18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Новости

Пандемия кезінде жұмыс ауыстырудың қиындығы

Екі қолға бір күрек тауып беріңдерші! Электронды еңбек биржасына жұмыс іздеп кіріп, түйіндеме тастағандардың саны 120 мыңнан асқан. Жұмыспен қамту орталықтарының да табалдырығын тоздырып жүргендердің саны қаншама. Иә, пандемия кезеңі көптеген қызмет түрлерінің тірлігіне тұсау салып, кейбір кәсіп көздері тіптен жабылып қалды. Осы бір кезеңде жұмыс ауыстырудың артықшылығы мен кемшілігі қандай? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Әйгерім Шакиева өнер …

Подробнее...

Ала тақтаны алданыш еткен зағип жан

Көкірек көзі қос жанарын жоқтатпайды. Алматы облысына қарасты Алакөл ауданында жанына шахматты серік еткен зағип жан тұрады. Қос жанары ерте суалса да, Нұржан Нүсіпбеков өмірге еш өкпе артқан емес. Қайта ала тақтаны алданышына айнадырып, үнемі шеберлігін шыңдап келеді. Өңірлік жарыстарға қатысып, жетістіктерге де жетіп жүр. Зағип шахматшымен тілшіміз тілдесіп қайтты.

Подробнее...

АҚШ: Дауыс санау аяқталған жоқ

Бүкіл әлем көз тігіп отырған АҚШ-тағы сайлау аяқталуға таяп қалды. Бюллетендерді санап біткеннен кейін тарихта Американың 46 президентінің есімі белгілі болады. Әзірге Дональд Трампқа қарағанда Демократ Джо Байден алда келеді. Дегенмен бюллетендерді санау толығымен аяқталмағандықтан саясаттанушылар нақты кімнің президент болатын дөп басып айта алмауда. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Қазіргі таңда ресми мәліметтер бойынша Делевэр штатының бұрынғы сенаторы Джо …

Подробнее...

Елдегі су мәселесі талқыланды

Түркістан мен Қызылорда облыстарының тұрғындарына қауіп төніп тұр. Сенатта өткен Үкімет сағатында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев осылай деді. Шенеуніктің сөзінше айтарлықтай қауіпті Шардара су қоймасы төндіруде. Өйткені ол 1969 жылдан бері апатты жағдайда деп танылса да, әлі күнге дейін тиісті деңгейдегі жөндеуден өтпеген. Су қоймасының қазіргі қалпы дер кезінде қаперге алынбаса, оған жақын орналасқан 250 мыңнан астам адам су …

Подробнее...

Қазақстанға 18 жыл бұрын оралған қандасымыз азаматтық ала алмай жүр

Түркістан облысының тұрғыны туған 4 баласын өз атына аудара алмай жүр. 38 жастағы Қалбек Кентаев Өзбекстан Республикасының азаматы болғандықтан, перзенттерін қазақстандық жұбайының тегіне жаздыруға мәжбүр. Өзі бірнеше рет азаматтық алу үшін елшілікке  барғанымен, әлі күнге нәтиже шығара алмай жүргенін айтады. Соның кесірінен тұрақты жұмысқа орналаса алмай, не денсаулығын қарата алмай әлекке түсіп жүр екен. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. …

Подробнее...

Алматы облысы: ауыл қарттары суды арбамен тасып жүр

Алматы облысындағы Ақсеңгір ауылының тұрғындары алпыс жылдан бері ешқандай даму көрмедік дейді. Кеңес дәуірінде дүркіреп тұрған мекен қазір өлместің күнін кешуде. Таяқ ұстаған қарттар арба сүйреп әлі күнге дейін суға барады. Ал, екі қолға бір күрек таппаған жастардың басым бөлігі қалаға қарай қашады екен. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Ауыл тынысы күн өткен сайын тарылып барады. Осылай деп шағымданған …

Подробнее...

Бір тәулікте 600-ге жуық адам коронавирус жұқтырды

Бір тәулікте 600-ге жуық адам коронавирус жұқтырды! Елдегі эпидахуал көңіл көншітпейді.  Соңғы 48 сағатта қауіпті індетке шалдыққандар саны  мыңнан асады. Салдарынан, еліміздегі бірнеше өңірде блок-бекеттер қойылып, қатаң  сақтық шаралары қолға алынуда.  Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Елде  Ковид-19  жұқтырғандар саны күн санап өсуде. Тек өткен тәуліктің өзінде індеттің ілмегіне 591 отандасымыз ілігіпті. Өңірлердегі ахуал ушыққан. Көш басында Шығыс Қазақстан …

Подробнее...

Жыл соңына дейін бес мың жас отбасы баспаналы болады

Жыл соңына дейін ел аймақтарындағы бес мыңнан астам жас отбасы баспаналы болады. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов осылай деді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Арнайы жиынға қатысқан шенеунік өткен жылы жұмыс істеп жүрген жастарға Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларынан 3 мың жалдамалы пәтердің кілті табысталғанын айтты. Бұл үрдіс биыл да жалғасын таппақ. …

Подробнее...

Ақтөбеліктер пандемия кезінде автобусқа тиеліп мінуден шаршады

Автобус жоқ па, шыдаңыз! Ақтөбелік жастар қоғамдық көліктің проблемасына биліктің назарын аударту үшін фотосессия жасапты. Адам лық толы көлік, үнемі кешігіп жүретін автобус, ескірген қоғамдық транспорттың жанында тұрып суретке түсіп, оны әлеуметтік желілерде жариялаған. Қолдарында «Вирус дейсіз бе, ол туралы естімеппіз!» «Күнде таксиге мінетін шамамыз жоқ!», «Кешіккеніміз үшін түсініктеме жазып шаршадық!» деген жазуы бар плакаттар. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. ӘМИНА …

Подробнее...

Шымкентте бозбаланың өліміне қатысты сот басталды

Шымкентте кәмелеттік жасқа толмаған бозбаланың өліміне қатысты сот процессі басталды. Күдікті ретінде қолға түскен 5 жігіт 6 айдан бері тергеу изоляторында отыр. Оларға «бұзақылық және абайсызда адам өліміне әкеп соққан» әрекеттері үшін қылмыстық кодекстің қос бірдей бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілген. Айыпталушылар алғашқы отырысқа скайп желісі арқылы ал, олардың туыстары мен адвокаттары және жәбірленуші жақ залда отырды. Бірақ, аудармашының ашық …

Подробнее...
X