18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Новости

Ректор, бизнесмен, әкім: Жаңа сенат депутаттары сайланды

Ректор, бизнесмен, әкім. Су жаңа сенатор атанғандардың қызметі көбіне осындай. Бүгін елімізде Сенат сайлауы өтіп, мәслихат депутаттары алдағы алты жылда Жоғары палатадан жұрттың жоғын жоқтап, мұңын мұңдайды-ау деген жандарды таңдады. Сонымен, санаулы сағаттарда-ақ алдағы алты жылғы қызметтері белгілі болғандар кімдер? Оларды жұрт біле ме?

Подробнее...

Тұрғындар жылыту қазандығының құрылысына қарсы шықты

Алматы облысында жылыту қазандығына байланысты даудың созылғанына бір жылдан асты. Әкімдіктегілер құрылысты бастау үшін барын салса, қарапайым тұрғындар керек емес деп қарсы шығып жатыр. Өйткені, әрбірінің үйінде газға қосылған қазандық бар екен.

Подробнее...

Карантин талаптары жеңілдетіледі

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 100 мыңнан асты. 25 мыңнан астам адам ем қабылдау үстінде. Өкінішке орай, 1 291 адам дерт салдарынан ажал құшқан. Бұл деректерді Денсаулық сақтау министрі келтірді. Жалпы көрсеткіштер қорқынышты көрінгенімен, науқастану деңгейі бірте-бірте азайып келе жатқаны байқалады екен.

Подробнее...

42 500 теңгені төлеу ережесі өзгерді

42 500 теңгені төлеу ережесі тағы өзгертілді. Карантин кезінде табысын жоғалтқандар енді бұл көмекті электронды әмиянына ала алады. Ал, операторлар әмиянның шын мәнінде мұқтаж азаматқа тиесілі екенін анықтауға міндетті. Бұл санатқа тек банктер ғана емес, сондай-ақ ақпаратты жинауды, өңдеуді және жеткізуді қоса алғанда, электронды ақша жүйесінің жұмысын қамтамасыз ететін төлем ұйымдары да кіреді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі осындай …

Подробнее...

Шымкентте мейрамханада болған атыстан бір адам көз жұмды

Шымкентте қымбат мейрамхананың бірінде атыс болып, бір адам көз жұмды. Тағы бір ер кісі ауруханаға түсті. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр дейді. Қазір осы оқиға бойынша тергеу амалдары басталып кетті. Бірақ, тәртіп сақшылары тілшілерге тіс жарып ештеңе айтар емес. Бейресми ақпарат бойынша, қарудан оқ атқан және жарақат алған адамдар екі қылмыстық топтың мүшелері екен.

Подробнее...

Жаңадәуір жұртының базынасы

Атына мен заты бөлек ауыл! Алматы облысындағы Жаңадәуір елдімекенінің тұрғындары интернет пен суық су тапшылығын тартып отыр. Карантиннің алғашқы күндері балалар үйдің шатырына шығып, сабақ оқыған екен. Ал тіршілік нәріне тартылған құбыр екі жылдан асса да іске қосылмаған. Неге?

Подробнее...

Балалар арасында Кавасаки синдромы тарап жатыр

Ата-аналардың назарына! Елде балалар арасында ковидтен де қауіпті Кавасаки синдромы тарап жатыр. Белгісіз дерт ресми түрде тек үш бүлдіршінде ғана расталса да, шын мәнісінде сандар мүлдем басқа болуы мүмкін дейді білетіндер. Десе де, дәрігерлер Жапониядан тараған салдары қиын індеттің адамнан адамға жұқпайтынын айтып отыр. Сонда ата-аналар нені білуі керек?

Подробнее...

Сотталған полицейлер ісі

Ақтөбеде экс-полицейлердің туыстары шу шығарды. Олар соттан қамауда отырған ағайындарын бостауын талап етіп отыр. Бес жыл бас бостандығынан айыру жазасы олар үшін тым қатал деп санайды. Ағайын біткен ақтап, адал еді деген тәртіп сақшылары қай жерде сүрінді?

Подробнее...

Кальян орталықтарының жұмысына тыйым салынды

Бұдан былай будақтатып қорқор, яғни кальян шеккенді ұнататындар қоғамдық орындардардан бұл бұйымды таба алмайды. Себебі, заң шеңберінде тыйым салынды. Тек үйлерінде отырып түтіндетулеріне болады. Аталған өзгеріс кальян орталықтары иелерінің наразылығын туғызды. Кәсіпкерлер темекіні әр бұрышта сатқызып, қорқор саудасын қысып тастағанына таңданып отыр. Аталған өзгеріс көлеңкелі бизнестің өршуіне сепші болмай ма?

Подробнее...

Бестөбе шатқалын ластауда

«Көбейтұз тағдырын қайталауы мүмкін». Ақмола облысындағы Бестөбе шатқалының болашағына қоршаған ортаға жауапты шенеуніктер алаңдап, дабыл қағуда. Сілеті өзені бойымен 10 шақырымға созылған әсем табиғат соңғы уақытта қоқысқа толып, кей жерлерде келушілер өртке себепші болуда екен. Осы себепті еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстары министрілігі арнайы рейд жасады. Оған біздің түсірілім тобы да барды.

Подробнее...
X