14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Новости

3 айдан бері шекарадан өте алмай тұрмыз!

3 айдан бері шекарадан өте алмай тұрмыз! Арнамызға хабарласқан жүк көлігінің жүргізушілері осындай шағымдарын жеткізді. Азаматтардың айтуынша, Алматы облысындағы бір ғана «Нұр Жолы» бекетінде 7 мың жүк көлігі қаңтарылып тұр. Олар пандемия салдарынан Қытайға тауарға шыға алмай отыр екен. Өткізу бекетінде еріксіз аялдап тұрған жүргізушілердің бүгінде ақшасы таусылып, жанар-жағармайлары мен ішер астары да біткен. Мәселен, мына видеода қайда барарын білмей …

Подробнее...

Әйгілі футболшы Диего Марадона көз жұмды

Футбол сүйер қауым аңызынан айырылды. Аргентинада атақты аяқдоп шебері Диего Марадона көз жұмды. 60 жастағы спортшы өз үйінде жан тапсырған. Бұған дейін ол миына ота жасатып, оңалту кезеңінен өтіп жатқаны хабарланған еді. Миллиондардың сүйікті ойыншысы болған әйгілі Марадона нақты неден көз жұмды? Әлем жұрты оны қалай еске алып жатыр? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Футбол сүйер қауымның Диего десе, …

Подробнее...

Үйге ақша салған үлескерлер құрылыс компаниясының кеңсесін таппай жүр

Құрылыс компанияның офисін таппай жүрміз! Көпқабатты үйден баспана аламыз деген үмітпен ақша салып, пәтерлеріне қол жеткізе алмай жүрген бір топ елорда тұрғыны біздің арнаға шағымданды. Азаматтар өздеріне тиесілі жылжымайтын мүлікті екі жыл бұрын алулары керек екен. Бірақ, содан бері еш өзгеріс жоқ дейді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. «Өздеріңіз байқап тұрғандай үйдің тек қаңқасы салынған. Құрылыс материалдары айналада шашылып …

Подробнее...

Сүт өңдеу зауыты іске қосылды

Петропавлда «Eurasian Milk» сүт өңдеу зауыты іске қосылды.  Жылына  елу мың литрден астам шикізат өңдеуді жоспарлап  отырған  кәсіпорынға жаңа қондырғылар орнатылып,  шетелден кәсіби  мамандар шақырылды.  Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Цехтардарағы су жаңа қондырғылар  күнмен шағылысып, шикізат өңдеуге дайын тұрса да , тетіктерді бұрып көріп,  бір тексермесе болмайды дейді мамандар.   Қымбат дүниені сатып алуға 12 миллион доллар қаржы жұмсалыпты. …

Подробнее...

Су ми, байғұстар! Мұғалімдерді тілдеген ата-анаға айыппұл салынды!

Су ми, байғұстар! Ақтөбеде оқушының анасы мектеп мұғалімдерінің ар-намысына тиетін ауыр сөздер айтқан. Сондай — ақ келіншек бүтін бір мектептің бес бірдей ұстазына талап қойып, қорқытыпты. Жергілікті тұрғын педагогтарды неге тілдеген? Сөз естіген ұстаздардың өздері не дейді? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Оқушының анасынан балағат естіген 5 мұғалімнің бірі – Мерейбек Ідіріс. М.Арын атындағы орта мектепте физика мен математикадан …

Подробнее...

Әскери киім саудасына тыйым салына ма?

Енді әскери киім кигеніңіз үшін айыппұл арқалауыңыз әбден мүмкін. Тіпті, қазірдің өзінде бұл бастама көтеріліп, рейдтер де ұйымдастырылуда. Бірақ, қимыл-қозғалысқа ыңғайлы деген көпшілік ең алдымен сатылымға шығаруды тоқтату керек деп наразылықтарын білдіруде. Өйткені, қара базарда кім-көрінген пұлын төлеп пайдалана береді екен. Мемлекеттік қызметкерлерге арналған форманы не себепті тұрғындардың тұтынуына тосқауыл қойылғанын тілшіміз біліп келді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. …

Подробнее...

Жәрдемақы тағайындалды: алаяқтар мүгедектердің қалтасын қағуға шықты

Сақ болыңыз! Елімізде алаяқтар халықтың ақшасын ұрлаудың  жаңа әдісін ойлап тапты. Ең сорақысы, бұл жолы қаскөйлер мүгедек жандарға, тіпті туысқандарына хабарласып, президенттің жаңа бір реттік жәрдемақысы тағайындалғанын айтып алдауда. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Елімізде алаяқтықтың жаңа әдісі  пайда болды. Бұл жолы қаскөйлердің назары мүгедегтікі бар адамадарға түскен. Олар алдымен банкте берешегі бар мүмкіндігі шектеулі жандарды зерттеп, ақпарат жинап …

Подробнее...

Дәмханадағы жарылыстан зардап шеккендердің тағы біреуі көз жұмды

Елордалық дәмханадағы жойқын жарылыста зардап шеккендердің тағы біреуі көз жұмды. Нұр-Сұлтан әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, газ баллон атылысынан оның ми және жұлыны қатты зақымданған. Өте ауыр жағдайда түскен науқасты №2 көпсалалы қалалық аурухана мен Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері бақылапты. Алайда ақ халаттылар қанша тырысқанымен, ол бүгін мерт болды. Басқармадағылар жансақтау бөлімінде жарылыстан зардап шеккен тағы екі адам жатыр, дейді. …

Подробнее...

Кәріз құдығынан табылған мәйіттің кім екені анықталды

Шымкентте канализациялық құдықтан табылған мәйіттің тұлғасы анықталды. Жаңалықтар қызметінің ақпаратынан кейін Ресейлік Алина есімді бойжеткен біздің арнаға хабарласып, марқұмның туған анасы екенін айтты. Оның сөзінше, кезінде шешесі Ресейден Қазақстанға депортацияланып, Шымкентте тұрып жатқан екен. Соңғы 1,5 жыл бойы хабарсыз кеткен.

Подробнее...

Ерлі-зайыпты қарияларды ұрып өлтірген қаскөй 25 жылға сотталды

Көкшетауда қарияларды асқан қатыгездікпен ұрып өлтіріп, үйлерін тонап кеткен қаскөйге сот үкімі шықты. Ол бес бірдей бап бойынша айыпты деп танылып, 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Жәбірленуші тараптың пайдасына сотталушыдан 20 миллион теңге мөлшерінде келтірілген моральдық шығын өндірілген.

Подробнее...
X