Ысырапшылдық пен даңғазалыққа жол берген жоқпыз! Семейге сапарлаған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Абайдың ескерткішінің ашылу салтанатында осылай деді. Тарихи тұлғаның 175 жылдығының тойлануына қатысты пікірін білдірген президент, ақын айтқан «мақтаншақтық» пен «бекер мал шашпақты» тыюдың бір жолы осы екенін алға тартты.
Подробнее...Новости
Көлік апатынан екі полицей көз жұмды
Щучинскідегі қос полицейдің өмірін жалмаған сұмдық жол апаты. 25 жастағы көлік жүргізушісі қатты жылдамдықпен жүйткіп келіп, 33 және 38 жастағы полицейлер мінген қызметтік көлікке соққан. Оқиғадан кейінгі фотоларда екі темір тұлпардың бір-біріне жабысып, мыжылып қалғанын байқауға болады. Қайтыс болған кімдер? Жүйтік келіп соққан жан неге көлік тізгіндеу құқығынан айырылса да, рөлге отырған?
Подробнее...Балаңыз Tик-Tок пен Инстаграмға не түсіріп жүр?
Қолына камера ұстаған балалар өзгеге өлім тілеп жүр! Соңғы кезде желілерге желімдей жабысқан жеткіншектеріміздің кісі шошырлық әрекеттері белең алуда. Әлі оң-солын ажырата қоймаған ұл-қыздар құлаққа түрпідей тиетін сөздерді айтып, ересектерге тән қимылдар жасауға дейін барады. Ал балаларының бұл қылығынан ата-анасы хабардар ма? Жауапты мамандар қандай ескерту айтты?
Подробнее...Шенеуніктерді жемқор ететін тойымсыз әйелдері!
Бәріне әйелдер кінәлі! «Ері елдің қамымен жүргенде әйелдер өз қамына кіреседі» деген болжам рас па? Шенеуніктердің жемқор атануына бірден-бір себепкер әйелі, дейді психологтар. Ал сыбайлас жемсқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі бұл пікірді жоққа шығармайды. Толығырақ тілші баяндайды.
Подробнее...Ақша толы сөмке мен қару асынған жігіттер ұсталды
Қомақты ақша салынған сөмке мен қару. Әлеуметтік желіде тараған видеодағы «Жаркенттің жігіттерін» іздеген полицейлер оларды көп ұзамай қолға түсірді. Бума-бума ақшамен қатар, жігіттің жанында жатқан Калашников автоматына ұқсас қару да видеоға түсіп қалған. Тәртіп сақшылары бейнежазба авторларын анықтап, тергеу шараларын бастады. Әзірге желідегі «батырларға» қандай шара қолданылатыны белгісіз.
Подробнее...Павлодарда мұғалімді зорлаған қаскөй 15 жылға сотталды
Ал, Павлодар облысында 19 жастағы мұғалімді зорлаған қаскөй 15 жылға бас бостандығынан айырылып, судья жәбірленушіге моральдық шығын өндіріп берді. Сот отырысы онлайн режимде өткен. Еске салайық, оқиға осы жылдың ақпан айында Майқарағай ауылында болған еді. Бойжеткен түнгі уақытта интернеті бар мектепке барып жұмыс істеуге мәжбүр болған. Ақпанның 25-нен 26-на қараған түні қараусыз қалған үйде қаскөй арам ойын іске асырып басқа …
Подробнее...Алма ағаштары оталуда
Алматының атақты алмасы отынға айналды. Алатаудың бөктеріндегі бір кездері жайқалған жасыл бақ қурап, пешті жылытуға ғана жарап қалды. Әйгілі апорттан бастап алманың бірнеше түрін мамандар жарты ғасыр бұрын арнайы отырғызған екен. Бұған дейін талай адамға азық, көрмелердің көзайымы болған алқызыл жемістер енді жоғалудың аз-ақ алдында. Атадан мал қалғанша, тал қалсын деуші еді, ата-әжелеріміз отырғызған алма ағашына қалайша балтаның жүзі тиді? …
Подробнее...Елордада карантин қайта күшейтілді
Бас қалада тағы карантин! Елорданың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес бүгіннен бастап шаһарда шектеу шаралары қайта енгізілді. Одан бөлек науқастанғандардың дені шетелден келгендер екенін ескере отырып, бірнеше елмен әуе қатынасы қысқарады. Сондай-ақ, жазда ауырып шықтым деп, вирустан қорықпай, бөрікті аспанға лақтырып жүргендерге министрдің айтар ескертуі бар екен. Тақырыпты әріптесім тарқатады.
Подробнее...Есілге құятын өзен ластанды
Елордадағы Ақбұлақ өзені ластанды. Су бетіне қоңыр түстес масса қалқып жүр. Халық көп баратын өзен жағасындағы белгісіз дүние құстарға да кедергі келтіруде. Тіпті, жергілікті тұрғындар бір құстың өлгенін хабарлауда. Есілге барып қосылатын ағынды суға не болды? Экологиялық апатқа кім кінәлі?
Подробнее...Жұмыста қос аяғынан айрылған азаматтың халін де сұрамаған
Сап-сау кетіп, мүгедек болып оралдым! Жұмыста жүріп, екі аяғынан айрылған азамат әділдік іздеп жүр. Жанайқайына не жұмыс беруші, не жауапты мекемелер құлақ аспаған. 45 жастағы азаматтың арбаға таңылғанына кім кінәлі?
Подробнее...






