Қызылорда облысындағы кен орнында өрт шығып, үш жұмысшы көз жұмды. Оқыс оқиға Сырдария ауданының аумағындағы «Бектас-Қоңыс» кен орнында болды. Қызыл жалын жұмысшыларға арналған контейнер типті жатақхананың 1200 шаршы метрін тып-типыл еткен. Аумақта 100 контейнердің 48-і өртке оранған. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің 19 қызметкері мен 3 техникасы жұмыс жасады. Жатақханада барлығы отыз жұмысшы болғаны анықталды. Оның 27-сі өрттен 19 шақырым …
Подробнее...Новости
Ақтауда балалар биік ғимарат үстінде хоккей ойнады
Ақтауда балалар құрылысы аяқталмаған нысанның үстінде хоккей ойнады. Олардың өз бастарын қатерге тігіп, биік ғимаратта қамнен қаперсіз асыр салып жүргендерін куәгерлер видеоға түсіріп алған. Оқиға орнына барған ювеналды қызметтің мамандары кәмелетке толмағандардың жеке басын анықтап, полицейлер балалармен және олардың ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіпті. Балалардың ол жаққа қалай шығып кеткені әзірге белгісіз. Тексеру жүріп жатыр.
Подробнее...Бердібек Сапарбаев халыққа есеп берді
Масаншыдағы ұлтаралық қақтығыстан кейін, бірде-бір дүнген ұлты шекара асып, көшкен жоқ. Мұндай мәлімдемені Елордаға халыққа есеп беруге келген Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жасады. Жаппай төбелестен соң, қазір Масаншы ауылында қалыпқа келтіру жұмыстары толығымен аяқталып, бюджеттен 35 млрд теңге бөлініп, 4 мыңнан астам жаңа жұмысы орны құрылған. Жағдай тұрақты екен. Одан бөлек, қандай мәселе айтылды?
Подробнее...Зауыт жұмысшылары: Далада қалғымыз келмейді!
«Далада қалғымыз келмейді!». Мұнайлы өңірдегі зауыттың жұмысшылары жанайқайын жеткізді. Өнімін тек Қазақстан ғана емес, көрші мемлекеттер тұтынып отырған ірі өндіріс ошағына неге тықыр таянды? Дағдарысқа қарамастан 250 қызметкерді жарылқап, жұмыс орнын сақтап, бар жағдайын жасап отырған зауытты өзге өңірге көшіруге не себеп?
Подробнее...Құрылыс компаниясы үкімет қаулысын пысқырмай, құрылысты жалғастыруда
Үкімет басының қаулысын пысқырмайды да. Елорда тұрғындары өз үйлерінің маңынан салынып жатқан құрылыстың заңсыздығын анықтап, тоқтатуды тапсырған Асқар Маминнің талабын құрылыс компаниясы орындамай отыр деп айыптады. Естеріңізге салсақ, жұрт бір жыл бойы құрылысқа қарсылық білдіріп, бірнеше рет наразылық шараларын ұйымдастырған еді. Тек Мәжіліс депутатының сауалынан соң ғана бұл мәселеде сең қозғалды. Алайда, оның өзінде құдайын ұмытқан құрылысшылар жұмысты тоқтатар емес.
Подробнее...Гуманитарлық колледж ұжымы араша сұрады
Нұр-Сұлтандағы жалғыз гуманитарлық колледж жекеменшік басқаруға өтуі мүмкін. Оқу ордасын «Астана» университетінің қарамағына беру көзделіп отыр. Елордадағы педагогтар даярлайтын оқу ордасының қызметкерлері Президенттен араша сұрап, бейнеүндеу жолдады. Карантин уақытында қабылданған шешімді қисынсыз санайтын оқытушылар бір шикіліктің барын сеземіз дейді. Олардың талабы қандай?
Подробнее...«Ең үздік жас отбасыға» жарты млн теңгенің сертификаты берілді
Елордада «Ең үздік жас отбасы» байқауында топ жарған жанұяға жарты миллион теңгенің сертификаты табысталды. «Отбасылық құндылықтарды насихаттайтан бұл шараның биылғы пандемия кезідегі маңызы зор» дейді ұйымдастырушылар. Өйткені, карантин кезінде тұрмыстық қиындықтарға шыдамаған жастар арасында ажырасулар жиілеп кетіпті.
Подробнее...Семейлік келіншек: Дәрігердің кесірінен баламның жүрегі тоқтап қалды!
Гинекологтың кесірінен баламның жүрегі тоқтап қалды. Осындай шағыммен Семей қаласының тұрғыны біздің редакцияға хабарласты. Жүктілік кезінде ауырған ана бірнеше рет дәрігеріне барып шағым айтқан. Алайда маман селқос қарағанға ұқсайды. Ұзақ күткен сәбиін өлі туған әйелді әріптесім тыңдап қайтты.
Подробнее...Қарақат Башанова Junior Eurovision байқауында 2-ші орын алды
Халықаралық Junior Eurovision байқауында еліміздің намысын қорғаған Қарақат Башанова 2-ші орын алды. 12 мемлекеттің дарабозы бақ сынаған конкурста отандасымыздың жұлдызы жанды. Көрермендер мен қазылар алқасының дауыс беруі нәтижесінде Қарақат 152 ұпай жинаған. Миллиондаған көрермен онлайн тамашалаған әннің әуезі өзгелерден ерекше. Қарақат бес жыл бұрын дүниеден озған әкесіне деген сағынышты осы шығармамен жеткізбекші болған.
Подробнее...Талдықорған: Газ жарылған кезде денесі түгел күйген жасөспірім көз жұмды
Талдықорғанда газ баллоны жарылған кезде денесі түгелге жуық күйіп қалған 14 жастағы жасөспірім қайтыс болды. Зардап шеккен өзге екі баланың жағдайы орташа ауыр. Ал, қалалық көпбейінді және облыстық ауруханада жатқан бес адамның халі өте ауыр екен. Бұл туралы аймақ денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Еске салайын, сұмдық оқиға өткен аптада қала іргесінде орналасқан Еркін ауылында болған еді. Жер үйде …
Подробнее...






