Ұлымды алып кеткен көлік табылды, ал қылмыскер қайда?! Ақтөбелік Райхан Есенаманова ұлының өліміне қатысы бар күдіктінің үш жылдан бері табылмағанына наразы. Жұмбақ жағдайда жоғалып кетіп, артынан денесі табылған кәсіпкер жігіттің ісі әлі күнге неге ашылмай отыр? Марқұмның анасы айтқан қымбат көліктің тізгініндегі дөкей кім болды?
Подробнее...Новости
Жылы аялдамалар неге жабық тұр?
Жазда не жайлылығын, қыс түскенде не қызығын көрмедік. Осылайша мұңын шаққан талдықорғандықтар қыруар қаржы бөліп орнатқан смарт аялдамалар тұрып тозатын болды, — дейді. Өйткені, карантинге байланысты көктемде жабылған нысан күн суытқалы да ашылмаған. Әсіресе, мектепке барып жүрген оқушылар үшін қиын. Смарт аялдама бола тұра, жанында дірдек қағып, тоңып тұратындарын айтады.
Подробнее...Мемлекеттік сатып алудағы майшелпек
68 мың теңгелік маска, он мыңның антисептигі. Мемлекеттік сатып алу сайтындағы қисынсыз цифрлар ашық ақпарат көздерінде қызу талқыланып жатыр. Қыстың қамын күйттеген шенеуніктер тіпті келер жылғы көліктерін де сайлап қойған. Оған бөлінген ақша да анау-мынау емес, 200 миллионның ар-жақ бер-жағы. Қоғам белсенділері мемлекеттік сатып алу сайтындағы ақпаратты әрбір қазақстандық игере білуі керек деп есептейді. Халық өз ақшасының қайда жұмсалып жатқанын …
Подробнее...Ядролық қару – әлем қасіреті
Қазақ даласына үлкен қасірет әкелген – Семей полигонының жабылғанына 30 жылға жуықтады. Бірақ, сынақтар тоқтаса да, зардабын адамзат осы уақытқа дейін тартып келеді. Кейбір дереккөздерге сенсек, ядролық сынақ аумағында тұрған 1,5 млн азамат полигонның қасіретін көрген. Ауаға тараған радиоктивті жауын 304 мың шаршы шақырымға жайылған. Ал, Семей экологиялық апат аймағына айналды. Бірақ, тәуелсіздік алысымен елдің бірінші мақсаты ядролық қарудан бас …
Подробнее...«Nur Otan» партиясының XX съезі
3 триллион теңге. Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы мен жәрдемақы туралы мәлімдеме жасады. Мұқтаж жандарды қолдауға көп көңіл бөлінбек. Бүгін «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті. Мемлекет басшысы осы жиында дәрігерлердің жалақысы екі есе өсетінін, студенттердің, магистрлар мен докторанттардың шәкіртақысы да ұлғаятынын сүйіншілей жеткізді. Еліміздегі ірі партия бүгін Мәжіліс депутаттығына үміткерлерді бекітіп, тізімін жариялады.
Подробнее...6 жылдан бері ұйқы жоқ: сап-сау бойжеткен төсекке таңылды
«6 жылдан бері ұйқы жоқ». Достарына демеу, анасына қолдау, қатарластарының алды болған елордалық Дариға болашағынан үлкен үміт күттірген еді. Бос уақытында ерікті болып, мұқтаж жандарға үнемі қол ұшын созып жүрген. Алайда жомарттығымен талайдың жүрегін елжіреткен Дариғаның өзі қазір көмекке зәру. Алты жыл бұрын ұйқы безінің қабынуымен ауруханаға түскен ол әп-сәтте төсекке таңылып, әлі күнге дейін тек батыр анасының арқасында ғана …
Подробнее...Өзінен жасы кіші қызға ғашық болған 17 жасар жігіт 3 жылға сотталды
https://youtu.be/udy_D9BDdqQ Ақтөбеде ойнап жүріп, от басқан студентке үкім шықты. Өзінен екі жас кіші қызға ғашық болған 17 жастағы жігіт 3 жылға сотталып кетті. Нұрасхан Тынымжанов үкімді онлайн тыңдады. Ал процеске жігіттің анасы, 15 жастағы сүйіктісі мен қыздың анасы келді. Полицияға шағым түсіріп, сараптама жасатқан да қыздың анасы болатын. Кейін студент жігітке «16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де …
Подробнее...Үкімет Aзия даму банкінен 1,5 млрд еуроны қарызға алмақшы
Үкімет Азия даму банкінен 1,5 млрд еуро қарыз алмақ. Бұл қаржы пандемияның салдарымен күресуге және ел экономикасын қалпына келтіруге жұмсалады. Мәжілістің жалпы отырысына қатысқан Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың сөзінше, шетелдік банкпен жасалған келісімшартқа сәйкес, елімізге қарыз екі бөлікпен келмек. Әуелі 908 млн 596 мың еуро, кейін 661 млн 800 мың еуро көлемінде қаржылай көмек беріледі. Дегенмен, алмақтың салмағы да бар. …
Подробнее...Еліміздегі ауасы ең лас 10 қала
Еліміздегі ауасы ең лас 10 қала белгілі болды. Үкіметтің бүгінгі отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі қалдықтардың талапқа сай жойылмауы, ауа мен судың ластануы экологиялық жағдайдың нашарлауына әкелгенін жеткізді. Мағзұм Мырзағалиевтің дерегінше бұл мәселе арнайы мониторинг барысында белгілі болған. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. МАҒЗҰМ МЫРЗАҒАЛИЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ «2019 жылдың қорытындысы бойынша атмосфералық ауаның …
Подробнее...ШҚО-да мекеменің 161 қызметкері соңғы 6 ай бойы жалақы алмаған
Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданындағы «Тұрғысын» гидроэлектр станциясының бір топ жұмысшысы шу шығарды. Өңірдегі жарық мәселесін толықтай шешеді делінген нысанның 161 қызметшісі соңғы 6 айда жалақы алмаған. Қарызға белшесінен батқандардың баспаған жері, бармаған тауы, көмек сұрап хат жазбаған органы қалмапты. Дегенмен бұл жағдайды облыс басшылығы мен арнайы еңбек инспекциясы бақылауға алған соң ғана бүгіннен бастап жұмысшылардың еңбекақы қарызы беріле бастаған. Бұл …
Подробнее...






