Тәртіпке бағынбаймыз! Елордадан Алматыға ұшпақ болған қос жолаушы әуежайда жанжал шығарды. Нысан қызметкерлерінің сөзін пысқырмаған жандар полицейлерге балағат сөздер айтып, төбелесуге дейін барған. Жұрттың мазасын алып, ұшаққа айқаймен отырмақ болғандардың әрекетіне не себеп? Оларды тексерген тәртіп сақшылары не айтты?
Подробнее...Новости
«СК-Фармация» төңірегінде тағы да дау шықты
Атышулы СК «Фармация» төңірегінде тағы дау шықты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі фарм компанияның қазына қаржысын тиімді жұмсағанына күмәнмен қарап отыр. Дәріханаларды тиісті дәрілермен қамтамсыз ету үшін бюджеттен 8 млрд теңгеден астам қаражат бөлініпті. Алайда, агенттіктің арнайы тексерісі барысында СК «Фармацияның» қоймаларына препараттардың тиісті қоры әлі де жеткізілмегені анықталған.
Подробнее...Коронавирус жұқтырған дәрігерлерге берілетін өтемақы қайтарылсын!
Коронавирус жұқтырған дәрігерлерге берілетін өтемақы қайтарылсын! Осындай бастаманы бүгін мәжілістің пленарлы отырысында Азат Перуашев көтерді. Себебі, 21 қазаннан бастап Денсаулық сақтау министрлігі Covid-19 инфекциясымен күрес кезінде кесел жабысқан ақ халаттыларға төленетін қаржыны тоқтатып тастаған. Ал, депутат әлі күнге дейін өзіне тиесілі өтемақыны алмаған дәрігерлерден көптеп шағым түсіп жатқанын мәлімдеді. Төлемақыны қайтару мәселесін қарастыру жөнінде премьер-министрге сауал жолдады.
Подробнее...Баспана бағасы өсті
Пандемия жағдайында елімізде жылжымайтын мүлік қымбаттады. Ең қымбат және ең арзан жер, пәтер мен үйлер анықталды. Бағасы жағынан бас жүлдені бермей тұрған сол баяғы Алматы мен астана. Кризис, карантин деп жүргенде үйдің бағасы неге өзгеріп сала берді?
Подробнее...Банк жүйесі жаңылып, миллионерлер қатары көбейді
Бір күннің ішінде елімізде миллионерлер қатары көбейді. Ал кей клиенттердің есеп-шотындағы қаржысы азайып қалған. Белгілі банктің мобильді қосымшасында болған техникалық ақау салдарынан оны пайдаланушылар қаржылық операцияларын орындай алмай қиналды. Кейінірек қаржы құрылымының өкілдері мән-жайды түсіндірмек болды. Сонымен бұл дүрбелең немен аяқталды?
Подробнее...Қой бағатын шопан таппай, шетелден алдыруға мәжбүр
Мал бағатын шопан жоқ! Шығыстағы фермерлердің тығырыққа тірелгені сонша шетелден бақташы іздеуге кіріскен. Кәсіпкерлер қанша жоғары жалақы берсек те, жалдамалы жұмысшы болуға ешкімнің келіскісі жоқ деп налиды. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының шаруа қожалық иелерінің базынасын тілшіміз тыңдап қайтты.
Подробнее...Елорда іргесіндегі Родина ауылында жұмыссыз адам жоқ
Біздің елде проблемасы жоқ ауыл бар десем сенесіз бе? Күлесіз бе? Қалжың деп қалмаңыз, шынымен солай. Одан қалды бұл елдімекенде мүлде қылмыс жоқ. Тұрғындардың тәртіп бұзуға қолдары тимейді екен. Барлығы да жұмыспен қамтылған өйткені. Ауыл азаматтары үйлерінің де есігін құлыптамайды, көліктерін де кілттемеуге үйренген.
Подробнее...Алматыда көлік жөндейтін орын өртенді
Алматыда автокөлік жөндейтін ангар өртке оранып онға жуық темір тұлпар тұтастай күлге айналды. Көлігінің ақауын дұрыстаймын деп келгендер енді оның өтемақысын кімнен аларын білмей дал. Өйткені, сақтандыру компаниялары мұндай жағдайда дәрменсіз екен. Ал, зардап шеккендер қожайынымен жолықпады.
Подробнее...Президент мемлекеттік туды кеңінен қолдануды ұсынды
Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарастыру қажет. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-дегі парақшасына осылай жазды. Президенттің пайымынша ту, елтаңба, әнұранды әрбір қазақстандық қастерлеп, құрмет тұтып қана қоймай, оны қолдану кезінде шектеуге тап болмауы тиіс.
Подробнее...ПТР-тесті жоқ жолаушы ұшаққа кіре алмайды
Иә, кеселге күле қарап, шетелге кеткендерді, қайтқанда құшақ жая қарсы алмайды енді. Үш аптада үш қайтара өзгерген құжатқа тағы түзетулер енгізілді. Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, қолында ПТР тесті жоқ жолаушы ұшаққа кіре алмайды. Ал адамдарды сынамасыз тасымалдаған әуе компанияларға қатаң шара қолданылады. Сәдуақас Байғабыловтың сөзінше қазірдің өзінде тәртіпке бағынбаған бірнеше әуе компаниясы әкімшілік жауапкершікке тартылыпты.
Подробнее...






