Орал қаласында қолына қару граната алып, әйелін кепілдікке алған ер азаматқа қатысты сот шешімі шықты. Оқиға осыдан бір жыл бұрын болған. Сотталушы қала тұрғындарын тік тұрғызып қана қоймай, полицейлерден қомақты қаржы талап етіп, кейін инкассатор көлігін, тіпті ұшақ беруді талап еткен болатын.
Подробнее...Новости
Баспаналы болудың жаңа мүмкіндігі
Бас қалада баспаналы болуға таптырмас мүмкіндік! Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі үйлі болудан үмітті кез-келген жан үшін тиімді жағдай жасап отыр. Енді су жаңа пәтердің иесі атанамын десеңіз, шотыңызда бастапқы жарнаның небәрі 36 проценті болса жетеді. Ал несие мерзімін 6 айдан 25 жылға дейін ұзартуға болады екен.
Подробнее...Вирус жұқтырғандар күрт өсті
Екінші толқынның салқыны ма? Елде тек өткен тәуліктің өзінде вирусты бірден 442 отандасымыз жұқтырыпты. Бұл соңғы екі айда болмаған антирекорд. Жайсыз статистиканың көшін Шығыс Қазақстан облысы бастап тұр. Науқастардың тең жартысы осы өңірден тіркелді. Енді аталған аймақта бірқатар санитарлық талап күшейіп, қолында сынамасы жоқ адамдарға қаладан кіріп-шығу шектелді. Көрші облыстар да шекарасына посттар қойып, шектеу шараларын енгізіп жатыр.
Подробнее...Елорданың сол жағалауында коттедж өртенді
Елорданың сол жағалауында алапат өрт болды. «Шұбар» шағын ауданында қос қабатты жер үй отқа оранды. Коттеджден шыққан қою қара түтінді байқаған көршілер бірден өрт сөндірушілерді шақыртқан. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар баспананың шатыры мен үйге жапсарлас салынған құрылыс нысанының жанып жатқанын көріп, дереу сөндіруге кіріскен. Тілсіз жауды ауыздықтау барысында үш газ баллоны сыртқа шығарылды. Төтенше жағдай болған кезде үй ішінде ешкім …
Подробнее...Алматыда банк бөлімшесін тонағандар ұсталды
Алматыда Каспий банк бөлімшесіне шабуыл жасағандар ұсталды. Күдіктілер үшеу екен. Екеуі шабуыл жасаса, үшіншісі көлікте күтіп отырыпты. Қылмыс жасағандардың екеуін полицейлер Алматыдағы пәтерден, үшіншісін Орал қаласында қолға түсіріпті. Шабуыл жасағандар 28, 35 және 36 жастағы достар екен. Қылмысқа тыңғылықты дайындалыпты. Ұрланған қаржының біраз бөлігін жұмсап үлгерген. Қылмыстары толығымен дәлелденетін болса олар 12 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Естеріңізге сала …
Подробнее...ШҚО-да індет жұқтыру ушыға түсті
Тұрғындар мен кәсіпкерлер шектеу шараларын сақтамайды! Осы аптада эпидемиологиялық жағдай ушыға түскен Шығыс Қазақстандағы санитарлар осындай уәждерін айтты. 1 қарашадан бастап облыс аумағына азаматтардың кіріп-шығуына тыйым салынады. Соңғы тәулікте өңірде коронавирус жұқтырғандар саны 200 адамға жетті. Осылайша облыста 13 санитарлық бекет қойылады.
Подробнее...Оңалту орталығының қызметкерлері: Жұмыс ауыр, жалақы аз
Мәртебем қайда? Ақтөбедегі оңалту орталығының қызметкерлері еңбекақыларына қосылатын үстемақыны даулап жүр. Тіпті базалық лауазымдық жалақыға қосылатын 60 пайызды да төлемей отыр деп наразы. Алайда, мекеменің басшылығы бұл пікірмен келіспейді. Неге?
Подробнее...Мәжілістегі ақсақалдар пандемия кезінде қалай жұмыс жасауда?
Мәжілістегі 23 депутаттың жасы 65-тен асқан. Сондықтан әлемде коронавирус өршігенде, олар карантинге кетіп, пленарлық отырыстарға үйінен қатысқан еді. Міне, сол мезеттен бері сегіз ай өтіпті. Ел ішінде індеттің қаупі әлі сейілмеген соң, қазір журналистер үшін Парламент есігі жабық. Демек, тілшілер халық қалаулыларымен тікелей сөйлесе алмайды. Ал, осы жиырмадан астам төменгі палата депутаты жұмысқа шықты ма әлде жоқ па?
Подробнее...Алматы тұрғыны демалыс аймақтарын қоқыстан тазартуда
Карантиннен кейін табиғат аясына демалуға шыққан жандар ой-қырды қоқысқа толтырып, қоршаған ортаны ластап жатыр. Алматылық белсенділер осылай деп дабыл қағуда. Жабайы орындардағы жағдайды көріп, төбе шаштары тік тұрған жандар бірнеше жылдан бері тұрмыстық қалдықтарды өз беттерінше жинап жүр екен. «Қоқыс біреудікі болғанымен, жер ортақ» дегенді ұстанған табиғат жанашырлары арнайы сенбілік ұйымдастырды.
Подробнее...Өзеннің қиыршық тасы мен құмын қазып алып жатыр
Бірдің кесірі мыңға! Түркістан облысында табиғатқа қастандық жасалып жатыр. Әлдекімдер әйгілі Келес өзенінен қиыршық тас пен құм қазып алып, жағалаудағы жарқабақтың құлауына себепші болып жүр. Су деңгейі де төмендеп, суармалы алқап шөлейтті жерге айналып барады дейді елді-мекен тұрғындары. Абылай ханның өзі айтпақшы «Келестің бойы кең жайлау» екенін кезінде көзіміз көрді. Жыңғылынан жылқының жотасы көрінбейін жап-жасыл өзен аңғары қазір құм-топырақ, қазаншұңқыр, …
Подробнее...






