Елорда қатаң карантин режиміне қайта оралуы мүмкін. Қаланың бас санитар дәрігері тұрғындарды осылай деп қорқытып қойды. Жанна Пірәлиеваның сөзінше көпшілік орындарда қарапайым санитарлық талаптардың өзі сақталмай жүр. Тұрғындар осыған дейін айтылып келген ережелерді мүлде ұмытты деуге болады. «Осылай жалғаса берсе індет өршіп, қаланы қайтадан карантинге жабуға мәжбүр боламыз», — дейді бас санитар.
Подробнее...Новости
2020 жылдың екінші тоқсанында 454 мың жұмыссыз тіркелді
Ұлттық экономика министрлігіне қарасты статистика комитеті берген мәліметтерге сенсек, биылғы жылдың екінші тоқсанында елде жұмыссыздық деңгейі 5 пайызға ғана артқан. Салыстыру үшін айтайық, былтыр бұл көрсеткіш небәрі 0,2 пайызға төмен болатын.
Подробнее...Елде азаматтығы жоқ 6 мың адам өмір сүріп жатыр
Еліміздегі 6 мың адамның азаматтығы жоқ! Есесіне олардың арасында әлі күнге дейін Кеңес Одағының қызыл паспортымен жүргендер бар. Бұл елдегі халықаралық ұйымдардың мәліметі. Мамандар осындай жандарға көмектесуге тырыссақ та, ондаған жыл құжатсыз жүргендер азаяр емес дейді.
Подробнее...Кәсіпкерлік грант: «Шапка» берсең, аласың!
Алғың келсе, бер! Тақырып мемлекеттік гранттар жайлы. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында берілетін 5 млн-ды алу үшін 600 мың, ал 500 мың теңгелік грантты жеңіп алу үшін 150 мың теңгеге дейін пара сұрайды. Өз ішінде бұны «шапка» деп атайды екен. Жарайды, қалай болғанда да қайтымсыз ақша қалтаға түсті делік. Бірақ бизнес жоспарында қырамын-жоямын деп көрсеткендер кредиттерін жауып, көлік мініп, үйін …
Подробнее...15 жасар қызға ғашық бозбала сотталып кетуі мүмкін
Ақтөбеде ғашық жастардың ісі насырға шауып, сотқа жетті. 17 жастағы бозбалаға «Аса ауыр қылмыс жасады» деген айып тағылған. Бір-біріне өлердей ғашық жандардың арасына түскен кім? Қызым үйде, қылығы түзде дейтін ана неге болашақ күйеу баласына шүйлікті?
Подробнее...Жалақы алмаған құрылысшылар: түнгі 3-ке дейін де жұмыс жасадық
Екі айдан бері бір тиын төлемеді. Алматыда қалалық әкімдіктің тапсырысымен ауруханаға жапсарлас ғимарат салып жатқан құрылысшылар мердігер мекеменің ақысыз жұмыс істетіп келе жатқанына шағымданды. Айтуларынша, нысанды мерзімінде салып бітіру үшін күндіз-түні тыным таппаған. Ал жалақыға келгенде күнде ертеңмен созып келіпті. Құрылысшылар қарызға әбден белшеден баттық деп отыр.
Подробнее...Қырылған құстар саны 500 мыңға жетті
Еліміздің солтүстік өңірлерінде «H5N8» вирусынан қырылған құстардың саны жарты миллионға жетті. Тағы осыншасы аурудың алдын алу үшін жойылады. Мәселен, Қостанай облысында жеке сектордағы арам қатқан үй құстарының саны 3 мыңнан асқан. Бірнеше ауылдар карантинге жабылып, фабрикаларда жаппай дезинфекция жұмыстары жүріп жатыр. Осы ретте елімізде құс еті мен жұмыртқаның бағасы көтеріле ме? Ауру қанаттылардың еті дүкен сөрелерінен бірақ шықпасына кім кепіл?
Подробнее...Даниал Aхметов құрылысты аяқтамаған компанияны сотқа бермекші
Семейдегі күрделі жөндеуіне 780 миллион теңге бөлінген перинаталдық орталық ғимараты әлі күнге қолданысқа берілмеген. 26 қазанда барлық жұмыстар аяқталуы керек болған. Алайда құрылыс компаниясы берген уәдесінде тұрмаған. Облыс басшысы шаһарға жұмыс сапары барысында жөндеу жасап жатқандарды сынға алып, сотқа беретіндерін жеткізді. Қомақты қаражат құйылған нысандар қашан халық игілігіне жұмыс істейді?
Подробнее...Қазақстандық Барби: енді төсімді үлкейтемін!
Жұрттың пікіріне түкіргенім бар. Осыған дейін ондаған ота жасаған қазақстандық барби ойымдағы мінсіз келбетіме әлі де келмедім дейді. Жасы жиырмадан енді асқан арудың денесінде хирургтың инесі тимеген жері қалмаса да, ол әлі талай ота жасаймын деп бекініп отыр. Жалпы пластикалық операция жасататын нәзік жандар неге көбейіп барады? Бұған қатысты дәрігерлер не дейді?
Подробнее...11 жасар баланы әкесінің досы зорлап келген
Сұмдық жайт! Қызылорда облымында 11 жастағы ер баланы әкесінің досы зорлап келгені анықталды. Бұл сұмдық көрініске баланың туған інісі куә болыпты. Ал әбден қорланған ұл жантүршігерлік оқиғаны көршілеріне жайып салған. Оны естіген көршілері, денреу дабыл қағып, жергілікті полицейге шағымданған. Ең сорақысы, бұл іске әкесінің де қатысы бар екен.
Подробнее...






