10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Новости

Кәсіпкерлік гранттарды «Мәке, Сәке» алды!

Мәке, Сәкенің адамдары алды! Ақтөбеде «Бизнес бастау» жобасына қатысқан келіншектер шу шығарды. Олар кәсіпкерлік курсын оқып, бизнес-жобаларын қорғап, жеме-жемге келгенде қайтарымсыз гранттан қағылғандарын айтады. Кәсіпкерді қолдауға берілетін жарты млн теңге шын мұқтажға емес, кім көрінгенге берілді деп кінә артты. Қайтарымсыз 550 млн теңге кімге бұйырды? Наразы топтың «Мәке, Сәке» деп отырғаны кімдер? Бұған шенділер не дейді?

Подробнее...

Балық аулауға қойылған шектеу браконьерлікке итермелейді

Балық аулауға қойылған шектеу амалсыз браконьерлікке итермелейді. Арнамызға осылай деп, мұңын шаққан алакөлдік балықшылар Үкіметтен лимитті көбейтуді сұрап отыр. Басқа күнкөріс көзі болмағандықтан кейбірі ауылдан көшіп кетіп жатқан көрінеді. Бұл түйткіл қалай шешілмек? Балықшы қауымымен тілдесіп келген тілшіміз тарқатсын.

Подробнее...

90 жастағы кейуана 17 мың теңге зейнетақыға күн көріп отыр

Семейде 90 жастағы кейуана 17 000 теңге зейнетақығы күн көруде. Тыл ардагері зейнетке шығар кезде еңбек кітапшасын жоғалтып алып, салдарынан өзіне тиесілі ақшадан қағылған. Жұмыс істеген жылдарын растайтын құжаттарды қалпына келтіргісі келгенмен, күні бүгінге дейін еш нәтиже шықпапты. Өлместің күйін кешіп келе жатқан кейуананың халін тілшілеріміз сұрап келген еді.

Подробнее...

COVID-19: Үшінші толқын басталды

Әлемді тығырыққа тіреген тәж тұмаудың үшінші, тіпті төртінші толқыны болады. Ресейлік ғалымдар осындай уәж айтуда. Ал біздің елдегі эпидахуал қандай? Өңірлерде қайтадан блок-бекеттер қойылып жатқаны рас па?

Подробнее...

Ақылы тұрақтардың саны артады

Алдағы уақытта бас қаладағы ақылы автотұрақтардың саны 10 есеге артады. Себебі, қазынаға түсетін пайда көл-көсір. Одан бөлек, тәртіпке бағынбайтын, жол ережесін елемейтін жүргізушілерді тезге салатын «Дозор-М» деген жүйе іске қосылды. Ол «Сергекпен» бірқатарда жұмыс істейді. Қырағы аппарат ақылы тұрақ маңында бақылау жүргізетін көліктерге орнатылған. Жүйе қандай тәртіп бұзушылықтарды тіркейді? Салынатын айыппұл мөлшері қандай? Көлік тізгіндегендердің бас ауруына айналған проблемалар жөнінде …

Подробнее...

Жауапты хатшылықтан кеткендер вице-министр болып тағайындалды

Елімізде 100 мыңға жуық мемлекеттік қызметші бар. Президент қыркүйектегі жолдауында шенеуніктер тым көп деп, олардың санын азайтуды тапсырған еді. Әсіресе, министрліктердегі жауапты хатшылар институтын жою туралы пәрмен берген болатын. Міне, сол тапсырмадан кейін екі ай өтті. Он бес жауапты хатшының алтауы қызметінен кетті. Бірақ, бір жолата орнын босатса ғой. Олай емес. Алты маманның төртеуі министр орынбасары, өзгесі агенттік пен комитет …

Подробнее...

Астана LRT-ға қатысты сот басталды

Астана LRT-ға қатысты сот басталды. Көп қаражатты қолды қылып, керемет жобаны сақалды құрылысқа айналдырғандар әділдік үйінде жаупқа тартылып жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы сотталушылардың тізімін жариялады. Олардың қатарында қала әкімінің бұрынғы орынбасарларынан бастап, басқарма басшылары және мәслихат депутаттарына дейін бар.

Подробнее...

Кәріз құдығынан үш жыл бұрын жоғалған адамның мәйіті табылды

Кәріз құдығындағы сұмдық! Қостанайда жеке үйдің септигінен үш жыл бұрын жоғалып кеткен адамның мәйіті табылды. Қаңқаға айналған мүрдені ерлі-зайыптылар анықтапты. Оқиға орнына жеткен полицейлер марқұмның кім екенін анықтауға бірден кіріскен. Нәтижесінде дененің 2017 жылдың қарашасынан бері хабар-ошарсыз кеткен 32 жастағы қала тұрғынына тиесілі екен. Мәйіттегі киім қалдықтары жоғалған жанның барлық сипаттамасына сай келген. Оны марқұмның туыстары да растады. Ер адам …

Подробнее...

Балыққа кеткен төрт жігіттің екеуі өлі табылды

Балық аулауға кеткен төрт жігіттің екеуі өлі табылды. Бес күні бойы із-түссіз жоғалған азаматтарды іздеуге шыққан құтқарушылар көл жағасынан 1 шақырым жерден төңкерілген қайықты тапқан. Белгілі болғандай, елордалық төрт тұрғын Баршын көліне қармақ салуға барған екен. Олардың біреуі жағада қалып, қалғаны қайықпен кеткен. Жолдастарының ұзаққа жоғалғанына алаңдаған жігіт шұғыл полицейлерге хабарласқан. Балықшыларды іздеуге көкшетаулық сүңгуірлер жұмылдырылыпты.

Подробнее...

Күн суытып, дөңгелек ауыстыратындардың жұмысы қызды

Еліміздің солтүстік аймақтарына қар түсісімен көлік жүргізушілері әбігерге түседі. Дөңгелек ауыстыратындардың жұмысы қызады. Сәйкесінше баға көтеріледі. Ал, алғашқы көктайғақ кезінде бас қала көшелерінде жол көлік оқиғалары жиілеген. Оған жазғы резинамен жүйткіген көліктер себеп болады екен.

Подробнее...
X