https://youtu.be/vE2qEf8iUnY Адам өмірін сақтап қалуға асыққанымыз үшін жазықтымыз. Алматыдағы жедел жәрдем көліктерінің жүргізушілері «Сергек» камераларына түсіп, айыппұлдарын өздері төлейтіндіктеріне наразы. Мемлекеттік көлікті айдап, қара жолда әрбір секундтың қымбат екенін жақсы білетін олар тыным таппаған тіршілігіміздің рақметі осы ма деп қапалануда. Ұзын-сонар кептелісті басып өтіп, бірнеше минуттың ішінде дереу көмек көрсетуге асыққандардың мәселесімен тілшіміз танысып қайтты.
Подробнее...Новости
Биыл ана өлімі көбейіп кетті
Биыл елімізде аналар өлімі көбейіп кеткен. Мысалы, Ақтөбе облысында бұл көрсеткіш 13 есе, Қызылорда өңірінде 9 есе, ал Шымкентте 7 есе артты. Марқұм болғандардың арасында жүкті келіншектер де бар. Ал жағдайы ауыр келіншектерге көмектесу үшін «Ахуалдық акушерлік орталығы» құрылып, жұмыс істеуде. Жағымсыз статистиканың артуына не себеп? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Елімізде өткен жылға қарағанда ана өлімі көбейген. Мұның негізгі …
Подробнее...Бейіт «бизнеске» айналған ба?
Ақтөбеде бейіттің дауы басылмай тұр. Осыдан үш жыл бұрын қала маңындағы зираттар сенімгерлік басқаруға берілген болатын. Уақытша жалға алған жеке компания жерлеу үшін «әкесінің құнын сұрады» деп өре түргелді. Араға үш жыл салып, қорым мәселесі тағы көтерілді. Халықтың бұл жолғы базынасы қандай? Қоғамдық кеңестің бастамасын әкімдік қолдай ма? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. 2017 жылы әкімдік қала аумағындағы 50 қорымды жеке …
Подробнее...Жұрт ақша жинап, үй алып берген отбасының қатігездігі елді шошытты
Таразда үйі өртеніп, кейін қайырымды жандардың көмегімен жаңа баспанаға көшкен отбасының қатыгездігі жұртты шошытты. Олар ескі үйінің ауласында екі итті шынжырынан босатпай, аш күйінде қалдырып кеткен. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. «Ой ужас, смотрите, бедная собака! Моя ты хорошая! Моя ты солнышко!». Төбеттердің әлсірегені соншалық олардың үруге де қауқарсыз күйінде табылды. Құр сүлдері қалған жануарларды еріктілер бірден қаңғыбас жануарларға …
Подробнее...Мұз құрсауында қалған аққулар құтқарылды
Мұз құрсауында қалған жабайы аққулар құтқарылды. Оқиға Батыс Қазақстан облысына қарасты Жәнібек ауылында болған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, құстар таңғы уақытта мұзға жабысып, қатып қалған екен. Олар мұзды ойып, аққуларға көмектеспек болғандарымен, судан шығара алмапты. Оқиға орнына келген төтенше жағдай қызметінің мамандары қанаттыларды аман алып қалды. Қазір аққулар жергілікті тұрғынның қорасында екен. Енді оларды көктемге дейін жылы орынға орналастыру мәселесі шешілетін …
Подробнее...Алматыда синтетикалық есірткі өндіріп келген зертхана әшкереленді
Алматыда тағы бір есірткі зертханасы әшкереленді. Ол жерде бірнеше айдан бері үш адам синтетикалық есірткіні өндіріп келіпті. Олардың жолын кесу үшін полицейлер ізіне түсіп, барлығын қылмыс үстінде қолға түсірген. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Есірткі сатумен айналысқандарды қолға түсіру үшін полицейлер қаланың қақ ортасында арнайы оперция ұйымдастырған. Шара барысында екі күдікті ұсталып, тексеру барысында оның бірінен есірткі тектес зат …
Подробнее...Түрмедегі әйелдердің жартысы өзін қорғаймын деп күйеуін өлтіріп алғандар
Еліміздің түрмелерінде жазасын өтеп жатқан әйелдердің тең жартысы күйеуін өлтіргені үшін сотталған. Олар мұндай қылмысқа отбасылық жанжал кезінде өзін-өзі қорғаймын деп абайсыздан барады екен. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түбінде не жатыр? Неліктен әйелдер жанжал кезінде полицейлерді шақырғанымен, арыз жазуға асықпайды? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Тек елордалық полиция департаментіне көмек сұраған әйелдерден күніне 30-40 шақты қоңырау түседі екен. Жанжалдың дені кешқұрым, …
Подробнее...ШҚО вирус ошағына айналды
Елімізде коронавирус жұқтырғандар күн сайын көбейіп келеді. Өткен тәуліктің өзінде 762 адамнан Covid анықталды. Әсіресе, Шығыс Қазақстан облысындағы жағдай алағдатарлық. Мұнда 252 адам індет жұқтырған. Осыған орай карантиндік шаралар әзірге бұл аймақта жеңілдемейді. Алайда жағдайдың сәт сайын ушығып жатқанына қарамастан, тұрғындар әлі күнге бейқам. Санитарлық талаптарға бей-жай қарап жүр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Вирустың екінші толқыны белең алғалы …
Подробнее...Шенеуніктер жарамсыз ИВЛ аппараттарын сатып алған
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басы дауға қалды. Бейбіт Атамқұлов басқаратын ведомство мемлекет қаржысына істемейтін, ақауы бар 600-ден артық «ИВЛ» аппараттарын сатып алыпты. Сөйтіп, оны өңірлерге жібергенде, жарамсыз екені анықталған. Коронавирусқа шалдыққандарды ажалдан арашалайтын құрылғылар төңірегіндегі дау-дамайды сенаторлар әшкереледі. Бір данасының құны бірнеше миллион теңге тұратын өкпені жасанды желдететін құрылғылар қалайша жарамсыз болып шықты? Жауапты ведомство не деді? Бұл туралы Еуразия бірінші …
Подробнее...Елдің есін шығарған «елес»
Елдің есін шығарған елес, Ханкөл ауылынан емес екен. Бірнеше күннен бері айналаны торуылдап, 14 шақырым жолды тексерген батысқазақстандық полицейлер ақыры осындай шешімге келіпті. Мән-жайды зерттей келе, видеоның Ресейде түсірілгенін анықтаған. Сонда жергілікті тұрғындар неден шошынып жүр? Ал орынсыз әзілді таратқан кім? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Батыстағы шағын ауылды әп-сәтте танымал қылған видео осы. Алыпқашқа әңгімеге құлақ түрсек, қыз …
Подробнее...






