0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

Кәсіпкерлер көмек сұрауда

Еңбек етсең ерінбей, сорлайсың айлық берілмей! Жалақысына жете алмай, еңбегі еш кеткен жұмысшыларға «тояды қарның тіленбей» дегенді дәлелдеп көріңіз. Елордада бір мекеме 70 миллион теңгені жоқ қылып, қызметкерлерді қаңғыртып қойды. Сегіз айдан бері ұстатпай жүрген басшылықты соттың да сөзі өтпейтін көрінеді. Бар дүние-мүлкін жиып-теріп, шетел асқалы жүрген дөкей кім?

Подробнее...

Қазақтар қара жұмыс үшін екі есе ақша сұрайды

Кәсіпкерлер қара жұмысшы таппай кәсіптерін жауып жатыр. Шетелдік жұмыс күші өз елдеріне кеткелі біздегі шағын-орта бизнес әжептеуір шатқаяқтап қалды. Себебі өзбек бауырлардың 3 мың теңгеге тындырып жүрген тірлігіне қазекем екі, тіпті үш есе артық ақша сұрайды. Сұрағанын бермейін десең, жұмыс тұралайды, құрылыс кешігеді… тағысын тағы…

Подробнее...

Тұрғындар салынған спорт кешенінің сапасына күмәнмен қарайды

Жуырда Алматы облысының Ұйғыр ауданында жаңадан салынып жатқан спорт кешенінің шатыры құлап, дүйім жұртты дүрліктіргені белгілі. Сол секілді, Ақсу ауданында бой көтерген спорт нысанының сапасына да көптің көңілі күпті. Өйткені, құрылыс барысында кемшіліктер кетуіне байланысты, бір бөлігі бұзылып, қайта жасалған екен. Оның үстіне, нысанды салуда бір емес, бірнеше компания ауысқан. Соның кесірінен, былтыр тапсырылуы тиіс ғимараттың құрылысы қазір тұралап тұр.

Подробнее...

Елімізде коронавирус қайта өршіп барады

Елімізде коронавирус қайта өршіп барады! Бұған алаңдаған мамандар дабыл қағуда! Індет той тойлап, жиын ұйымдастырудың кесірінен тарап жатқанға ұқсайды. Ережеге пысқырып қарамағандардың салдары жұртты әлі де әуре-сарсаңға салатын түрі бар. Әсіресе Алматыдағы ахуал адам шошырлық. Бүгін қаладағы хосписте 30 адамнан КВИ анықталған. Келесі сюжеттен көріңіз!

Подробнее...

Ақтөбе облысында мұғалімдер төбелесіп, біреуі мерт болды

Сұмдық! Ақтөбе облысында ұстаздар төбелесіп, бір мұғалім мерт болды! Кеуде тұсынан жарақат алған педагог оқиға орнында тіл тартпастан кеткен. Бала тәрбиелеп, білім беріп жүрген мамандар нені бөлісе алмаған? Кикілжіңге қатысты әріптестері не айтты? Оқыс жайттың жай-жапсары келесі сюжетте!

Подробнее...

Заңнан аттаған судъяларға жаза қатаңдатылуы мүмкін

Заңнан аттаған судъяларға жаза қатаңдатылуы мүмкін. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот судъяларының 8-ші съезіне қатысып, осындай ұсыныс білдірді. Мемлекет басшысы Фемидаға мамандарды дайындайтын Сот төрелегі Академиясының да жұмысын сынады. Ал, Жоғарғы сот өкілдері болса, қызметтеріне өзге құзырлы органдар мен Бұқаралық ақпарат құралдарының қалай кедергі болатындығын мәлімдеді.

Подробнее...

Студенттер үйі салынуда

Қазақстандық кәсіпкерлер студенттер жатақханасының құрылысына белсенді түрде атсалысып жатыр. Бұл орайда мемлекет оларға тиімді жағдай жасап, 6 пайыздық жеңілдетілген несие ұсынып оыр. Екі жылдың ішінде 19 мың орынды қамтитын 60-қа жуық келісім-шартқа қол қойылған. Бүгінде 11 мыңнан астам орынды қамтитын жатақханалар пайдалануға беріліпті. Игі іс жайлы тілші сюжеті.

Подробнее...

Елдің ақшасына салынған спорт алаңын ауыл әкімдігі сатып жіберген

Дайын асқа тік қасық! Түркістан облысында ел-жұрттың қаржысына салынған спорт алаңдарын ауыл әкімдігі аукционмен сатып жіберген. Ол жерлерді елді мекенге түк қатысы жоқ өзге біреулер иемденіп алып, бұл күнде тоз-тозын шығарған. Аумақтың тозығы жеткені соншалық, жер телімі мал жайылымына айналған. Осылай деп шағымданған Қазығұрт ауданы Сарапхана ауылының тұрғындары амалсыз облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтен көмек сұрауға мәжбүр.

Подробнее...

Күйеуі әйелін сабап, балаларын тартып алған

29 жастағы елордалық келіншекке өз күйеуі жала жауып, жындыханаға тоғытқан. Ажырасуға бекінген әйеліне отағасы ерегісіп, осындай қадамға барыпты. Онысымен қоймай аяусыз ұрып-соғып, аяғын сындырған. Бір ғана елорданың өзінде 9 айда 6 әйел адам өз күйеуінің қолынан көз жұмыпты. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы отбасылық кикілжің нәтижесінде ер адамдардың да зардап шегітінін айтуда. Биыл 2 ер азамат тұрмыстық келіспеушілік салдарынан қайтыс болыпты.

Подробнее...

Елімізде азық-түлік бағасы қымбаттады

Елімізде азық-түлік бағасы қымбаттады. Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауарлардың құны 4 пайызға артқан екен. Бұл туралы сауда-саттық және интеграция министрлігінің өкілдері онлайн брифинг барысында мәлімдеді. Қымбатшылық әсіресе елде төтенше жағдай жарияланған тұста қатты байқалыпты. Қазіргі таңда жауапты ведомство базардағы бағаны тұрақтандыру үшін бірқатар іс-шаралар кешінін жүргізуде екен.

Подробнее...
X