2:30 Тікелей эфир «П@УТINA» бағдарламасы
3:15 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Новости

АҚШ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕРІН ЖАЛҒА АЛАДЫ

АҚШ қазақ жерінің 70 мың шаршы метріне иелік етпек. Алматыда АҚШ консулдығының үй-жайын салу үшін алдағы уақытта 49 жылға жер телімі жалға беріледі. Мәжіліс осы заң жобасын жұмысқа алды. Одан бөлек. Төменгі палата отырысында халық қалаулылары шарықтап кеткен картоп бағасы мен отандық өндірушілердің жұмысын сынға алды.

Подробнее...

АНАДОЛЫДАҒЫ ТРАГЕДИЯ

2025 жыл әлем елдері үшін сәтсіз басталды. Өткен апта жаһан халқы Лос-Анджелестегі орман өртін уайымдаған еді. Бұл жолы Анадолы отқа оранды. Түркияның Карталкая атты танымал шаңғы аймағында қонақ үйлердің бірі өртеніп, ондаған адам тірідей жанып кетті. Өрт құрсауында қалып, шыбын жанын сақтау үшін 12 қабаттан секіріп, мерт болғандар да жетерлік. Арасында біздің отандастарымыз бар ма? Бұл апатқа ел президенті Ердоған …

Подробнее...

АҚЫ ЖЕГЕН ӘКІМДІК

Ақшамызды бер, әкімдік! Астанада бір топ жұмысшы ақ адал еңбегі үшін ақысын ала алмай әлек! Құрылыс басқармасымен келісімге отырған жандар қазір кредитін өтей алмай, қарызға белшесінен батқан. Олардың жалақысын беру үшін компания несие алып амалдап отыр екен. Тығырыққа тірелген мердігерлермен тілшісіз тілдесіп қайтты.

Подробнее...

КИЕЛІ КИІКТІҢ КЕСІРІ

Қызылорда облысында киіктер қаптады. Арал ауданына қарасы Абай мен Сазды ауылдық округтарында жабайы жануар өрістегі шөпті қоймай жатыр. Мал бағып күнелтіп отырған ауыл тұрғындары төрт түлік малын қораға қамап әлек. Шөп-жемі жоқ жандар амалдың жоқтығынан малды далаға жібереміз дейді. Өрістегі шөпті аздық еткен киіктер ауыл ішіне де кіріп жатқан көрінеді. Азық таппаған әлсіздері ауыл маңайында қырылып жатыр екен. Шаруалар жауапты …

Подробнее...

ОҚУШЫ АҚЫЛДЫ ҚОҚЫС ЖӘШІГІН ОЙЛАП ТАПТЫ

Елордалық мектептердің бірінде оқушы ақылды қоқыс жәшігін ойлап тапты. Жаңа құрылғының көмегімен енді урналар қол тигізбей-ақ өзі ашылады. Тек жанына жақындасаңыз жеткілікті. Бұл қоршаған ортаға өз пайдасын тигізіп, адамдарды артық микроб жұқтырудан сақтайды екен.

Подробнее...

700-ГЕ ТАРТА ОҚУШЫ БҮРСЕҢДЕП ОТЫР

Жамбылдық оқушылар сабақта сырт киіммен отырады. Себебі мектептерде жылу жоқ. Сондықтан білімге құштар балалар ұстаз дәрісін діртектеп тыңдауға мәжбүр. Олар үшін білім инемен құдық қазғандай емес, шидеммен отырып жазғандай. Өңірде 11 мектепке газ құбыры тартылған. Бірақ әлі қара отынға күндері қарап отыр. Жылу жүйесіне бөлінген 800 миллионға жуық ақша қайда кетті?

Подробнее...

ЕСКІ КІТАПТАРҒА СҰРАНЫС БАР МА?

Елімізде ескі кітаптарға деген сұраныс артып келеді. Әсіресе кейінгі жастарда өз тарихын, мәдениетін танып білуге деген құлшыныс арта түскен. Бірақ, жазылғанына сан жыл өтсе де өз құндылығын жоғалтпайтын шығармаларды қарапайым кітап дүкендерінен табу қиын бұл күнде. Ал оларды сақтайтын бір ғана орын бар. Ол Букинистік орталықтар. Ең қымбат қазыналар мемлекеттен қолдау көрмейтін, жағдайы жыларман жерде жатыр.

Подробнее...

АҚШАДАН ҚЫСЫЛҒАН АЗАМАТ МҮШЕСІН САТПАҚ БОЛҒАН

Дене мүшесін саудалаймын деп, соттан бір-ақ шықты. 27 жастағы жігіт бүйрегін сататыны туралы әлеуметтік желіге жазыпты. Клиенттер де табыла кеткен. Сатып алатын адаммен уағдаласып, келіскен ақшаның жартысын алып жатқанда құзырлы орган өкілдері үстінен түсті. Сот процесіне қатысып келген тілшіміз баяндайды.

Подробнее...
X