3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Новости

Таулы Қарабақ: әзірбайжан мен армян тарабы пікір білдірді

Қарулы соғыстан бөлек, ақпараттық майдандағы тартыс одан әрі жалғасуда. Таулы Қарабаққа таласып, соғысып жатқан Армения мен Әзірбайжан басшылары қақтығысқа бірін-бірі айыптады. «Еуроньюс» арнасына берген сұхбатында Әлиев пен Пашинян қантөгіске қатысты өз пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ, қос тарап өкілдері дәл қазір атысты тоқтату екі талай екенін атап өтті.

Подробнее...

Қырғызстан президентіне импичмент жариялануы мүмкін

Қырғызстан Президентіне Сооронбай Жээенбеков тақтан тайдырылуы мүмкін. Алайда оған импичмент жариялау мәселесін шешу үшін жиналған Жогорку Кенеш депутаттары әзірге нақты бір тоқтамға келе алар емес. Ал билікке қол жеткізгендер бұрнығы шенеуніктерді қудалауды бастады. Соңғылары шетел асып қашып жатыр. Тіпті, Жээенбековтің өзінің де қайда екені белгісіз. Ал, елдің Ішкі істер министрлігі көшедегі тәртіпсіздіктердің біршама тыншығанын айтады.

Подробнее...

Тас төсеуді ұмытып, құм үстіне асфальт құйған

Бізге көз алдамшы жол керек емес! Ауыл тұрғындары асфальт төсеп жатқан компанияның жұмысына наразы. Жолды қалай болса, солай салып жатқанын айтып, шағымданды. Тіпті, қиыршық тасты ұмытып, құм үстіне асфальт құйып кетті дейді. Мердігердің жұмысты жүрдім-бардым жасағаны рас па? Бақылайтын жауапты мекемелер қайда қарап отыр?

Подробнее...

Дәлелдей алмайсың деді: Маңғыстаулық ана өз шындығын айтты

Бала-шағасын шырылдатып, күштеп көлікке мінгізбек болған әйелдің оқиғасы өз жалғасын тапты. Біздің арнаға балалардың анасы хабарласып, өз шындығымен бөлісті. Оның айтуынша, бұрынғы жолдасы перзенттерін өзіне әдейі қарсы қойған. Сонымен қатар, мұндай қадамға алимент төлемеу үшін барып отыр дейді. Екі жақтың пікірін тілшіміз біліп қайтты.

Подробнее...

Сәтбаевта бала зорлады деген күдікті изоляторда өз-өзіне қол салды

Сәтбаевта 5 жасар баланы ұрлап, зорлады деп айыпталған ер адам тергеу изоляторы камерасында өлі табылды. Ол өз-өзіне қол салған көрінеді. Полицейлердің мәліметінше, марқұмның денесінен ешқандай да дене жарақаттары байқалмаған. Осы факт сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Қазір қызметтік тексеріс жүргізілуде. Еске сала кетейін, Сәтпаев тұрғындарын дүр сілкіндірген оқиға 23 шілде түнгі уақытта болған еді. Жоғалып кеткен бүлдіршінді бүкіл қала …

Подробнее...

Сотталушыға телефонды тамақтың ішіне жасырып жеткізбекші болған

Қулық іске аспады. Түркістан облысында түрмеге тыйым салынған затты заңсыз кіргізбек болған азаматтың ісі әшкере болды. Ол ауыр және аса ауыр қылмысы үшін жазасын өтеп жатқан сотталушыға телефон жеткізбекші болыпты. Сөйтіп, үйде дайындалған мантының ішіне жасырып салған. Алайда, түрме әкімшілігі қызметкерлерінің тексеруі кезінде, оның ойы жүзеге аспай қалды.

Подробнее...

Түркістандық әйел үшем босанып, 6 баланың анасы атанды

Түркістан облысында 23 жастағы келіншек 6 баланың анасы атанды. Сарыағаш ауданына қарасты Дербісек ауылының тұрғыны Еркінай Есенбаева облыстық перзентханада дүнеиеге үшем алып келді. Дәрігерлердің сөзінше, жүкті әйелдің денсаулығы сыр беріп, сәбилерін мерзімінен бұрын босанған. Ана мен бала өміріне қауіп төндірмес үшін ақхалаттылар әйелді кесар тілігі арқылы босындырыпты.

Подробнее...

Ер адам азаматтық некедегі әйелін қызғаныштан көсеумен ұрып келген

Ер адам азаматтық некедегі әйеліне 9 жыл бойы күн көрсетпей, қызғаныштан көсеумен ұрып келген. Бұл сұмдық оқиға Ақмола облысында болған. 40-тағы «тиран» 28 жастағы келіншегіне ащы суды ұрттап алғанда үнемі мазақ етіп, қол жұмсайды екен. Қызғанып, қорлауының себебі де жас айырмашылығы болыпты. Ақырында, соққыдан шаршаған әйел әлеуметтік-психологиялық қолдау орталығынан көмек сұрауға мәжбүр болды.

Подробнее...

Қырғызстанда билік талан-таражға түсті

Қырғызстанда билік талан-таражға түсті. Оппозиция өкілдерінің өздері екі топқа бөлініп, бір-бірінің түрлі лауазымдарға тағайындаған кандидаттарын қолдамай жатыр. Көрші елді билейтіндер кімдер, Қырғызстанның заңды Президенті Сооронбай Жээнбеков қандай мәлімдеме жасады?

Подробнее...

Бетін пышақпен тілгілеген бұрынғы күйеуін соттамауды сұрады

Бұрынғы келіншегінің бетін пышақпен тілгілеген ер адамға үкім шықты. Ақтөбе қалалық сотының шешімімен 38 жастағы айыпталушы 4 жылға бас бостандығынан айрылды. Жәбірленуші бұрынғы күйеуін кешіріп, судьядан оны бас бостандығынан айырмауын сұраған болатын. Алайда сот ер адамның қылмысты қатыгездікпен жасағанын ескеріп, әрі кінәлінің ол кезде мас болғанын алға тартып, қоғамнан оқшаулау дұрыс деп тапқан.

Подробнее...
X