10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Новости

ТӘУЕЛСІЗДІК БӘРІНЕН ҚЫМБАТ

Қарап тұрсаң, 33 жыл – бір буын алмасатын уақыт. Заманауи үрдіспен, жаңа технологиялар көшімен құндылықтардың өзгергені ақиқат. Дегенмен, өзгермейтін жалғыз құндылық бар, ол – тәуелсіздік! Соның арқасында дербес ел болып, еңсемізді тіктедік. Ел аумағын айқындап, шекарамызды шегендедік. Алтын арқауы үзіліп қала жаздаған елдік дәстүрді қайта жалғап, оны да берік орнықтырып алдық. Әр сала өз сүрлеуіне түсті. Басымдық берілген бағыттардың бірі …

Подробнее...

ЖАСТАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ МҮМКІНДІК МОЛ

Дарынды жастардың бәрі шекара асып кетіп жатқан жоқ. Керісінше, шетелде алған білімін, тәжірбиесін еліміздің даму жолында сарп етіп, қызмет істеп жүргендері жетерлік. Оның бір дәлелі 2019 жылдан бастап қолға алынған президенттік жастар кадр резерві жобасы. 400 жастың 150-ге жуығы түрлі бағдарламамен шетелде білім алса да, қазір елге оралып қызметтерін жалғастырып жүр. Бұл басшылық құрамның жаңа буыны.

Подробнее...

ШЕКАРАНЫ ИТ ТЕ КҮЗЕТЕДІ

Сөз жоқ, мемлекеттік рәміздер – республиканың негізгі айшығы. Ал оның байлығы – адам. Ата заңда солай делінген. Бірақ, ойланып қарасақ, демелитаризацияланған, яғни шегенделген шекарасыз дербестік туралы айту – әбестік. Сондықтан да, егемен елдің ережесінде шекараның алар орны ерекше. Ал оны күзету – абыройлы міндет.

Подробнее...

ҚАЛАДА ҚОҚЫСҚА ТАЛАСЫП ЖАТЫР

Талдықорғанда тұрмыстық қалдыққа таласып жатыр. Білдей бір шаһардың қоқысын шығаруды «Жаңа сана» компаниясы жалғыз өзі мойнына алыпты. Өткен жылы тендер ұтқанымен, жұмысын уақытында бастамаған көрінеді. Ол аз болғандай, көрсетілмеген қызметке түбіртектер жіберілген. Ал бұрынғы қоқыс шығарушы мекемелер болса, «құқығымызды шектеп отыр» деп шу шығарып жатыр.

Подробнее...

ҚАНДАЙ КӨКӨНІС ЖЕП ЖҮРМІЗ?

Ақтөбенің халқы қандай картоп жеп жүр? Бұған дейін шаһар тұрғындары тұрақтандыру қорындағы көкөністің сапасына біраз сын айтқан еді. Әсіресе, қоймадан шығып, дүкен сөресіне жеткенше шіріп кететін өнімге қатысты шағымдар да аз болмады. Бүгін жауаптылар журналистерді қоймаға ертіп барып, шаруа қожалықтарынан биыл сатып алған көкөністің сапасын көрсетті.

Подробнее...

ГЛАУКОМА ЗАҒИПТЫҚҚА ӘКЕЛЕДІ

Глаукоманың соңы – зағиптыққа әкеледі. Еліміздің офтальмологтары осылай деп дабыл қағуда. Өйткені, соңғы кезде көз қысымы жоғарлап, глаукома диагнозы артып бара жатыр дейді. Қазірдің өзінде 70 мыңнан аса адам тіркеуде тұр. Көз ауруынан құлан таза айықпаса да, жанарының көру қабілетін сақтап қалуға болады дейді. Алматыда неміс ғалымдарымен меморандумға отырған дәрігерлер енді тас соқырлықтың алдын алар жобаларын талқылады.

Подробнее...
X