Елімізде құс тұмауынан жалпы саны 406 мың қанатты қырылған. Оның 45 мыңы жеке қожалықтың шығыны. Тауық, қаз, үйректі балапан кезінен бағып, бірақ бір мезетте барынан айырылғандарға Ауылшаруашылық министрлігі көмектесуге дайын. Тіпті, ведомстводағылар бір бас құс өтемақысы 800 бен 1200 теңге аралығында деген бағаны да белгілеген. Бірақ, өкініштісі сол, шығынға батқан құс асыраушылардың барлығы да бұл өтемақыға қол жеткізе алмауы мүмкін. …
Подробнее...Новости
Су алу үшін сағаттап кезекте тұрамыз
Қыстың көзі қырауда қарды қайнатып ішпесек болғаны. Алматы облысының Кербұлақ ауданындағы Қосағаш ауылы тұрғындары осылай деп арнамызға мұңын шақты. Елдімекенде бар-жоғы 3-ақ колонка бар екен. Оның өзі сыздықтап ағып, тағатымызды тауысады, — дейді. Ал, Талдыбұлақ ауылының тұрғындары құм араласқан суды тұндырып ішуге мәжбүр. Одан қалса, су жиналатын қойманың айналасы да қоршалмаған екен. Жағдайды көзбен көріп қайтқан өңірдегі тілшіміз толықтырсын.
Подробнее...Семейде 9 айлық сәби дәрігерлердің салғырттығынан көз жұмды
Тағы да бала өлімі! Семейде 9 айлық сәби дәрігер салғырттығынан көз жұмды. Бұл туралы шарананың анасы мәлімдеп отыр. Келіншектің сөзінше, қазан айының 9-ы күні баласының жағдайы күрт нашарлап, іші өтіп, құсқан. Зәре-құты қашқан анасы жедел жәрдемге хабарласқан. Алайда дәрігерлер баланы тексерместен, «Жұқпалы аурулар ауруханасына» жеткізген. Бірақ ақ халаттылар нақты себебін түсіндірместен, сәбиді қалалық медициналық университеті ауруханасына жөнелткен. Ең сорақысы, сәбиді …
Подробнее...Полицей: Бастығым тұтқындағы адамды босатуымды талап етті
«Қамаудағы адамды босатуың керек!». Осылайша әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысы полиция қызметкерінің үндеуі жарияланды. Айтуынша, бастығы тұтқындалған азаматты жерлеу рәсіміне байланысты босатуға мәжбүрлеген. Мұнымен қоса, бұл жауапкершілікті өз мойнына алатынын айтыпты. Алайда өскемендік полицей бастығының талабын орындаймайтынын алға тартып, мұны заңға қайшы әрекет екенін жеткізді.
Подробнее...«Ақылды» Ақкөлде не бар, не жоқ?
Цифрлы Қазақстанның тағы бір сиқыры. Смарт сити тұрғындары ауызсуды арбамен тасып ішіп отыр. Нақтырақ айтсақ, атын дардай қылып, ақылды қала деп жариялаған Ақкөл тұрғындары айдаладағы ауылдан да артта қалдық дейді. Смарт ситидің ақылды технологиялары сыналып жатқан шаһардағы проблема жалғыз бұл емес. Әдетте смарт деген сөз тұрғындары кезек күтпейтін, басқару жүйесі автоматтандырылған, азық-түлікті үйден-ақ тапсырыс беруге болатын, аялдамада адамдар автобусты емес, …
Подробнее...Интернетте балаларды суицидке итермелейтін топтар анықталды
Әлем желі өлімге жетелей ме? Елімізде жыл басынан бері интернетте балаларды суицидке итермелейтін 14 топ анықталған. Кезіндегі «Синий кит» есіңіз де ме? Міне, тура осы. Аты басқа болғанымен, заты сол. Әуелі балаларды өзіне қарай баурап алады, кейін түрлі тапсырмалар беріп, соңында өзіне қол жұмсауға мәжбүрлейді. Ал айтқанын істемесең, жақындарыңды өлтіремін деп қоқан-лоқы көрсетеді екен. Сонда өрімдей ұл-қыздарды өлімге итермелейтін бұл …
Подробнее...Мұғалім балаларға суицидке шақыратын мәтінді талдауға берді
Алматыда мектеп мұғалімі балаларға тапсырма ретінде суицидке шақыратын мәтінді талдауды тапсырған. Оны естігенде бала түгілі ата-аналардың төбе шаштары тік тұрған. Бірден әлеуметтік желіге жариялап, түсініктеме беруін талап еткен. Білім басқармасындағылар мұндай тапсырманың оқу бағдарламасында болмағанын растап отыр.
Подробнее...Коронавирус: Ел мен әлемдегі ахуал
Шетелден ұшақпен келген алты қазақстандықтан коронавирус анықталды. Еліміздің Көліктегі бас санитар дәрігері Сәдуақасы Байғабылов осылай деді. Оның сөзінше, елге келген тағы екі мың жолаушының қолында «COVID-19″ вирусын жұқтырмаған» деген анықтама қағазы болмапты. Сондықтан мұндай жандар екі күндік карантинге жатқызылған. Бірақ осыған қарамастан, елде инфекция тарау фактісі азаяр емес. Тіпті, кейбір өңірлерде карантин талаптары қайтадан күшейтілуде. Ол қай аймақтар? Шетелдегі коронавируспен …
Подробнее...Қырғызстан: Атамбаев қайта түрмеге қамалды
Көрші қырғыз елінде жағдай әлі де тұрақтанар емес. Жаппай дүмпудің алтыншы күні дегенде жан-жаққа шашылып кеткен депутаттардың әупірімдеп жүріп басын қосқан парламент, су жаңа премьерді тағайындады. Көпшіліктің дауысымен бұрын адам ұрлығы бойынша сотты болған Садыр Жапаров билікке келді. Ал, бар жоғы алты күн ғана бостандықта жүрген бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев қайта түрмеге қамалды. Оған қылмыстық кодекстің бірнеше баптары бойынша айып …
Подробнее...Жерлерін 10 жылдан бері заңдастыра алмай жүр
Жекеменшік жерлерін 10 жыл бойы заңдастыра алмай отыр. Алматы облысына қарасты Жаркент қаласындағы 10 шақты үй орман алқабында қалып қойған. «Мәселемізді айтып, бармаған жеріміз, баспаған тауымыз жоқ. Енді, жатсақ-тұрсақ басымыздағы баспанамыздан айырылып қаламыз ба деп, алаңдап жүрміз» дейді жұрт. Арнамыз арқылы араша сұраған ағайынның мұң-мұқтажын тілшіміз тыңдап қайтты.
Подробнее...






