0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

Қалада коронавирус қайта өрши бастады

Алматы жұрты тағы да үйге қамалуы мүмкін бе? Шаһардың бас санитар дәрігері бүгін қала тұрғындарына үндеу жасады. Оның сөзінше, мегополисте коронавирус індеті өршіп барады. Бір күннің ішінде қауіпті инфекция 12 адамнан табылыпты. Олардың арасында дертті шетелден жұқтырып келгендер де бар. Сонымен, Алматыда локдаун жарияланауы мүмкін бе?

Подробнее...

Кинотеатрлар ашылуға дайын ба?

Коронавирустың кесірінен 20 миллиард теңгедей шығынға ұшыраған кинотетрлар араға жарты жыл салып қайта көрерменді қабылдауға мүмкін алатын болды. Вирустың таралуы бәсеңдеген аумақтарда ғана мұндай жеңілдіктер жасалмақ. Бірақ, кейбір алып шаһарларда жұрт ойын-сауық орталығының табалдырығын аттай алмай қалуы да мүмкін екен.

Подробнее...

Жас жігітті өлтіріп, денесін өртеп жіберген

Түркістан облысында із-түссіз жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды. 23 жастағы Батыр Мәмбетәлиевті 4 жігіт аяусыз өлтіріп, денесі мен көлігін өртеп кетіпті. 8-ші қазаннан бері азаматты туыстары шарқ ұрып іздегенімен, тек 9- тәулік дегенде көрші ауылдың шетіндегі сайдан тапқан. Енді, қара жамылған отбасы күдіктілердің қатаң жазаға тартылуын талап етіп отыр. Марқұм Батыр Мәмбетәлиев әлі шаңырақ көтеріп үлгермеген екен.

Подробнее...

Екінші толқынға дайындық

Коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатқан Денсаулық сақтау министрлігі 8,2 млрд теңгеге дәрі-дәрмек сатып алған. Барлық қоймаларды препаратқа толтырып қойдық деп есеп берген Алексей Цой, тосын жағдайларға дайынбыз деп отыр. Ал, енді COVID-19 инфекциясын жұқтырған адам, ПТР тест тапсырмай ақ, өзі тіркелген медициналық мекемеден ыстық түсіретін дәрілерді тегін алуына құқылы. Екінші толқынға Үкімет қандай дайындық жүргізіп жатыр?

Подробнее...

Блокбекетте қос полицейді қағып өлтірген экс-полицейге үкім шықты

Блокбекетте қос әріптесін қағып өлтірген экс-полицейге сот үкімі шықты. Карантин күшейген кезде қылмысымен жұртты шулатқан Азат Азаматов темір тордан бөлек, зардап шеккен тарапқа 66 миллион теңге моральдық шығын өтеуге міндеттелді. Ал марқұмдардың туыстары судья шешіміне көңілдері толмайтындығын айтты. Олар бірнеше баланы әкесіз қалдырған қаскөйге қатаң жаза керек дегенді алға тартып отыр.

Подробнее...

Жазасын өтеп жатқан балаларымыз үшін алаңдаймыз

«Жазасын өтеп жатқан балаларымыз үшін алаңдаймыз». Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары осындай шағыммен арнамызға хабарласты. Наразы топтың пайымынша, Ішкі істер министрлігі өңірдегі «ОВ-156/17» түзеу мекемесінен олардың жақындарын әбден тозығы жеткен, қыста дұрыс жылынбайтын «ОВ-156/18» ауыстырмақ дейді. Пандемия кезінде 200 жазасын өтеушіні қоныс аударту министрлікке не үшін керек? Шағымданғандар тағы не деді?

Подробнее...

Павлодарда сары жапырақ үстіне асфальт төседі

Павлодарлық ноу-хау. Қоңыр күзде, сары жапырақ үстіне асфальт төсеп жүрген мердігер компания көптің күлкісіне қалды. Бұл шу әкімдіктің назарына ілігіп, аталған мекеменің осыған дейін атқарған барлық жұмысы тексерілетін болды. Оқиға орнына жеткен шаһар басшысы Ержан Иманслям, мердігер компанияға суып үлгермеген асфальтты қайта бұздырған көрінеді.

Подробнее...

Алматыда танымал дизайнер сүйіктісінің ағасының қолынан қаза тапты

Алматыда танымал дизайнерді өлтіріп кетті. Сәбит Сырахан сүйіктісінің ағасының қолынан қаза тапты. Полицейлердің дерегінше, қайғылы оқиға 18 қазан күні түнгі екілер шамасында «Алмагүл» шағын ауданында болған. Полицияға ер адам хабарласып, азаматтардың төбелесіп жатқанын жеткізген. Салдарынан бірі соққыға жығылып, екіншісі оқиға орнына ізін суытқан. Жедел жәрдем дәрігерлері ер азаматқа көмек көрсетпек болғанымен ол алған жарақатын көз жұмған. Полицейлер күдіктіні көп ұзамай …

Подробнее...

Қорлық көрген қыз: өз әке-шешемнен қорқамын!

Өз әке-шешемнен қорқамын! Ата-анасының агрессиясынан азап көрген жасөспірім қыз көпшіліктен көмек сұрады. Оқушы жариялаған видеода әкесінің адуын сөйлеп, қол жұмсамақ болғаны байқалады. Бұрымды бірнеше жылдан бері қорлық көріп келе жатқанын жазған.

Подробнее...

Қаза тапқан полицейдің жесірі мен баласына уәделі баспана берілмеген

Уәде қайда? Ақтөбеде қызмет бабында жүріп жанқиярлықпен қаза тапқан полицейдің жесірі мен ұлы баспанасыз жүр. Марқұмның туыстары сол кезде көңіл айта келген генералдан бастап, облыстың әкімі де уәдені үйіп-төккенін айтады. «Айбын» орденін тапсырып тұрып, қаладағы бір көшеге есімін де береміз депті . Бірақ орындалған уәде, берілген баспана да жоқ! Ер есімі неге ел есінде емес?

Подробнее...
X