекен тұрғындары тиісті әлеуметтік қолдау ала алады. Қазіргі уақытта Қазақстанда аудандық маңызы бар 48 қаланың 13-і халық саны бойынша «қала» санатына сәйкес келмейді екен. Себебі, онда тұрғындар саны 10 мыңнан аз. Сенат депутаттары бұл мәселені шешу үшін әкімшілік-аумақтық құрылым бойынша заңнамаға түзетулер әзірледі. Заң жобасын таныстырған сенатор Нұрлан …

Подробнее...

Тараз тұрғыны әлемжелі арқылы 4,5 млн теңгені қалтаға басқан

Оңай олжамен ақша таппақ болған әйел адамның әрекеті әшкереленді. Тараз тұрғыны әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтардың 4,5 млн теңгесін қалтасына басқан. Алаяқ қаржы пирамидасын құрып, салымшылар салған қаражатты 30-дан 60 пайызға дейін арттыратынын айтып уәде берген. Сенім білдірген азаматтардан пайда тапқан соң, ол өз телефон нөмерін өзгертіп, ізін суытқан.

Подробнее...
X