3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Новости

Оффшор асқан ақшаны елге қайтару керек

Оффшор асқан ақшаны елге қайтару керек. Шенеуніктердің заңсыз кірісіне тосқауыл болу керек. Көлеңкелі экономиканың кесірінен бюджетке келетін шығындарды жою керек. Сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов ұрланған қыруар қаржыны түгендеудің жолдарын ұсынды. Тыңдасақ, ананы үйту керек, мынаны сөйту керек. Негізі кезінде-ақ оның бәрін бүйту керек еді. Керек-керек деп жүргенде тағы қанша ақша ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кете …

Подробнее...

Мәжіліс депутаты: зейнет жасы қысқарсын!

Кредиттер кешірілсін, жалақы өссін, енді зейнет жасы қысқарсын дейді. Парламент қабырғасында соңғы кездері депутаттардың аузынан тек осындай ғана ұсыныстар еститін болдық. Жанға жақын, құлаққа қонымды естілетін бұл ұсыныстар партиялардың сайлау жақындағанда көзге түсу амалы дегенді де айтып жүргендер бар. Жә, әңгіме ол жайында емес. Бүгін Төменгі палатадағы коммунистердіңі лидері Айқын Қоңыров зейнет жасын алпысқа дейін азайту керек деген бастама көтерді. …

Подробнее...

200-дей адам ақшаны санап беріп, үйдің құжатын ала алмай отыр

Миллиондарын қолымен санап беріп, далада қалды. Салымшылар су жаңа үйге қыруар ақшасын салған. Алайда, қолдарында меншігі екенін растайтын құжаттары жоқ. Сенделіп жүргендеріне бір жылдан асқан. Көмек сұрап, құзырлы орындардың бәріне барыпты. Амалдары таусылған бір топ ақтөбелік қала әкімінен көмек сұрап келді. Далада қалған салымшылар енді не істейді? Құрылыс компаниясы басшысы алдап кетті деген тұрғындарға шаһар басшысы көмектесе ала ма?

Подробнее...

Алматы іргесіндегі қара топырақты ұрлауда

Оңтүстік астанада қара топырақ ұрлау жиілеп барады. Таудың етегін қойып, бас пайдасын ойлағандар енді қала ішіндегі жазық жерлерге ауыз сала бастаған. Себебі, сұраныс жоғары. Екі жеп биге шыққысы келгендер «Алматы Арена» спорт кешенінің артындағы бос жатқан жерлерді қазып алып саудалап жүр екен. Мамандар қазірдің өзінде 100 шаршы метр топырақтың ұрланғанын айтып отыр.

Подробнее...

Президент: дәрігерлер тиесілі ақшаларын қол жайып сұрамауы керек!

Коронавирустан қайтыс болған дәрігерлердің отбасыларына жәрдемақы енді еш кедергісіз беріледі. Ешқандай да тергеп-тексеру болмайды! Ақордада жиын өткізген Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет мүшелерімен індетінің екінші толқынына дайындық мәселелерін талқылады. Басқосуда Мемлекет басшысы ПТР тесттің бағасы халықтың қалтасына едәуір салмақ салып отырғанын айтып, Үкіметке тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ, осы жылдың соңына дейін қатаң шектеу шараларын болдырмаудың амалдарын қарастыру жайы да сөз болды.

Подробнее...

Бала қаратқан құрбым ішімдік ішіп, қызымды шынжырмен ұрды

Қызыма қорлық көрсеткендер жазасыз қалды! Бұл — қызылордалық көпбалалы ананың базынасы. Гүлмира Нұрмаханова 8 жастағы қызы өзінің құрбысынан таяқ жегенін айтып, налиды. Сұмдық оқиға жуырда болыпты. Алты баласын асырау үшін жұмысқа тұрған ол перзенттеріне бас-көз болар деген оймен ауылдас құрбысын үйіне шақырыпты. Сол күні танысы ұл-қыздарға қараудың орнына ішімдік ішіп, кәмелетке толмаған балаларды шынжырмен ұрып-соғыпты. Әбден үрейленіп қалған балалар бұл …

Подробнее...

Ауруханалардың төбесі құлап, қабырғасы қақырап тұр

Алматы облысының Кербұлақ ауданында бар-жоғы 15 дәрігерлік амбулаторияның 11-і ескіріп, әбден тозығы жеткен. Дені апатты жағдайда. Бірінің төсбесі опырылып, ал, бірінің қабырғасы қақырап тұр. Оның үстіне, қысы-жазы жылынбайтын көрінеді. 15 жыл бұрын берілген санитарлық автокөліктерінің де жүргенінен тұрғандары көп. Әсіресе, тоқырау жылдары аудан мәртебесінен айырылған Қоғалы өңіріндегі елді мекендерде жағдай мүшкіл екен.

Подробнее...

Тәулігіне 2 млн маска шығару жоспарланып отыр

Коронавирус пандемиясына байланысты еліміз ендігі жылы тәулігіне 2 млн астам бір реттік медициналық маска шығарып, барлық қажеттіліктерді өтеуді жоспарлап отыр. Бұл жөнінде Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты. Министрдің сөзінше, бетпердеден бөлек, вируспен күресте аса қажет қорғаныш костюмдерінің, медициналық қолғаптардың өндіріс артпақ. Осы арқылы аталған заттардың бағасын тұрақты ұстап тұруға болатыны айтылды.

Подробнее...

5 млн теңгеден астам ақшаны иемденген алаяқ қолға түсті

Кезекті алаяқ қолға түсті! Қызылордалық тәртіп сақшылары қала тұрғынын алдап 5 млн 245 мың теңгені иемденген 1992 жылғы жігітті ұстады. Жұмысқа орналастырамын, қол жетімді бағамен кезексіз баспана алып беремін және кез-келген оқу орнына түсіру қолымнан келеді. Осындай уәделерді үйіп төккен алаяқ 27 жастағы қала азаматшасын өз қармағына түсіріпті. Жаңа танысына құдайындай сенген жәбірленуші үлкен соманы мамыр айында берген екен. Содан …

Подробнее...

Түркістан облысында екі сотталушыға химиялық кастрация жасалды

Түркістан облысында екі сотталушыға химиялық кастрация жасалды. Мәжбүрлі түрде іске асырылған екпе сот шешімен жүзеге асырылған. Екеуі де кезінде кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерді зорлағаны үшін 15 және 16 жылға абақтыға жабылыпты. Оның бірінің жасы небәрі 23-те екен. Қазір, қос сотталушы да химиялық екпеден кейінгі жағдайының мәз емес екенін айтып, қоғамнан кешірім сұрап отыр.

Подробнее...
X