Қарағанды облысында 40-қа жуық жолаушысы бар автобус аударылып қалды. Жол апаты салдарынан түрлі дене жарақатын алған 65 жастағы әйел шұғыл ауруханаға жеткізілген.
Подробнее...Новости
100-ге жуық көлік қар құрсауында қалды
Жамбыл облысында ауа райының қолайсыздығынан бір сәтте 100-ге жуық көлік қар құрсауында қалды. Республикалық маңызы бар «Алматы-Термез-Ташкент» автожолында төтеншеліктер ақ ұлпаға көміліп қалған темір тұлпарларды сүйреп алып шыққан. Нәтижесінде 51 адам, оның ішінде 12 бала құтқарылды.
Подробнее...Шымкентте қазақ көз ауруларын емдеу орталығы көзге тегін ота жасайды
Шымкентте Қазақ көз ауруларын емдеу орталығы бір ай бойы тегін емдемек. Бұл игі іс Дүниежүзілік мүгедектер күніне орай қолға алынып отыр. Орталық мамандары көзі дұрыс көрмейтін азаматтарды желтоқсанның 1-і мен 31-і жұлдызы аралығында ем алуға шақырады. Бұл акция аясында кімдерге тегін көмек көрсетіледі?
Подробнее...10 сотық жер алып, үй салғандар су мен газдан тарығып отыр
Айдалада ақ отау, суы, газы жоқ отау. Ақтөбе облысында арман болған 10 сотық жерді алып, баспанасын салып алған тұрғындар өркениеттен жұрдай елді мекенде тұрып жатыр. Шенділерге айтқан шағымнан нәтиже болмаған олар әкім-қараларды қақаған суық үйде тұрың көріңдер деп үйлеріне шақырды.
Подробнее...Тұңғыш президент күні
Ертең – Тұңғыш Президент күні! Осы мереке қарсаңында еліміздің әр өңірінде саланатты іс-шаралар өтуде. Мәселен, Ақтөбеде пандемиямен күресте мұқтаж жандарға қолдау көрсеткен жомарт жандарды марапаттаса, Алматыда ең дарынды жастар құнды сыйлықтарға ие болды. Өңірлерде өткен мерекелік шаралар жайлы тілшіміз баяндайды.
Подробнее...Пәтер кімге бұйырады?
Бас қаладан баспананы небәрі 5 мыңға жалдауға болатынын білесіз бе? Әрине, үй ақысы аспандаған астана үшін ертегідей естілуі мүмкін. Бірақ, сатып алу құқығынсыз пәтерді жалға беру бағдарламасы бойыша жұмыс істейтін жастарға осындай мүмкіндік ұсынылып отыр. Алайда, пәтер саны шектеулі, ал құжаттарды тапсыру ертеңнен басталады екен. Сонда баспана кімге бұйырады? Оған қандай шарттарды орындау қажет?
Подробнее...Елорда іргесіндегі ауыл су мен жарыққа зәру
Астанамызға жақын тұрсақ та, су, жарық, жол жоқ. Елорда іргесіндегі Қараөткел ауылының тұрғындары осылай деп, арнамыздан көмек сұрады. Бас қаладан небәрі 15 шақырым жерде өмір сүріп жатқандар 10 жылдан бері инфрқұрылымның жоқтығынан қиналап жүрміз дейді. Ауыл халқы осы мәселесін тиісті органдарға жеткізу үшін тілшімізбен жүздесті.
Подробнее...Мұз жарылып, екі бала суға батып кетті
Жамбыл облысында екі бала мұз қатқан арықтағы суға батып кетті. Жеткіншектердің салмағына шыдас бермеген 10 сантимертерлік мұз жарылып кеткен. Марқұм болған балалардың бірі- 6, ал екіншісі — 9 жаста болған екен. Оқиға орнына келген құтқарушылар тереңдігі 3 метрлік арықтан олардың жансыз денесін алып шыққан. Бұл қайғылы жағдайға кім кінәлі? Екі бала да бір үйдің перзенті ме?
Подробнее...Елордадағы сауда орталықтары сенбі күні жұмыс істейді
Елордадағы сауда-ойын сауық орталықтары сенбі күні де жұмыс істейді. Бас қала тұрғындарына сағат 9.00-ден кешкі 20.00-ге дейін есіктерін айқара ашады. Бас санитардың қаулысына сәйкес, бүгін елордадағы нысандарда арнайы рейд жүргізілді. Тексеру барысында Нұр-Сұлтан қаласының сауда-ойын сауық орталықтары барлық сантитарлық талаптарға сай екені анықталды. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. АРМАН ҚҰРБАНОВ, ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ САНИТАРЛЫҚ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Егер белгілі …
Подробнее...Қақаған аязда баласын трамвай аялдамасында қалдырған әйел ұсталды
https://youtu.be/n5EBWFuM96k Қақаған аязда баласын далаға тастап, қашып кеткен келіншек ұсталды. Безбүйрек ананың жаға ұстатарлық әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. 33 жастағы әйел бір жасар ұлын Павлодар автовокзалы маңындағы аялдамаға қалдырып кеткен. Мұны көрген куәгерлер бірден полицияға хабарлапты. Жедел-іздестіру шараларына кіріскен учаскелік инспекторлар екі сағаттың ішінде көкек ананы және оларды Семейден Павлодарға жеткізген такси жүргізушісін де анықтап, ұстады. Ал нәресте дін-аман. …
Подробнее...






