0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

Сайлауға 15,3 млрд теңге жұмсалады

Алдағы Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына бюджеттен 15 млрд теңгедей қаржы қажет. Бірақ, бұл сан ары қарай өсуі мүмкін. Мұндай мәліметті Орталық сайлау комиссияның төрағасы айтты. Сондай-ақ, науқанға қатысатын әр үміткер 679 мың 500 теңге сайлау жарнасын төлеуге міндетті. Кандидаттарды ұсыну науқаны 10 қарашада басталады екен. Бірақ, қазірдің өзінде еліміздегі партиялар өзінің додаға қатысатын үміткерлерін дайындап жатыр.

Подробнее...

Қонаевқа соғылған талғамсыз мүсін елдің наразылығын тудырды

Дінмұхаммед Қонавтың жаңа монументі қоғамның қызу талқысына түсуде. Алматы облысының Бақанас ауылына қойылғалы жатқан монумент сәулет өнерінің талаптарынан жұрдай дейді мамандар. Одан қалды, ұлтымыздың біртуар тұлғасын қасақана келеке етті деп сынның астына алып жатқандар көп. Сонымен даулы ескеткіштің авторы кім? Оның айтар уәжі қандай?

Подробнее...

Қаңтарда мәжіліс депутаттарының сайлауы өтеді

Келер жылы Парламенттің құрамы жаңарады. Алдағы жылдың 10 қаңтарында елімізде Мәжіліс депутаттарының сайлауы өтетін болады. Мұндай Жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Заң шығарушы органға оппозициялық партия өкілдері де келмек. Сондай-ақ, бұл саяси науқанда Мәжілістегі жастар мен әйелдер үлесі де артады. Халықтың сайлау туралы ойы қандай? Саясаттанушылар не дейді?

Подробнее...

Ұлын көлік қаққан ақсақал әділдік іздеп жүр

Әділдікке қол жеткізе алмай жүрмін! Бұл — қызылордалық сексенге таяп қалған қарияның базынасы! Былтыр қаңтар айында ақсақалдың ұлын көлік қағып кеткен. Жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген 42 жастағы жігіт үш күннен кейін жансақтау бөлімінде көз жұмыпты. Содан бері екі жылға жуық уақыт өтсе де марқұмның әкесінің жаны тыныштық таппай келеді. Себебі, ұлының өліміне кінәлі көлік жүргізушісі әлі табылмапты.

Подробнее...

20 жастағы қызды жалдамалы пәтерде тұншықтырып өлтірген

Шымкентте бойжеткеннің мәйіті табылды. 20 жастағы аруды жалдамалы пәтерлердің бірінде тұншықтырып өлтіріп кеткен. Пәтер иесі марқұмның денесін тек екі тәуліктен кейін ғана байқапты. Себебі, баспананы жалға алған жігіт есікті сыртынан құлыптап, өзі белгісіз жаққа қашып кеткен көрінеді. Қазір, осы іс бойынша «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Подробнее...

Оралда жастар төбелесіп, біреуіне оқ тиді

Оралда жастар топ болып төбелесіп, оқ тиген біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. 24 жастағы жігіттің іш қуысына ота жасалыпты. Оның көптеген ішкі органдары, кеуде тұсы зақымданып, қабырғалары сынғаны белгілі болды.

Подробнее...

Теріскейде 870 мың үй құсы қырылды

Теріскейден тараған тұмаудан 870 мыңға жуық үй құсы қырылып қалған. Бұл елдегі қанаттылардың жалпы санының 2 процентіне тең. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді. Қазіргі таңда құс өлекселерін өрттеу және инфекция ошақтарында дезинфекция жұмыстары жүргізілуде екен. Осы ретте, ведомство басшысы республикалық бюджеттен қосымша тағы 3 млрд теңге бөлуді сұрап отыр. Министр аталған сомма шығынға әбден батқан …

Подробнее...

Баласын бір миллион теңгеге сатпақшы болған әйел 6 жылға сотталды

Бір жастағы сәбиін миллион теңгеге сатпақ болған шымкенттік әйел алты жылға бас бостандығынан айырылды. Полицияның мәліметінше, жас келіншек биыл қаңтар айында туған баласын қала тұрғынына тапсырып жатқан кезінде ұсталған. Тергеу барысында ол мұндай әрекетке ақша тапшылығына байланысты барғанын алға тартып, өз ісіне өкінетінін айтқан. Күдікті үй қамағына алынып, осы жылдың наурыз айында оған қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді. Прокурор айыпталушыны …

Подробнее...

Бір жыл да өмір сүрмейсің деген…

Ата-анасы одан перзентханада бас тартқан. Дәрігерлер «ұлдарыңыз бір жыл да өмір сүрмейді» деп, балаларына қорқынышты диагноз қойған екен. Дегенмен, тағдырына мойымай, қазір тоғыз жасына толған ұлдары бәріне өмірге деген құлшынысын дәлелдеді. Көпті қайсарлығымен тәнті еткен баламен әріптесім тілдесіп қайтты.

Подробнее...

Тұрғындар балалар алаңқайының орнына дүкен салынуына қарсы

Жер үшін талас! Павлодарда жергілікті тұрғындар көпқабатты үй ауласына салынып жатқан заңсыз құрылысқа қарсы шықты. Балалар алаңы мен автотұрақ салып береміз деп уәде еткендер, тұрғындардың келісімінсіз дүкен салуды бастап кетіпті. Ал ата-аналар ұл-қыздарының асыр салып ойнайтын жері болса да деп армандайды.

Подробнее...
X