9:25 Тікелей эфир «ПРОУЮТ»
10:25 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»

Новости

Қазақстандықтар кітап оқудан артта қалды

Қазақстандық оқушылардың сауаты Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі қатарластарынан төмен. Тіпті, едәуір артты қалып қойыпты. Бұл халықаралық зерттеудің нәтижесі туралы Білім және ғылым министрі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. Ересектеріміздің де оңып тұрғаны шамалы. Бұған не себеп? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Зерттеу нәтижесі бойынша бірер елдің соңында шаң жұтып қалыппыз. Сіз бен біз кітап оқудан қалып …

Подробнее...

Сасық иістен шаршаған халық: Шошқа фермасы жабылсын!

Шошқа фермасы жабылсын! Ақтөбедегі Бестамақ ауылының тұрғындары билікке талап қойды. Әйтпесе таза ауа мен өзен-көлден жұрдай, дімкәс ұрпақ жайлаған аймаққа айналамыз дейді. Ауыл халқы неге дүрлікті? Бүтін бір ауылды екі иіннен әрең демалдырып қойғанына кәсіпорынның басшылығы не дейді? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. «Осымен демаламыз, міне мынау ішек-қарындары. Басы-аяғы, бәрі осы жерде…» Жұртты елең-алаң қылған видео Алға ауданы Бестамақ …

Подробнее...

Мембағдарламамен алған үйдің құбырлары жарылып, су кетіп жатыр

«Іс бітті, қу кетті». Шымкентте мемлекеттік бағдарламамен салынған тұрғын үй жыл өтпей жатып-ақ сыр бере бастады. «Тұран» шағын ауданындағы тоғыз қабатты баспананың құбырлары әр жерінен бір тесіліп, су кетіп жатыр. Пластикалық құбырдан сыздап аққан су төмендегі пәтерлер мен подъезді бүлдіруде. Соның кесірінен, мердігер құбырларды қайта алмастыруға мәжбүр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. «Су негізі жердің астынан полдан осылай келген. Осы жерде труба …

Подробнее...

Пойызда жабайы сауда жасатып қойғандар жазаланды

Шығыста коронавирус өршіп тұрғанда «Нұр-Сұлтан-Семей» бағытындағы жолаушылар пойызында жабайы сауда жасатып қойғандар жазаланды. Бұл жайлы Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов хабарлады. Оның сөзінше, осындай олқылыққа жол берген пойыз басшысы мен жолсеріктің әрқайсына 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынған. Ал, ПТР-тест анықтамасыз әрі бетпердесіз жүрген саудагер әйел 27 мың теңге айыппұл арқалапты. Естеріңізге салсақ, кеше «Семей-Нұр-Сұлтан» бағытындағы пойызда жолаушының …

Подробнее...

Педофилдер түрмеден мерзімінен бұрын шықпайды

Педофилдер бұдан былай жазаларын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде өтейтін болады. Рақымшылыққа іленбейді және өмір бойы лауазымды қызметке тағайындалмайды. Бұл туралы Мәжілісітің жалпы отырысында заңға енгізілетін өзгеріс мен толықтыруларды таныстырған Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы айтты. Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық жасағандардың жазасы қатаңдатылады.

Подробнее...

Тоңазытқышта көз жұмған сәбидің денесі ауыстырылған болуы мүмкін

Атыраудағы перинаталдық орталықтың тоңазытқышында көз жұмған сәби өлімі бойынша айыпталушының адвокаты күтпеген мәлімдеме жасады. Қорғаушы Аслан Жолболовтың айтуынша, шақалақтың денесі ауыстырылған болуы мүмкін. Ол мәйітті тексерген Қарағанды облысы бойынша сот сараптамалары институтының комиссиялық сараптама қорытындысында былық көп екенін жеткізді. Жолболовтың сөзінше, сәбидің денесі 2019 жылдың 30 қыркүйегінде Батыс Қазақстан облысына экспертизаға жөнелтілген. Дәл сол күні Жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері мәйітті …

Подробнее...

Таразда бір әйелді өлтіріп, екіншісін ауыр жаралаған ер адам ұсталды

Таразда бір әйелді өлтіріп, екіншісін ауыр жаралап кеткен күдікті ұсталды. 42 жастағы ер адам үйіне келген кезде пышақ жарақатын алған анасы мен жұбайын көріп, бірден полиция мен жедел жәрдем шақыртыпты. Оқиға орнына келген дәрігерлер келіншектің көз жұмғанын анықтаған, ал көмекке жүгінген азаматтың анасы облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Ұсталған қаскөй кінәсін мойындаған. Ол бұрын кісі өлтіріп, зорлағаны үшін сотты болған …

Подробнее...

Халыққа ақырған дәрігер кешірім сұрады

Алматы облысында халыққа ақырып, үстелді тоқпақтаған Талғар аудандық орталық ауруханасының бас дәрігер халықтан кешірім сұрады. Оның айтуынша, тұрғындар жеке басына тиісе бастаған соң эмоциясын ұсмтай алмай, шектен шығып кетіпті. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы оның әрекетіне байланысты тексеру басталғанын жеткізді.

Подробнее...

Ауыл студенттері онлайн оқу үшін қаладан пәтер жалдауға мәжбүр

Шығыс Қазақстандағы Ресеймен шекаралас жатқан Қоянбай ауылының студенттері онлайн оқу үшін қаладан баспана жалдауға мәжбүр. Себебі, шалғайдағы елді мекенде интернет тұрмақ , ұялы байланыс желісі де жоқ. Қоянбайлықтар қаладағы балаларының жалдамалы пәтерлерін төлейміз деп әбден шығынға батыпты. Ал бұл мәселеге жүрдім-бардым қарап жүрген жергілікті биліктіге атқамінерлер тіпті шекаралық аймақтағы ауылға ат ізін салуды да қойған екен.

Подробнее...

Бозжыра шатқалы төңірегіндегі дау

Бозжыра дауына президенттің өзі араласты. Таза, тұнық табиғат аясына тиісіп, құрылыс жұмыстарын бастамас бұрын, бұл жобаны қайта қарау керек деді. Қоршаған ортаны қорғаушылар да, қоғам белсенділері де қонақ үй туралы әңгіменің шеті шыққалы шырылдап жатыр. Жергілікті шенеуніктердің айтуынша, салынатын нысан «жасыл» технология талаптарына толықтай сай келеді. Бірақ, эколог мамандар адам аяғы басқан жерге шөп шықпайтынын айтып, апаттың алдын алу керек …

Подробнее...
X