Біздің шығынды кім өтейді? Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы жылқылары белгісіз індеттен үйірлеп арам қатқан мал иелері үкіметтен көмек сұрайды. Біз бұл жайтты екі апта бұрын көрсеткен болатынбыз. Ем-дом жүргізгенімен малдарын өлімнен алып қала алмай жатқан жаңақорғандықтар шарасыздықтан жергілікті биліктен көмек сұраған еді. Мал дәрігерлері бұл індеттің жұқпалы еместігін сөз етіп, есті малдың шығынына өтемақыдан бас тартты. «Күн суытса болды бұл …
Подробнее...Новости
Ақыл-есі кем деп жазып жіберген
Оқуға түсу мүмкіндігін мүгедектік емес, медициналық қателік шектеп тұр. 30 жастағы Алматы облысының тұрғыны дәрігерлер кесірінен әлі күнге аттестат ала алмай жүр. Туа бітті сал ауруына шалдыққан жігітті бала күнінде ақыл есі кем деп жазып жіберген. Осылайша 8 жыл мектепте оқыған Айдос Сырғабаев 9-сыныпты үйден бітіріпті. Көмекші бағдарламамен білім алғандықтан қолына тек анықтама алып шыққан. Ал, онымен ешбір жерге оқуға …
Подробнее...Мал өсіргеннен балық өсірген тиімді
Балық жеген тоқ болар. Ауылшаруашылық саласында жүрген мамандар да, кәсіпкерлер де қазір мал ұстағаннан гөрі балық асыраған әлдеқайда тиімді дейді. Ел ішіндегі сұранысы еттен кем түспейтін желбезектіні көбейтудің шығыны да шамалы. Кез-келген өзен арнасының маңынан шаруашылық ашып, кәсіп қыла беруге болады. Гектар-гектар жайылымның да, жаз жайлау мен қыс қыстаудың да керегі жоқ. Ал, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әр адам жылына …
Подробнее...Ежелгі тұрғын үй мен кесене орны табылды
Түркістан облысында XV ғасырға жататын тұрғын үйлер мен кесене орны табылды. Отырар ауданында ежелгі шаһардың орнын қазып жүрген археологтар көне қаланың үстінен түскен. Мамандардың сөзінше, қазба жұмыстары кезінде шыныдан жасалған моншақ бөліктері мен күміс теңгелер көмбесі де шыққан. Қазір табылған дүниелер топырақ астынан аршып алынып, сараптамаға жіберілген.
Подробнее...Талдықорғанда жезөкше еркектер мен жеңгетайлары ұсталды
Талдықорғанда жезөкшелікпен айналысқан еркектер мен олардың жеңгетайы ұсталды. Алматы облыстық полиция басқармасына қаладағы монша кешендерінің бірінде ер адамдардың тәнін саудалайтыны жөнінде хабар түскен. Жедел жүргізілген шара барысында ақпарат расталып, тәртіп сақшылары әкімші әйелді ұстады. Тексеріс нәтижесінде 33 жастағы жеңгетай өз клиенттеріне жігіттердің телефон нөмірлерін беріп отырғаны анықталды. Қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Подробнее...Елордалықтар қоқыс үшін тіркеуде тұрған адамның бәріне төлейді
Елордалықтар пәтерлеріне «елес» адамдардың тіркелуінен, қоқысқа ай сайынғы бекітілген нормадан бірнеше есе артық қаржы төлеуге мәжбүр. Себебі, тұрмыстық қалдықтардың тарифі баспанаға есепке тұрған тұлғалардың санымен есептеледі. Бөгде адамдар үшін ақы төлеуден шаршаған тұрғындар қаладағы қоқыс шығаратын компанияның алдына жиылды. Олар үйлеріндегі тіркеуде тұрған адамдарды тізімнен шығарып, қалдыққа төленетін соманы қайта есептеп беруін сұрайды.
Подробнее...Елорда мектептерінде індеттен сақтану шаралары аяқасты болды
Коронавирус енді үлкендерді қойып, балаларға жұғуы мүмкін дегенді көп естіп ек. Сол ақиқатқа айналғандай. Бір ғана Шығыс Қазақстан облысында 58 оқушы вирус жұқтырды. Мектепке барып жүргендері ғана емес, үйінде отырып онлайн оқитындары да ауырып жатыр. Әрине, ересектерге қарағанада балаларда жеңіл өтеді. Десе де, оның өзі тасымалдаушы бола алатынын естен шығармайық. Ал қазір тәжтажалдан қорғанудың жалғыз жолы бетперде мен әлеуметтік арақашықтық …
Подробнее...Жер үшін таласқандар оқ атты
Жер үшін атылған оқ! Қызылорда облысында кәсіпкер мен тұрғындар арасында дау шығып, арты қайғылы аяқтала жаздады. Бір-біріне қару кезеніп, жұдырық ала жүгірген қос тараптың әрекетін куәгерлер камераға түсіріп алыпты. Қолына автомат ұстаған күзетшілер мен оларға қарсы ұмтылған жандардың балағат сөздер айтып, тіпті кейбіреуі комбайнның алдына шығып алғанын көруге болады. Ен даладағы екі жақтың арасындағы айқайдың жай-жапсары келесі сюжетте!
Подробнее...Жолсеріктер жанайқайларын жеткізді
Жекенің қолына өткелі жағдайымыз мүшкіл! Маңғыстау-Ақтөбе бағытындағы пойыз жолсеріктері журналистерге жанайқайын жеткізді. Компания басшылығы еңбек-келісім шартын сақтамағаны былай тұрсын, қатынап жүрген вагондарының сапасы сын көтермейді дейді. Жауапты басшылар былыққа қазір назар аудармаса жолаушылардың өміріне қауіп тұр деп дабыл қағуда.
Подробнее...Алаяқтар карточкадан ақша шешіп алуда
Абайлаңыз, алаяқтар! Желіде қарапайым халықтың адал ақшасын арам жолмен жымқыратындар көбейіп жатыр. Жыл басынан бері тек астаналықтардың өзі жалпы соммасы 2,5 млн теңгеге алданып қалған екен. Дені зейнеткерлер. Одан қалды, басыңызда несие барын біліп қалсаңыз таңғалмаңыз. Алаяқтар қазір жеке куәліктің көмегімен-ақ кредит рәсімдей беретін болған. Сонда қайтпек керек?
Подробнее...






