18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Новости

Тұрғындар: үйіміздің қабырғалары сөгіліп, терезелері гуілдейді

Үйінді астында қаламыз ба деп қорқамыз. Алматыдағы «Зерделі» ықшам ауданының тұрғындары осылай деп үрейленіп отыр. Өйткені мұндағы көпқабаттағы үйлердің қабырғасы қисайып кеткен. Ал құрылысқа жауаптылар бір айдан бері хабар-ошарсыз кеткен. Нысандардың ауласында құрылыс заттары шашылып, қазылған жерлердің топырағы тау болып үйіліп жатыр екен.

Подробнее...

Қарбыз неге қымбат?

Ауыл шаруашылығы министрлігінің көктемгі карантин кезіндегі қателігі жаз ауа қарапайым қазақстандықтардың қалтасын қағып жатыр. Дәлірек айтсақ, осы уақытта пісіп жатқан көкөніс өнімдерінің бағасы шарықтап шыға келді. Мысалы, қарбыздың құны былтырғымен салыстырғанда 5 есе қымбаттаған. Бір түйір қауынның бағасы бір келі етке теңесті, диқандар мұның бәріне ауыл шаруашығын басқарып отырған шенділерді айыптап отыр. Неге?

Подробнее...

Алматы облысының бас санитары: Басымды қатырмаңдар!

Басымды қатырмаңдар! Алматы облысы бас санитар дәрігерінің базардағы саудагерлермен кездесуінде айтқан осы сөзі қоғамның назарын аудартып, наразылығын туғызды. Бұл қызметке күні кеше тағайындалған мемлекеттік қызметкер 24 сағаттың ішінде интернетте жұлдыз атанамын деп ойламаған шығар. Бұл жаңа лауазым иесін арандату ма, әлде санитар дәрігер этикадан жұрдай ма?

Подробнее...

Талдыкөлдің орнына нысандар салмақшы

Елорда маңындағы аң-құсы бар ерекше көл картадан жоғалып кетуі мүмкін. Астаналықтар мен экологтар осылай деп дабыл қағуда. Өйткені жергілікті әкімдік Талдыкөлдің суын құрғатып, оның орнына әлеуметтік нысандар салмақшы. Қала үшін аса маңызды шешімге шенеуніктер неліктен ешкіммен ақылдаспай барған? Бастаманың қоршаған ортаға залалы қандай?

Подробнее...

83 мың: жалақы төмен, айыппұл жоғары

«Бизнес по-казахски». Карантиннің кесірінен кәсібі тоқтап, күнделікті табысынан қағылған халықты 83 мың теңге айыппұлмен қорқытқан шенділердің әрекеті жұрт арасында әлі талқыланып жатыр. Өйткені ең төменгі жалақысы бізден 10 есе көп Еуропаның кей елдерінде айыппұл мөлшері 50 мың теңгенің ар жақ бер жағы ғана екен. Сонда бұл біздегі талаптың тым қатал болуы ма, әлде халықтың қалтасын қағудың кезекті әдісі ме?

Подробнее...

Карантинге жабылған нысандар ашылуға дайын отыр

Төтенше жағдай, кейін карантиндік шаралар әсерінен жабылып қалған кәсіпкерлік нысандар қайта ашылар сәтін тағатсыздана күтіп жүр. Барлығын сақадай сай қылдық деп отыр. Оның рас-өтірігін тексеру үшін арнайы топ рейдке шықты. Қамтылған шаралардың әлі де толық емес екенін атап өтіп, ұсыныстарын айтумен болды.

Подробнее...

Қызылордада екі бала суға кетті

Ал Қызылордада екі бала суға батып кетті. Кеше кешкі 7-лер шамасында құтқарушыларға Қараөзек ауылы Сауранбай каналы мен Сырдария өзенінің түйіскен жерінде 2007 және 2010 жылғы туған екі ер жеткіншектің суға ағып кеткендігі жайында хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына төтенше жағдай департаментінің 10 қызметкері мен 3 арнайы техника жеткізілген. Жедел құтқару жасағының сүңгуірлері балаларды кешкі 10-ға дейін іздеген, алайда таппаған. Іздестіру …

Подробнее...

Ағын судың азабы

Түркістан облысында қос бірдей елдімекен ағын судың азабын тартып отыр. Түлкібас ауданына қарасты Ынтымақ және Састөбе ауылының жұрты соңғы бірнеше жылдан бері суға жете алмай, зарығып жүр. Су тапшы болғандықтан, есік алдындағы бау-бақшаны көгерте алмай отыр екен. Амалы таусылғандықтан көкөністі құбыр арқылы келетін ауыз сумен суғаруға мәжбүр. Ауылға ағын су қашан келеді? Жұрт еккен өнімдерін жинай ала ма?

Подробнее...

Тағы бір орталық коронавируспен ауырған соңғы науқасын емдеп шығарды

Тағы бір жеңіс! Елде Ковид жұқтырғандарға арналған тағы бір провизорлық орталық жабылды. Бүгін ақ халаттылар соңғы пациентті қошеметпен үйіне шығарып салды. Осыдан бір ай бұрын ғана, науқастары палаталарға сыймай, амалдың жоқтығынан дәліздерде жатқан стационарлардың іші де 60 пайызға дейін босаған.

Подробнее...

Беларусь: Бір адам көз жұмып, 200-ден астам адам жараланды

Бір адам көз жұмып, 200-ден аса жан жараланды. 3 күннен бері Беларусь жеріндегі қақтығыстар тыйылмай тұр. Жұрт сайлау нәтижелеріне наразылық білдіруде. Ел Президенті Александр Лукашенко мұны сырттан ұйымдастырылып отырған арандату әрекеті деп баға берді. Тіпті, қай елдерден ондай хабар келіп жатқанын ашық айтты. Кей ақпарат көздері Лукашенконың Түркияға аттанғанын айтуда.

Подробнее...
X