3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Новости

Екінші толқын келсе, 2 млн адамның тұрмысы нашарлауы мүмкін

Елімізде коронавирустың келесі толқыны басталса, 2 миллионан астам адамның тұрмысы нашарлауы мүмкін. Мұндай статистиканы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов келтірді. «Жаман айтпай, жақсы жоқ». Алда-жалда жағымсыз сценарий жүзеге асатын болса Үкімет оған төтеп беруге дайын ба? Карантинге байланысты көбейіп кеткен жұмыссыздық проблемасын құзырлы органдар қалай шешпек?

Подробнее...

Жолды қазып кеткен мекеме «Асфальтты өздерің төсеп алыңдар!» деді

Асфальтты өздерің төсеп алыңдар! Алматыдағы «Ақбұлақ» шағын ауданында су құбырын жүргізген мердігер мекеме тұрғындардың ашуын тудырды. Көшелерді қазып, жолдың астаң-кестеңін шығарған мамандар әкімдікке жалған есеп берген көрінеді. Ал жергілікті билік болса өз қаржысына көшені қалыпқа келтіру керек дегенді айтып отыр.

Подробнее...

Құс тұмауы елдің оңтүстігіне жетті

Теріскейден басталған құс тұмауы енді оңтүстік өңірге жетті. Соңғы мәліметке сәйкес, Жамбыл облысында 238, Түркістан облысында — 273 қанатты қырылған. Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айының басында Солтүстік Қазақстанда жоғары патогенді құс тұмауы табылып, оның жабайы құстардан жұққаны анықталған еді. Содан бастау алған құс тұмауы тіркелген облыстардың саны бүгінде жетеуге жеткен.

Подробнее...

ШҚО-да кезекші сыныптың төрт оқушысы коронавирусқа шалдықты

Кезекші сыныптың төрт оқушысы коронавирусқа шалдықты. Науқастардың бәрі Шығыс Қазақстан облысынан. Қауіпті инфекция Шемонаиха ауданындағы 4-сыныптың екі оқушысынан, Көкпектідегі 11-сынып оқушысынан және Алтай ауданындағы 2-сынып оқушысынан табылды. Қазір олардың жағдайы орташа деңгейде дейді мамандар. Барлығы амбулаториялық жағдайда ем алып жатыр. Айта кетейін, кеше ғана Парыгино ауылының Ковид жұқтырған оқушысы туралы айтқан едік. Аурудың алғашқы белгілері ол балада 11 қыркүйекте байқалған. …

Подробнее...

АҚШ пен Еуропа елдері Лукашенконы президент деп мойындаудан бас тартты

АҚШ Александр Лукашенконы Беларустің заңды түрде сайланған президенті деп танудан бас тартты. Сонымен қатар Германия, Словакия, Литва, Латвия, Эстония, Канада және Польша билігі де осындай ұстанымда екендіктерін жариялады. Еуропалық одақ басшылығы да Лукашенконы президент ретінде мойындамайтындарын мәлімдеді. Айта кетейін, Белурусьте наразылық шаралары тыйылмай тұрғанда Александр Лукашенко кеше ресми түрде қайта таққа отырды. Ың-шыңсыз өткен инаугурацияға 700-ге жуық адам қатысқан.. Бірақ, …

Подробнее...

Қазақстан өлім жазасынан бас тартты

Қазақстан өлім жазасынан бас тартты. Енді елімізде қылмыскерлерге жазаның ең ауыр түрі қолданылмайды. Қазақстанның Біріккен ұлттар ұйымының жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров өлім жазасын жоюға бағытталған халықаралық хаттамаға қол қойды. Айта кетейін, біздің елдің осындай шешім қабылдағанын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше БҰҰ Бас ассамблеяның 75-ші мерейтойлық сессиясында бейне байланыс форматында сөз сөйлеген сөзінде хабарлаған болатын.

Подробнее...

Цой дәрігерлердің өтемақысына қатысты есеп берсін!

«Жарты жыл өтсе де, Президент тапсырмасы дұрыс орындалған жоқ!» Депутаттар Денсаулық министрі Алексей Цойды Мәжіліске шақырып, дәрігерлердің өтемақысына қатысты есеп беруін талап етуде. Халық қалаулыларының пайымынша, ақ халаттыларды қолдау шаралары тиісті деңгейде орындалмауда. Осы уақытқа дейін елдегі медицина қызметкерлерінің он екі мыңы вирус жұқтырыпты. Алайда, мыңнан астамы ғана уәде етілген өтемақыны берілген.

Подробнее...

Бір келі есірткіні таксимен алып өтпекші болған

Жамбыл облысынан Алматыға салмағы бір келі болатын есірткіні алып өтпек болған ер адам ұсталды. Кешкі сағат сегіз шамасында шаһардың кіреберісінде орналасқан стационарлық экологиялық бекетте мамандандырылған батальонның қызметкерлері жапон көлігін тоқтатып, тексеру жүргізген. Тінту барысында ұнтаққа ұқсас заты бар полиэтилен орамы табылып, бірден тәркіленді. Әуел баста жеке таксидің жолаушысы біреуге жеткізбек болғандығын хабарлаған.

Подробнее...

Депутат: азық-түлікті халыққа купонмен тарату керек

Халыққа азық-түлікті бұрынғыдай талонмен тарату керек. Премьер-министрге депутаттық сауалын жолдаған мәжілісмен Айқын Қоңыров осындай ұсыныс айтты. Базардағы бағаға шүйліккен ол, кеңес үкіметіндегі купондық төлемнің артықшылықтарын жіпке тізіп берді. Алайда мұндай жүйені көз көргендер қолдаудан бас тартып отыр. Неге? Ал экономистер қандай уәж айтты?

Подробнее...

Диқандар шетелден әкелінетін техникаға салынатын алымға қарсы

Үкіметтің шет елден әкелінетін ауыл шаруашылық техникасына салатын утилизациялық алымы жойылсын! Диқандар осындай талаппен Мәжіліс депутаттарына қолқа салып отыр. Алымның бұл түрі ауыл шаруашылығы техникасын қымбаттатып қана коймай, нан мен күріш бағасының шарықтауына әсер етеді дейді. Ал оны енгізген екі бірдей министрліктегілердің айтар өз уәжі бар. Қандай?

Подробнее...
X