0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

Ауыл емханасындағы нәжістің иісі қолқаны қабады

Мүңкіген иіске шыдау мүмкін бе? Онсыз да қиын әрі қауырт қызметте жүрген дәрігерлерге тағы азапты іс артылды. Алматы облысындағы емхана дәрігерлері бір айдан бері қолқаны қабатын иіске тұншығып жұмыс істеуге мәжбүр. Өйткені кәріз жүйесі бұзылып, әжетханаларынан нәжіс аралас су кері ағып жатыр. , Емдеу мекемесінде еңбек етпек түгілі, ішке кірудің өзі қиын.

Подробнее...

Жабылған университет студенттерінің жанайқайы

Жер-жерде студенттер жылап жатыр. Бұл жолы Шымкенттегі Халықтар достығы университетінің шәкірттері шу шығарды. 12 мың білім қуған жастың басын қосқан оқу ордасы жуырда сот шешімімен лицензиясынан айрылып қалған еді. Енді оқуы ойран болған студенттерді өзге мекемелер қабылдамай жатыр. Неге? Үкім кесерде сот үміт күттірген жастардың жайын ұмытты ма?

Подробнее...

Ауыл тұрғындары медпункт пен мектепті өздеріп салып жатыр

Алматы облысындағы Сарқан ауданы тұрғындары өзекті мәселелерді демеушілердің көмегімен өздері шешуге кірісті. Арнайы қоғамдық қор құрып, ауыл-ауылдарда фельдшерлік пункт пен бастауыш мектеп салуда. Бастама былтыр Кәкімжан Қазыбаев ауылында қолға алынып, биыл 3 елді мекенде жалғасын тауып отыр. Көктемде құрылысы басталған нысандар жыл соңына дейін ел игілігіне тапысырылмақ.

Подробнее...

Көпқабатты үйде көмір жағып отыр

20 жылдан бері жылу көрмеген 300 отбасы. Ақмола облысының Аршалы кентінде Бүтіндей бір шағын аудан тұрғындары көпқабатты үйде көмір жағып күн көруде. Әр пәтер иесі үйіне пеш орнатып алған. Оның мұржасы бітеліп, адамдар уланып өлген жағдайлар да болған екен. Жергілікті тұрғындар биліктегілерден осы мәселені шешіп беруді талай мәрте сұрады. Бірақ, «ертең» деген әдемі ертегіге ел әбден тойды. Жаңа жылу жүйесі …

Подробнее...

Коронавирус өршіген шақ: 5 мың қазақстандық шетелде қыдырып жүр

Қазір шетелде 5 мыңға жуық қазақстандық қыдырып жүр екен. Трэвэл агенттіктер қараша айына да билеттер қалмағанын айтады. Ең қызығы, дәл осы шетелден келіп жатқандар арасында короанвирус тіркелуде. Тіпті, кей пысықайлар заңға бағынбай тестсіз елдің шекарасын аттамақ болған. Сонымен, олар кімдер?

Подробнее...

Кинотеатрлар ашылды

Жеті ай бойы жабық жатқан кинотеатрлардың қызметі қайта жанданды. Ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, бүгіннен бастап бизнестің бұл түрі «жасыл аймаққа» енген шаһарларда ғана ашылды. Тізімде Шығыс Қазақстан облысынан өзге өңірлердің бәрі бар. Дегенмен, бас қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысымен, астаналық кинотеатрлардың жұмыс істеуіне әзірге рұқсат жоқ. Жанна Пірәлиеваның сөзінше, екі аптада қаладағы эпидемиологиялық ахуал дұрысталса, бұл шешім өзгертулуі де мүмкін. …

Подробнее...

Жүлделі болдыңыз: желідегі алаяқтардан абай болыңыз!

Желіде әлдекімдер жүлделі болғаныңызды жазып, сүйінші сұраса, мұндай жандардан аулақ болыңыз! Өйткені оңай олжаға кенелемін деп, оңбай алдануыңыз мүмкін. Бұл интернет алаяқтарының кезекті айласы. Биылдың өзінде жалған сыйлық үшін жеке ақпаратын ойланбастан жариялаған мыңға жуық отандасымыз арам пиғылды адамдардың арбауына түсіпті. Ішкі Істер министрілігінің мәліметінше, ағымдағы жылдың тоғыз айында осы сарындағы 8 мың қылмыс тіркелген екен. Соның 1700-і ғана ашылыпты.

Подробнее...

9 жыл бойы өлілер санатында екенін праймеризге тіркелгенде бір білген

Алматы облысында Алакөл ауданының тұрғыны 9 жыл бойы өлгендер санатында жүрген. Кенжебек Алпысбаев бұл туралы тек праймеризге қатысуға ниет білдіріп, үміткер ретінде тіркелгенде бір-ақ білген. Осылайша, ойламаған жерден қиын жағдайға тап болыпты. Өйткені, ол күні-бүгінге дейін ел қатарлы салық төлеп, тиісті органдарда құжаттарын рәсімдеп отырған. Сөйтсе бар гәп 2011 жылдан басталыпты. Сол жылы Кенжебек Алпысбаевтың анасы өмірден озып, ол қайтыс …

Подробнее...

Студенттер оқу орнын жаппауды сұрап отыр

Тынышбаев атындағы Қазак көлік және коммуникациялар академиясының абдырап қалған студенттері оқу орнын жаппауды сұрауда. Өйткені 5 мыңнан астам шәкірттің басым бөлігі алыс аудан, ауылдар мен шағын стансалардан келген жастар екен. Өзге оқу орнына ауысу үшін барлығы пандемия кезінде Алматыға келіп, ауысатын оқу орнын іздеуге мәжбұр болмақ.

Подробнее...

Құрылысшы 11-ші қабаттан құлап, көз жұмды

Лифт шахтасы тағы бір адамның өмірін жалмады. Шымкентте салынып жатқан биік ғимараттың 11 қабатынан құрылысшы құлап қаза тапты. Жоғарыда жұмыс істеп жүрген 25 жастағы жігіт құлаған жерінде алған жарақатынан жан-тәсілім еткен. Қазір, қайғылы жағдайға байланысты еңбек инспекциясы жанынан арнайы топ құрылып, оқиғаны зерттеуге кірісті. Құрылыс нысанына біздің түсірілім тобымыз да барып келген еді. Оқыс жайт туралы тілшіміздің нұсқасын тыңдайық.

Подробнее...
X