10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Новости

Шенеуніктер қорғалатын табиғи аумақтың жерін меншіктеп алған

Бұл сұмдық қой! Түркістан облысында бұрынғы аудан әкімі ерекше қорғалатын табиғи аумақтың жерін өзінің меншігіне айналдырып алыпты. Айналасын тікенек сыммен қоршап, мал шаруашылығымен айналысып отырған көрінеді. Тіпті, сол маңайды көздің қарашығындай қорғап жүрген табиғат жанашырларының өзі әлгі территорияға кіре алмайтын халге жеткен. Бұл туралы өңірге белгілі заңгер Еркін Қаһаров өзінің әлеуметтік парақшасында жазды. Оның сөзінше, Отырар ауданының әкс-әкімі Бейбіт Сыздықов …

Подробнее...

Алты адам лифтіде тұншыға жаздады

Қорқынышты лифт! Алматыдағы көпқабатты үйдің алты бірдей тұрғыны жеделсаты ішінде тұншығып қалады жаздады. Араларында үш бала бар. Жеткіншектердің қорыққаны соншалық, айқайлап жылай бастаған. Кеңес заманынан қалған лифттер үнемі тоқтап, адамдардың өміріне жиі қауіп төндіреді екен.

Подробнее...

Індетке ем іздегендер иттің етін жеп жатыр

Елде иттің етінен ем іздегендер көбейді. Вирусқа қарсы шипа деп әуелі зімбір, кейін лимон, сосын құйрық майға таласқан жұрт, енді жеті қазынаның біріне жармасып жатыр. Төрт аяқтынының етінен сорпа қайнатып ішкендер нені білуі керек? Бұған қатысты шариғатта не айтылған?

Подробнее...

Бірнеше өңірде карантин күшейді

Қарағанды кіреберісіне блокпосттар орнатылды. Бірақ бұл шаһарға кіріп-шығу шектелді деген сөз емес. Бүгін түнгі 12-ден бастап аталған аймақта карантин күшейеді. Бұдан бөлек, Қостанай облысына да жаңадан шектеулер енгізілмек. Вирус жұқтырғандар саны күрт көбейгендіктен мамандар осындай шешім шығарған көрінеді. Дерт дендегенмен, ел ішінде жиын-той тыйылмай тұр. Өткен демалыс күндері құзырлы органдар үйлену тойлары мен бірнеше құдалықтың үстінен түсті.

Подробнее...

Елорданың қақ ортасында отырып, жолға жарымай отыр

Елордада бүтін бір көпқабатты үйдің тұрғындары қаланың қақ ортасында тұрып, жолға жарымай отыр. Айналасында қысы-жазы бір сәтке де тоқтамайтын құрылыс, оған қоса құбыр жөнделуде. Бірақ, ол жұмыстардың бітер түрі жоқ. Жұрт сондықтан, тұрғын үй кешенін салғанда жолды ұмытқан жауаптыларға наразы. Себебі, тұрғын үй қоршаудың ортасында қалған. Көліктері өте алмайтын адамдар баспаналарына бірнеше шақырым жаяу жүріп, қатынауға мәжбүр.

Подробнее...

Х-Factor жобасының сегізінші маусымы басталады

Тек жанды дауыс пен шынайы эмоция. Миллиондаған көрерменнің көзайымына айналған «Х-FACTOR» жобасы тура бір аптадан соң көрерменге жол тартады. Еуразия бірінші арнасында елдегі ең ауқымды музыкалық тележобаның 8 маусымы басталмақ. Жылда жаңашылдығымен таңғалдыратын жоба көзі қарақты көрерменіне биыл қандай тосын-сый дайындады? Жоба сыртындағы дайындық барысын біздің түсірілім тобы көріп қайтты.

Подробнее...

Алматыда банкке шабуыл жасағандар 2 млн теңгені қолды қылды

Осы Алматыда ірі банк бөлімшелерінің біріне қарақшылық шабуыл жасалды. Оқиғаның видеосы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Мына кадрдан ғимаратқа баса көктеп кірген қаскөйдің есепші отыратын бөлменің терезесін сындырып, ішкен енгенін көруге болады. Болжам бойынша, қаруланған екі қаскүнем кассадан 2 миллионға жуық теңгені қолды қылып, іздерін суытқан. Қазір олар іздестіріліп жатыр.

Подробнее...

Батпаққа батқан жұрттың өтініші

Семейде жауапсыз мердігердің кесірінен тұрғындар батпақ кешуге мәжбүр. Шіліңгір шілдеде орталық көшеге ауыз су құбыры тартылыпты. Алайда жұртшылықтың қуанышы көпке бармаған. Су тартқан мердігер мекеме асфальтты қопарып, дұрыс жаппаған. Қазір шаһардағы ең ұзын көшелердің бірі белуардан батпақ. Резеңке етіксіз жүру әсте мүмкін емес деп тұрғындар ашынуда.

Подробнее...

Індеттен қайтыс болған дәрігерлердің отбасыларына өтемақы төлене бастады

Коронавирус жұқтырып, қайтыс болған дәрігерлерге заң бойынша белгіленген өтемақылары төлене бастады. Мәселен, індеттің құрбаны болған 182 маманның отбасына 10 млн теңгеден үлестірілді. Ал, вирустық пневмониямен ауырған медицина қызметкерлеріне денсаулығын түзеу үшін 2 млн теңгеден берілді. Бұл жөнінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. Бірақ, карантин талаптары сақталса да, індет жұқтырғандар саны азаймай тұр. Себебі, санитарлық ережелерді елеп жатқан ешкім …

Подробнее...
X