Damumed жүйесіндегі жалған тіркеуді көп жасап, пайды көрген аймақтар белгілі болды. Азаматтардың жеке мәліметін пайдаланып, ойларына келгенін істегендердің дені Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматыдан екен. Қосымшадағы жазбаларды тексеріп жатқан қазақстандықтар тіпті, кішкентай балаларының өзі сан түрлі дәрігерге «қаралып» үлгергенін көріп, аң-таң болуда. Сонымен талан-таражға түскен 75 миллион теңгені кім қайтарады?
Подробнее...Новости
Семейден неге бас тартты?
Астананың 20 жылдығына саябақ, веложол, тіпті көпір салып берген өңірлер енді Абайдың мерейтойына келгенде сөздерінен тайқып шықты. Семейге сыйға тартамыз деген нысандардың құрылысынан бас тартып жатқан көрінеді. Осы айдың соңына дейін ел игілігіне тапсырылуы тиіс алаңдар неге кешігіп жатыр?
Подробнее...Түтінге тұншыққандар: Масканы карантинге дейін де киіп келеміз!
Түтінге тұншыққан тұрғындар! Қызылорда облысы Жаңақорған кентінің халқы 15 жылдан бері асфальт зауытының будақтаған қара түтіннен арыла алмай келеді. Бетпердені киюді карантинге дейін әдетке айналдырған кент тұрғындары зауыт жұмысын тоқтату керек деген талап айтуда. Өндіріс басшылығы болса бұл жағдайға жергілікті билік кінәлі дегенді айтады. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс келесі бейнематериалда.
Подробнее...Пандемия өнер саласын дағдарысқа ұшыратты
Бүкіләлемдік дағдарыс өнер әлеміне де едәуір нұқсан келтірді. Қазақстандық эстрада осыған дейінгі деңгейіне қайта келуі үшін кемі 2 жылдай уақыт керек екен. Карантин талаптары той жасатпай, концерт өткіздірмеді. Осы кезең біраз шығармашылық адамдарын басқа мамандыққа ойыстыруы мүмкін деген де болжам бар. Әншілерге қайтсе керек?
Подробнее...Жанармай бекетіндегі жарылыс
Алматыда алапат жарылыс. Жанармай бекетіндегі оқыс жайт кезінде екі адамның зардап шеккені анықталды. Абырой болғанда құрбан болғандар жоқ. Оқиғаны камераға түсіріп, видеосын әлеуметтік желіге жариялағандар дүмпудің қатты болғанын айтып, шошып қалғандарын жеткізуде. Апат болған жерге менің әріптесім Бауыржан жақсымбет жедел жетіп, жарылыстың жай-жапсарын біліп қайтты.
Подробнее...Елімізде COVID-19 бен пневмониядан бір тәулікте 50 адам көз жұмды
Елімізде бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 50 адам көз жұмды. Оның 34-ті осы індеттен, 16-сы коронавирус белгісі бар пневмониядан қайтыс болған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, қазіргі таңда 25912 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 139 бала бар. Жалпы науқастардың арасында 170 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 36-сының жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 41 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.Елімізде …
Подробнее...Темекі мен ішімдік сатып алу үшін жеке куәлік көрсету қажет
Шылымды байқап шегіңіз! Елімізде темекі тартуға тыйым салынған орындардың тізімі көбейді. Бұдан былай балалар алаңында, жабық аялдамалар мен метрода және жерасты өткелдерінде темекінің кез-келген түрін шегуге болмайды. Бұл сигарет, электронды темекі және кальянға да қатысты. Осының бәрі «Халық денсаулығы туралы кодекстің» жаңа нұсқасында қаралған. Мамандардың айтуныша, соңғы кезде жастар темекі былай тұрсын, қоғамдық орындарда қорқорды жиі тартатын болыпты. Заңға бағынбай, …
Подробнее...Әйелін сабаған ерлер, баласына қатігез ата-ана көбейді
Коронавирус індеті кезінде елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға артып кетті. Бұған күн сайын әлеуметтік желілерге жарияланып жатқан жанжалға толы видеолар да дәлел. Әйелін сабайтын ер, ұл-қызына қоқан-лоққы көрсететін әке, баласына қатігездік танытатын аналар да азаймай отыр. Мамандар бұған карантиннің әсері бар дейді.
Подробнее...Ақтау су астында қалды
Ақтаудағы аномалия қаланың астаң-кестеңін шығарды. Түнде басталған нөсер жауын салдарынан қаладағы жолдар, көпқабатты және жеке үйлер су астында қалған. Жергілікті тұрғындардың әлеуметтік желілерге жариялаған видеоларында сұмдық картинаны көруге болады. Лифттер мен подъездердің өзі лай суға толып қалған. «Төтеншеліктер» мұндай коллапсқа дайын болмай шыққан. Оның үстіне бір күнде жаңбырдың жеті айлық нормасы жауған екен.
Подробнее...Бейруттегі жарылысты тергеу жұмыстары қызды
Берекесі қашқан Бейрутте тергеу жұмыстары қызған. Жарылыс болған порттың біраз басшысы абақтыға қамалыпты. Бірақ апатқа нақты не себеп болғаны әлі айтылмай отыр. Көпшілік мұны қасқаана шабуылға балайды. Қарапайым қауіпсіздік техникасының сақталмауы да себеп болуы мүмкін екені айтылуда. Отандық сарапшылар тағы біраз жайттарды ортаға салып жатыр.
Подробнее...