10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Новости

Вирусты екінші рет жұқтырғандар бар

Батыс Қазақстан тұрғыны коронавирусты екінші рет жұқтырған. Сәуір айында ғана дерттен емделіп шыққан әйел адам тамыз кезінде қайтадан ауырып қалыпты. Бұл туралы бүгін өңірдің денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Сондай-ақ бұдан былай Солтүстік Қазақстанда да карантиндік шаралар күшеймек. 9 қарашадан бастап өзге қалаларға шығу үшін аймақ тұрғындары міндетті түрде вирусқа тест тапсыруы қажет. Мамандар індет жұқтыру көрсеткіші елімізде 2,6 есе артқанын …

Подробнее...

10 жыл күтіп шаршаған ауыл тұрғындары көпірді өздері салып алды

«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап». Абайдың бұл өлең жолдары тура ауыл тұрғындарына арналған дерсің. Ақтөбенің іргесіндегі Сазды ауылының тұрғындары әкім-қараларға өтініш айтып шаршаған. Ақыры бар шаруаны өздері тындырыпты. Саздылықтардың жанайқайы неге шешімін таппады? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Артымызда  Сазды ауылы, ал алдымызда екі-үш елді мекен бар. Бұл жерге көпір керек екенін, ауылдың тұрғындары …

Подробнее...

АҚШ-тағы саяси дода

Экономикасы жағынан әлемде бірінші, ал жер көлемі жағынан жаһанның төртінші елі Америка Құрама Штаттарында президент сайлауы өтті. Саяси додада бақ сынаған қазіргі мемлекет басшысы Дональд Трамп пен демократ Джо Байден. Екеуі де жақтастарымен бірге митинг өткізіп, жеңіске жеткендеріне сенімді. Ал, бүкіләлем келесі президент кім болады деген сұраққа бас қатырып отыр. Себебі, екі саясаткер де сайлауалды бағдарламасында алдағы уақыттағы жоспарымен бөлісіп, …

Подробнее...

Коронавируспен күреске 154 млрд теңге жұмсалған

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коронавирусқа қанша ақша жұмсалғанын мәлімдеді. Халықтың денсаулығына жауапты ұйымның санағынша инфекциямен күреске 154 миллиард теңге кеткен. Оның көп бөлігі дәрігерлердің жалақы үстіне қосылған үстемақыға, ПТР тесттерге, мобилді бригада жұмыстарына бөлінген. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Пандемияның бірінші толқынында елдің денсаулық сақтау саласы абдырап қалғаны белгілі. Сонда қазақстандықтардың көкейінде «миллиардтар қайда кетті» деген сұрақ туындағаны рас. Ақыры жауапты …

Подробнее...

Досына алданып, баспанасынан айрылған отбасы көлікте «тұрып» жатыр

Киноға бергісіз сценарий! Көкшетаулық Қадыровтар төрт айдан бері көліктерінде күнелтуге мәжбүр.  Өзге емес, өз достары алдап, жалғыз баспанасын тартып алған екен.  Енді үй-күйі жоқ әке жарымжан ұлымен темір тұлпарда жан бағып,  өлместің күйін кешіп жүр.   Ал қиындыққа шыдамаған келіншегі күйеуі мен баласын тастап кетіпті. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Баспанасын банк тартып алған мына азамат та жарымжан ұлымен төрт …

Подробнее...

Балықшылар алаңдаулы: Қызылорда облысындағы қамбаш көлі тартылып барады

Экологиялық апат алдында тұрмыз! Бұл — Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты Қамыстыбас ауылының тұрғындарының базынасы! Елді мекен маңындағы Қамбаш көлі Сыр өңіріндегі туризм саласы дамыған жер. Алайда, осы су айдыны соңғы екі жылдан бері тартылып келеді екен. Ал, жергілікті халық үшін бұл үлкен қауіп. Себебі тұрғындардың негізгі күн көрісі — балық шаруашылығы. Тіптен кейбір балықтарды көлден кездестіру де қиындап кетіпті. …

Подробнее...

Пәтерді төмен пайызбен береміз деген алаяқтарға миллиондарын ұстатқан

Су жаңа пәтерді 3-ақ пайыздық өсіммен алыңыз! Желіде желдей ескен осы сарындағы әдемі жарнамаға алданғандар көбеюде. Әдемі сөзге сенеміз деп, мыңдаған халық миллиондарынан айырылып қалды. Алаяқтардың арбауына түскендердің жанайқайын әріптесім тыңдап қайтты.

Подробнее...

Перзентханада қайтыс болған әйелдің туыстары дәрігерлерді кінәлайды

Босануға кетіп бақилық болды. Бала үстінде қайтыс болған келіншектің туыстары оның өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр. Олардың сөзінше, ақ халаттылар өрескел қателік жіберген. Қайғылы жағдайдың тіркелгеніне жарты жыл өтсе де, ешкімнің кінәланбағанына ашуланған жандар арнамыздан араша сұрады. Ал медициналық қызметкерлердің өзі бұған қатысты не айтты?

Подробнее...

СOVID-19: Ентігу, шаш түсу…

Шаш түсу, ентігу, дәм сезбеу. COVID-19 жұқтырып, кейін емделіп шыққан науқастар дәл осындай белгілерге шағымдануда. Ал ғалымдар, белгісіз вирус ер азаматтарды ұрықсыз қалдыруы мүмкін деген болжамдар айтуда. Коронавирустың салдары жайлы тілші баяндайды.

Подробнее...

Пандемия кезінде жұмыс ауыстырудың қиындығы

Екі қолға бір күрек тауып беріңдерші! Электронды еңбек биржасына жұмыс іздеп кіріп, түйіндеме тастағандардың саны 120 мыңнан асқан. Жұмыспен қамту орталықтарының да табалдырығын тоздырып жүргендердің саны қаншама. Иә, пандемия кезеңі көптеген қызмет түрлерінің тірлігіне тұсау салып, кейбір кәсіп көздері тіптен жабылып қалды. Осы бір кезеңде жұмыс ауыстырудың артықшылығы мен кемшілігі қандай?

Подробнее...
X