Ту төңірегіндегі тартысқа нүкте қойылды. Елімізде мемлекеттік байрағымызды үйлердің қасбетіне және балкондарға ілуге ресми түрде рұқсат берілді. Бұл республика азаматтарының өздерінің патриоттық сезімін білдіру үшін жасалып отыр. Сондай-ақ, көк байрағымызды ғимараттарға, салтанатты іс-шаралар өтетін орындардың төріне қоюға болады. Үкімет басшысы Асқар Мамин Мемлекеттік ту, Елтаңба және олардың бейнелерін пайдалану туралы қаулыға түзетулер енгізді. Еске салайын, бұған дейін қазақстандықтар «Мен туымды …
Подробнее...Новости
Шошқа фермасының басшысы: Уақыт беріңіздер!
Уақыт беріңіздер! Тұрғындары тынысымызды тарылтты деп шағым айтқан Ақтөбе облысының Бестамақ ауылындағы шошқа фермасының басшысы шешім қабылдауға әкімдіктегілерден уақыт сұрады. Кешеннің жұмысын тексеру үшін құрылған комиссия бүгін жұмыстың қорытындысын жариялаған болатын. Ал облыстық әкімдік кәсіпкерге екі талап қойып еді: кәсіпорынды жабу не бағытын өзгерту. Алайда од сол күйі өзгеріссіз қалған.
Подробнее...Ұлының еміне деген 4 млн теңгесін жоғалтқан азаматқа ақшасы қайтарылды
Қайтқан қаржыда қайыр бар. Полицейлер бақандай 4 млн теңгесін вагонда ұмытып кетіп, жер сипап қалған адамға ақшасын қайтарып берді. Пойыздан Маңғыстау стансасында түсіп қалған ер адам қомақты ақша салынған сөмкесінің жоқ екенін діттеген жеріне жеткен соң бір-ақ байқапты. Іле-шала тәртіп сақшыларына хабарласады. Көліктегі желілік полиция қызметкерлері сол вагондағы жолаушылардың бәріне хабарласып, бөтен сөмкені алып кеткен адамды ақыры тауып алған. Ол …
Подробнее...Соңғы бес жылда 200 мыңға жуық адам шетел асқан
Соңғы бес жылда елімізден 200 мыңға жуық адам шетел асып кеткен. Олардың тең жарымы аяқ-қолы балғадай, еңбекке жарамды 18 бен 37-нің аралығындағы жастар. Жылдан жылға үдеп бара жатқан бұл үрдіс ел экономикасы үшін қауіпті көрінеді. Жаңа туған нәрестені белсенді тұлға етіп қалыптастыруға мемлекет қанша ақша жұмсайды? Неге ел ырыздығы үшін еңбек етіп, сол инвестицияны қайтатар кез келгенде жастар жат елге …
Подробнее...Құран кәрімді 5 млн теңгеден саудалап жатыр
Алланың сөзін сатып, ақша тапқандар. Елімізде Қасиетті Құран Кәрімді саудалап, пайда табатындар көбейген. Ең қымбат Құранның бағасы 5 млн теңгеге дейін жетеді. Оны сатушылардың уәжінше, «құнды жәдігер» болғандықтан немесе «200 жыл бұрын жазылғандықтан» бағасы осындай қымбатқа түседе екен. Бір қызығы, әлеуметтік желіге осындай хабарландыру бергендер өздерінің материалдық жағдайын түзеп алуды көздейтін көрінеді.
Подробнее...Зейнетақы қорының электрондық қызметтеріне сұраныс артты
Биыл Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының электронды қызмет түрлеріне сұраныс едәуір артқан. Жыл басынан бері қор қызметкерлері салымшыларға 16 миллионға жуық қызмет түрін, онлайн түрінде көрсеткен. Осылайша көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда едәуір артып отыр.
Подробнее...Құрылыста қайтыс болған азаматтың отбасына өтемақы төлемеген
Құрылыс басындағы қайғылы жағдай. Алматыда туысынан қапияда көз жазып қалған ағайындары өтемақы төлемеген компания басшылығына ашуланып, наразылықтарын білдірді. Жеті жылға жуық ғұмырын осы мекемеде өткізсе де, біреуінің кешірім сұрап келмегеніне қынжылады.
Подробнее...Жынысымда жұмысың болмасын: елде жаңа заң қабылданды
Елде әйелден еркекке, еркектен әйелге айналғандар көбеймесе болды. Білетіндер, күні кеше жыныс ауыстыруға рұқсат беретін ережені бекіткен денсаулық министрі Цой мырзаның бұл шешімі жақсылыққа апармайды деп топшылап отыр. Неге? Сонда ұсынысқа сұраныс бар ма? Жалпы мұндай ота жасауға отандық медицинаның қауқары жете ме?
Подробнее...Өскемендіктер Тұңғыш Президент күні бірлік мерекесін атап өтті
Кеше ел-жұрт Тұңғыш Президент күнін тойлатқанда, өскемендіктер Бірлік күнін атап өткен. Жергілікті әкімдік тұрғындарды 1-ші мамырмен құттықтап күлкіге қалды.
Подробнее...Шымкентте көлік шұңқырға түсіп кетіп, бір адам мерт болды
Шымкентте жеңіл көлік 7-8 метрлік шұңқырға түсіп кетіп, бір адам мерт болды. Машина салонында отырған тағы бір жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы ауыр дейді дәрігерлер. Бірден жансақтау бөлімшесіне жатқызып, шұғыл медициналық көмек көрсеткен. Ал, темір тұлпар жарамсыз болып қалды.
Подробнее...






