0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

Тәртіп бұзған азаматтар сот шешімімен қаланы тазалау жұмыстарын атқаруда

Жыл басынан бері ұсақ бұзақылық үшін істі болған 400 азамат соттың шешімімен қоғамдық жұмыстарға тартылып, қаланың көркеюіне өз үлестерін қосқан. Бұл жөнінде қалалық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің өкілдері мәлімдеді. Өмірде шалыс қадам жасаған азаматтар көшені көгалдандыру, ауланы тазалау сынды жұмыстарды істеп жүр. Күнделікті сот шешіміне байланысты 4 сағаттан 8 сағатқа дейін еңбек етеді екен. Бүгінде бас қалада пробациялық бақылауда тұрған …

Подробнее...

«Әліппе» 2021 жылы оралады

Қуанышты жаңалық. Мектеп қабырғасында талай буын сауатын ашқан «Әліппе» білім ордаларының бағдарламасына қайта оралады. Барлығы дұрыс болса, алдағы қаңтар айында Ахмет Байтұсынұлының негіздемесі бойынша әзірленген оқулықтар еліміздің бірнеше мектептерінде сынақтан өтеді. Бастауыш сыныптың негізгі кітабына айналған оқулықты жан-жақты зерделеуге Білім және ғылым министрлігі жанынан құрылған арнайы жұмыс тобы тартылған. Еске сала кетейін, министрлік «Әліппені» 2016 жылы қолданыстан алып тастап, орнына …

Подробнее...

Павлодарда ішімдік ішкен екі жігіт тәртіп сақшыларымен төбелесті

Павлодарда ішімдік ішіп алған екі жігіт көшеде қоғамдық тәртіпті қадағалап жүрген Ұлттық ұлан қызметкерлерімен жанжалдасып қалды. Салдарынан әскерилердің бірі жарақат алған. Текетіреске ер адамның медициналық маска тақпауы себеп болыпты. Әлеуметтік желіде тараған дау-дамай жөнінде алдағы бейнематериалында.

Подробнее...

Іздеу салынады: 38 жастағы келіншек үйінен шығып кетіп, оралмады

Қызылордада 38 жастағы қала тұрғыны жоғалып кетті. Аты-жөні: София Абитаев. Ол өткен жұма күні таңғы 10-дар шамасына үйінен шығып кеткен. Содан бері ешкім көрмепті. Туыстары оның «жүктіліктен кейінгі депрессия» ауруына шалдыққанын айтады. Екі перзенттен кейін 12 жылдан кейін аяғы ауырлап, сәбиін дүниеге әкелген келіншек соңғы үш айдан бері өз-өзіне тұйықталып, ұйқысыздыққа ұшырапты. Сол себепті отағасы оны жалғыз қалдырмауға тырысыпты. Сол …

Подробнее...

Қарағанды облысында көмір тиелген вагондар аударылды

Қарағанды облысында көмір тиелген сегіз вагон рельстен шығып кетіп, оның екеуі аударылып қалды. Соның салдарынан 150 метр теміржол төсеміне зақым келген. Оқыс оқиға Ботақара стансасының теміржол өткелінен 27-ші шақырым жерде болған. Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Бұл пойыздардың қозғалысына әсер етпепті. Оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Қазіргі таңда рельсті қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Подробнее...

Анаңды өлтірем деді: өгей әкесі жеті жасынан бастап зорлап келген

Өгей әкесі жеті жасынан бастап зорлаған. Мұндай жантүршігерлік оқиғаны зорлық көрген қыздың анасы айтып берді. Баласы жан жарасын 10 жылдан бері жасырып келіп, анасына айтуға бел буған кезде келіншек бірден полицияға шағым түсірген. Сот қаңтар айында өтіпті. Қоғам белсенділерінің айтуынша күдікті азаматтың кінасы жан-жақты дәлелденгенімен сот кәмелет жасына толмаған баланы зорлау бойынша ақтап шешім шығарған. Тақырыпты тілшіміз тарқатады.

Подробнее...

Әлдекімдер демалыс орнында оқ жаудырып, екі адамды жарақаттады

Демалыс орнына баса-көктеп кіріп оқ жаудырғандар екі адамды жарақаттады. Алматы облысындағы Іле ауданында болған оқиғаға қазір тұрғындар алаңдаулы. Өйткені, қаскөйлер әлі ұсталмаған. Тіпті, түнгісін де келіп оқ жаудырған көрінеді. Ипподромнан бастап, балық аулауға дейін қолайлы жағдай жасалған орындағы сұмдық жайт туралы келесі сюжеттен көріңіздер.

Подробнее...

Шымкентте құрылыс алаңында жұмысшы мерт болды

Шымкентте жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешенінде жұмысшы мерт болды. 34 жастағы ер адамның үстіне құрылыс панелі құлап кеткен. Ауыр дене жарақатын алған ол оқиға орнында жан тапсырған. Осы жағдайға байланысты шұғыл комиссия құрылып, тексеру басталды. Марқұм Өзбекстан азаматы екен. Шымкентке 2 күн бұрын ғана келген ол жаңа жұмыс орнымен танысып жүргенде өмірімен қош айтысқан.

Подробнее...

Түркиядағы зілзаладан 79 адам көз жұмды

Түркияның Измир провинциясы жер сілкінісі болып, 79 адам көз жұмды. Мыңға жуық жан түрлі жарақат алған. Анадолы жеріндегі табиғи апат салдарымен жергілікті құзырлы органдар әлі де күресіп, үйінді астында қалып қойғандарлды алып шығуда. Біз бауырлас елдегі отандастарымызға да хабарластық. Олардың арасында зардап шеккендер бар ма? Сыртқы істер министрлігі не деді?

Подробнее...

«Жөргекпұл бала 3-ке толғанше төленсін» деген ұсыныс не болды?

Бала күтіміне байланысты берілетін жөргекпұлдың мерзімі ұзартыла ма? Көптің көкейінде жүрген сауалға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді. Естеріңізде болса, осы жылдың басында аталған ведомство жәрдемақыны 1 жарым немесе 3 жасқа дейін ұзартуды ұсынып еді. Араға 11 ай салып, арна тілшілері мәселенің қалай өрбіп жатқанын сұрап-білді. Сонымен, ана мен баланы қорғаудың қатып қалған жүйесі өзгере ме? Әлде бастама …

Подробнее...
X