20:55 Тікелей эфир Многосерийный фильм «ЮРОЧКА»
0:30 Эфирде әрі қарай Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»

Новости

Коронавирус індетінің таралу өсімі төмендеді

Елде коронавирус індетінің таралу өсімі төмендеді. Дәлірек айтқанда, қатаң карантин шараларының арқасында бір айда бірден 1,5 есеге азайған екен. Бұл туралы еліміздің бас санитар дәрігері мәлім етті. Айжан Есмағамбетованың сөзінше, республика бойынша госпитальдегі төсек-орындар қазірде 64 пайызға дейін босаған. Осыдан бір-екі апта бұрын ғана тәулігіне кемі мың жарым жаңа науқастан тіркелсе, бүгін бұл сандар үш есеге дейін қысқарған. Мәселен соңғы …

Подробнее...

Кәмелет жасына толмаған үш бала қаңғып жүрген жерінен табылды

Алматылық полицейлер көшеде қаңғып жүрген кәмелет жасына толмаған үш баланы тауып алды. Қыздардың жасы 12-де болса, ұл бала сегізде. Олар өздері мен туғандары жайлы ешқандай ақпарат білмейді. Белгілісі, Алматыда жүргендеріне көп уақыт болмапты. Мектепте оқымаған. Әзірге жасөспірімдер кәмелет жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылған.

Подробнее...

COVID-19-дың кесірінен аяғынан айырылды

Ауруы асқынып, аяғынан айрылды! Ақтөбелік дәрігерлер індет қаупі сейілді деп арқаны кеңге салмау керектігін ескертеді. Әсіресе, коронавирус созылмалы ауруы барларға оңай тимей тұр. Дерттің үстіне тағы біреуін жамап, аурухана төсегіне таңылғандар бар. Егде тартқан ересектер ғана емес, балалар да талапты орындап,сақтық шараларын мұқият сақтағаны жөн. Коронавирус қандай ауруларды асқындырады? Дәрігерлердің кеңесін тыңдап қайтқан Ақбаян Сұлтанмұратованың сюжетін көріңіз!

Подробнее...

4 бала дезинфекциядан уланып қалды

Шымкентте белгісіз заттың иісінен 4 бала уланып, ауруханаға түсті. Түн ішінде жедел жәрдеммен жеткізілгендердің арасында үш жасар бүлдіршін де бар. Перзентінің уланып қалғанын анасы көршісінен көріп отыр. Себебі, ол сол күні пәтерін дезинфекциялаған екен. Алайда, бұл туралы ешкімге ескертпеген көрінеді. Енді осының салдарынан екі жақ бір-бірін түсінісе алмай, айтысып-тартысуда.

Подробнее...

Мойнына 45 млрд теңге қарыз ілініп кеткен әйел әділдікке қол жеткізді

45 миллиард теңгеге қатысым жоқ деп шырылдаған Алматы тұрғыны ақыры жеңіске жетті. Келісімшартта қолы болмаса да, судьялар төлеуге міндеттісің деп шешім шығарғаннан кейін, өзін ақтау үшін бірталай есікті қағып, құжаттар жинап сегіз айға жуық әуремен жүрген. Тіпті, есеп-шоттарының барлығы бұғатталып, ипотекаға алған баспанасынан да сәл болмағанда айырылып қала жаздаған.

Подробнее...

Барлығы балалар үшін!

Барлығы балалар үшін! Алматы облысының әкімі Амандық Баталов биыл бюджеттен білімге деп бөлінген қаржының көлемімен ерекше көзге түсті. Аймақ басшысы өңірін жаңа оқу жылына дайындау үшін қазынадан 314 млрд теңге қарастырып отыр екен. Бір облыс үшін бұл аз сомма емес. Сонда мұндай қомақты қаражат қайда жұмсалғалы тұр?

Подробнее...

Карантинде бизнес тұралады

Бүгінге дейін 1,5 млн-дай отандасымыз мәжбүрлі түрде жұмыссыз отырған. Банкрот алдында тұрған кәсіпкерлердің саны көп. Біразы алдағы дүйсенбіден бастап жұмысқа кірісетін болды. Ал әлі де кәсібінен ажырап қалғандар үшін қолдау шаралары әзірленіп жатыр. Сонымен екі күннен соң жұрт бұрынғы тірлігіне қайта орала ма? Қандай шараларды өткізуге шектеу бар? Азаматтарымыз әлі маска тағуға міндеттеле ме?

Подробнее...

Қазақ вальсінің королі

15 тамыз, яғни ертең Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Талантты композитор көзі тірі болса, 90-ға толар еді. Осы мерейтойға орай еліміздің әр өңірінде түрлі шаралар өтеді. Шығармашылық кештерден бөлек, туған жері Түркістан облысында композиторі тұрған үй қайта қалпына келтіріп, салтанатты түрде ашылады. Әндерін барша отандасымыз шырқайтын Шәмші туралы шағын материалды бізде ұсынуды жөн көрдік.

Подробнее...

Елорданың төрінде отырып, жол мен интернеттен жұрдаймыз!

«Нұр-Сұлтанның ең көрікті жерінде тұрсақ та, жол мен интернеттен жұрдаймыз». Сол жағалаудағы бес бірдей тұрғын-үй кешенін мекендеушілер осындай шағымын білдірді. Есіл ауданына қарасты бұл үйлердің тұрғындары барлық кілтипан Сығанақ және Тұран көшелерінде дейді. Наразы астаналықтармен түсірілім тобымыз кездесті.

Подробнее...

Ресейлік екпенің құны белгілі болды

Коронавирусқа қарсы Ресей вакцинасының құны қанша екені белгілі болды. Екі дозасы шетелдіктер үшін кем дегенде 10 доллар тұрады. Бұл туралы «Р-Фарм» компаниясының директорлар кеңесінің басшысы Алексей Репик мәлімдеді. Оның айтуынша, бастапқыда қымбат болғанымен, өндіріс жеткілікті көлемге жеткенде бағасы арзандайтын болады. Айта кетейін, бұл вакциянаны біздің ел сатып алуы мүмкін. Осы мәселені талқылау үшін үкіметтік делегация жуырда Мәскеуге бармақ. Бұл жайлы …

Подробнее...
X