«Бас киіммен ұйықтаймыз!» Ақтөбеде тұтас бір шағын аудан тұрғындары жылусыз отыр. Ондағы жұрт баспанасын мемлекеттік бағдараламамен алған. Бүрсеңдегендер мәселесін айтып, талай табалдырықты тоздырыпты. Еш нәтиже болмағаннан кейін облыс әкімдігіне баса-көктеп кіріп барды. Қалтыраған қараша халық әкіммен жүздесе алды ма? Сырты бүтін, іші түтін баспананың сапасына кім жауапты?
Подробнее...Новости
Диқандар шаруа қожалығының басшысына бостандық сұрады
Жерлестерін жебеп жүрген адам қалай жаман болады? Бәлкім жаман шығар, бірақ жарлыға жақ еді. Күзгі егін науқанынан кешіккен диқандар не істерін білмей дал. Өйткені бірнеше жылдан бері шаруа қожалығын басқарып, ауылдастарына жұмыс беріп отырған азаматты полиция қамап қойыпты. Салдарынан дала жұмыстары жүгенсіз қалып, жер емген жұртшылық жыларман күйде. 100-ден астам адам жетекшісіне бостандық сұрап, дат айтты. Ол орындала ма? Кәсіпкер …
Подробнее...20-дан астам отбасы паналаған үй құлағалы тұр
Үрейлі баспана. Алматы облысының Ақсу ауданында 20-дан астам отбасы жел соқса құлағалы тұрған баспананы паналап отыр. 16 пәтерлі қос қабатты екі үй сонау өткен ғасырдың 60-жылдары салынған екен. Әбден тозығы жетіп, ескірсе де, әлі күнге апатты деп танылмаған. Соның кесірінен кейбірлері тұрғын үй алу кезегінен де қағылғандарын айтады.
Подробнее...Жайлы жатақханалар құрылысы
Кең әрі жайлы жатақхана! Міне үшінші жыл қатарынан Тұңғыш Президенттің бастамасына сәйкес елімізде студенттер үйінің құрылысы жүруде. Бағдарлама аясында 24 нысан қолданысқа берілсе, 6 мыңға жуық студент жаңа бөлмелеріне орналасты. Жоба инвесторларды қолдау аясында жүзеге асуда. Биыл қанша жатақхана қолданысқа берілмек.
Подробнее...Қалада оқыған қыздар ауылға барғысы келмейді
Ауылда тұрғым келмейді! Қалада білім алып, шаһардың қызу тірлігіне бой үйреткен жастарымыздың шалғайдағы елдімекендерге барғысы жоқ. Әрине, жігіттер қора тазалап, отын жарып, қыздарымыз сиыр сауып, май шайқап жүргісі келмейтіні айдан анық. Бірақ қиыры жоқ шаруаны шырқ айналдырып жүрген ауылдың қарапайым келіндері кейінгі кездері елдің назарын жаулауда. Олардың күн сайынғы әрекетін әлеуметтік желілерде аңдып отыратындар қатары артқан.
Подробнее...Ұрланған жылқылар мал базарынан табылды
Алматы облысында ұрланған 17 жылқы мал базарынан табылды. Шығынның жалпы көлемі 12 миллион теңгеден астам қаржыға бағаланған. Барымташылар Қамбар ата төлін түн ішінде жайылымнан айдап әкетіп, сатпақ болған екен. Бірақ бұл арам ойларына түк шықпады. Жәбірленуші өз малын базарлардың бірінде танып, полицейлердің көмегімен қайтарып алған. 37 жастағы Жамбыл ауданының тұрғыны анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оның басқа да осыған …
Подробнее...Семинарларды қысқартып, қаржыны маңызды жобаларға жұмсау ұсынылды
Семинар мен симпозиумдардың санын қысқартып, үнемделген қаржыны әлеуметтік маңызы бар жобаларға жұмсау қажет! Төменгі палатаның отырысында алдағы екі жылға арналған республикалық бюджетті талқылау барысында Мәжіліс төрағасы депутаттарға осындай ұсыныс айтты. Сондай-ақ, Нұрлан Нығматулин ауыз суы жоқ елді-мекендердің мәселесін шешіп, ауылдарда дәрігерлік амбулаторияларды салудың маңыздылығын да ерекше атап өтті.
Подробнее...Пара алды деген күдікпен мәйітхана басшысы қамауға алынды
Алматыда қалалық мәйітхана басшысы Бақытжан Әлібеков екі айға қамауға алынды. Ол «14 миллион теңге көлемінде пара алды» деген күдікке ілінген. Күдікке ілінген азамат қалалық паталогоанатомиялық бюроны 6 жылдан бері басқарып келген.
Подробнее...Қырғыз елінің президенті өз еркімен отставкаға кетті
Оппозиция ақыры жеңіске жетті. Қырғыз елінің президенті Сооронбай Жээнбеков бүгін өз еркімен отставкаға кететінін мәлімдеді. Соңына дейін берілмеген мемлекет басшысы қарсыластарының айтқанына көнуге мәжбүр болды. Ал, талан-таражға түскен елді уақытша басқару міндеті Жогорку кенештің спикері Қанатбек Исаевқа сеніп тапсырылды. 15 жылда 5 басшы ауысқан айыр қалпақты ағайынның алдағы жағдайы не болады? Біздің елге тигізер әсері қандай?
Подробнее...Елдегі эпидемиологиялық ахуал
Коронавирус инфекциясына шалдыққандардың саны көбейіп жатқандықтан, әлемде бірнеше аптадан кейін өлім-жітім көрсеткіші артуы мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымы мәлімдеді. Сонымен қатар індет жұқтырғандар өмірде ауырмаған дертке шалдығуы мүмкін. Ол қандай ауру, тілшіміз біліп келді.
Подробнее...






