9:25 Тікелей эфир «ПРОУЮТ»
10:25 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»

Новости

Телефонға телмірткен бірінші тоқсан да аяқталды

ЗУМда зығырданы қайнап, онлайн оқудың олқылығын көрген балалар үшін бірінші тоқсан аяқталды. Жаһандық пандемияға байланысты кенеттен өзгерген білім беру тәсілі ұл-қыздардан бөлек, ата-аналарға ауыр болғаны сөзсіз. Интернет қиындығына тап болғандар теледидарға телмірді, кейбірі қырға барып, талға өрмеледі. Қашықтан оқудың қызығы мен шыжығын көз көріп, құлақ естіді. Ал мұндай білімнің ұрпақтың болашағына кері әсер етпей ме? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы …

Подробнее...

Газ құбырынан су атқылап жатыр

Естімеген елде көп. Шымкентте газ құбырынан су атқылап жатыр. Соның кесірінен 100-ге жуық отбасы міне, 4 тәуліктен бері ыстық тамақсыз және жылусыз отыр. Ал, жергілікті билік мәселені дер кезінде шешудің орнына әлі күнге газ құбырына қай жерден су кіріп жатқанын біле алмай жүр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Мына кадрде құбырдан су атқылап жатқанын анық байқауға болады. Бұл  «Қайтпас-1» шағын …

Подробнее...

Алматыда автобус екі адамды қағып кетті

Алматыда автобус екі адамды қағып кетті. Жол апатынан барлығы үш адам зардап шеккен. Оның бірі бес жасар қыз. Оқиға куәгерлері келіншектің бағдаршамның қызыл түсәне өткенін айтуда. Қазір бұл оқиғаның мән жайын жол сақшылары анықтауда. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Қоғамдық көліктің қатысуымен болған жөл көлік апаты 4 қазан күні кешкі сегіздер шамасында Абай даңғылының бойында болған. Автобусқа орнатылған бейнетіркеуіштегі …

Подробнее...

Жол белгілері талапқа сай келмейді

Еліміздегі жол көлік оқиғаларының басым бөлігі жол белгілерінің дұрыс қойылмағандығынан немесе сапасыздығынан болады. Мұндай статистиканы Ұлттық сапа орталығының басшысы Замир Сағынов келтірді. Оның сөзінше, тексерістен өткізілген 5 мың белгінің 46%-і стандартқа сай келмейді екен. Осы ретте қаладағы айрықша белгілер қалай әзірленетінін білмек болып, кәсіпорындарға бардық. Жалпы стандарт деген не? Белгі қандай болуы керек? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Жол …

Подробнее...

Той жырына – 50 жыл

Жас жұбайлардың әнұранына айналған той жырына — 50 жыл!  Жарты ғасырлық тарихы бар туынды әр тойдың төрінде шырқалып, шаңырақ көтерген жұптардың қуанышына куә болып келеді.  Ал ғасыр хитіне айналған ән небәрі жиырма минутта жазылды десем, сенесіз бе?  Талайды тамсандырып, әуені күллі әлемге танылған «Дос Мұқасанның» әйгілі   шығармасы жайлы  Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. «Жастық жалын, асыл арман, ақ ниет, бақыт сыйлап ұсыныпты …

Подробнее...

Тұрғындар көпқабатты үй құрылысына қарсы

Естуші мемлекет деген қағидат қайда қалды?! Осындай ұранмен елорданың сол жағалауының бір топ тұрғыны тағы жиналды. Бас қосып, қолдарына рубор алып шығуына іргелеріне ірі компанияның құрылыс бастауы себеп болыпты. Олар мектеп сияқты әлеуметтік нысандар жетіспей жатқанда әкімдік ай қарап отыр ма деп ашулы. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Мына бір топ азамат елорданың сол жағалауының қақ ортасында көпқабатты үйлердің …

Подробнее...

Кепіл болдым дегенше, тыныш өмірді ұмыттым деңіз

Кепіл болудың да кесірі бар! Заңгерлер кредит алған адаммен қоса оған кепіл болған кісі де банк алдында бірдей борышты дейді. Қаржы саласында гарант аталып кеткен ұғымның парқына бармай, жауапкершілік арқалайтындар көптеп кездеседі. Оның соңы кейде өкінішпен аяқталып жатады. Себебі танысыңыз алған қарызын өтей алмай жатса, сұрауы сізден болатынын ескерген жөн. Кепілгер, яғни гарант болудың тағы қандау қаупі бар? Бұл туралы …

Подробнее...

Түрмеден төрт күн бұрын шыққан адам көлік ұрлап, қолға түсті

Алматыда төрт күн бұрын түрмеден шыққан ер адам көлік ұрлап, тағы да қолға түсті. Өзгенің темір тұлпарын иемденген ол басқа машинаның мемлекеттік нөмірін қолды қылып, ізін суытпақ болған. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. «До дома доехать да все. Вы пьяный были? Да, пьяный был. Как вскрыли машину? Вскрыл сразу отверткой». Жамбыл облысының тумасы бұрын осындай әрекеттері үшін бірнеше рет …

Подробнее...

Зейнетқордағы қаржыны алу жөніндегі заң жобасы таныстырылды

700 мыңға жуық қазақстандық зейнетақы қорындағы қаражатын үй алуға, емделуге, иә болмаса жеке қаржы компанияларының басқаруына бере алады. Бұл азаматтар зейнетақы қорынан 1,4 триллион теңгесін алуға мүмкіндіктері бар. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі «Заңнамалық актілерге экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын таныстырды. Руслан Дәленов қоғамда қызу талқыланған құжат біраз мәселені қамтитынын …

Подробнее...

Алматы облысы: жаңа жедел жәрдем көліктері табыс етілді

Алматы облысындағы медициналық мекемелер жаңа жедел жәрдем автокөліктерімен толықты. Талдықорғанда 89 реанимобиль мен 12 жылжымалы кешеннің кілті салтанатты түрде табыс етілді. Осылайша, автопарк 80 процентке жаңарып отыр. Жаңа көліктер толықтай заманауи қондырғылармен жабдықталған. Жылжымалы медициналық кешендердің ішінде қажеттінің бәрі бар. Жалпы қабылдау, акушер-гинеколог, сәулелік диагностикалық кабинеттері мен дәріхана пункті де қарастырылған. Ең бастысы, рентген және ультрадыбыстық зерттеу аппараттары орнатылған. Мұндай …

Подробнее...
X