3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Новости

Тұрғындар кәріз жүйесіне тұрмыстық қалдықтарын төгіп келген

Нұр-Сұлтанда қалдық суды арыққа құйып, аулаларын лайға айналдырған тұрғындар анықталды! Шаһардағы шенеуніктер ерінбей, кәріз құдықтарын тексеріп, күтпеген рейд өткізді. Кәріз жүйесіне қолдан құбыр өткізіп, қалдықтарын заңсыз төккен елордалықтар қарасы көп екен. Арнайы шараға біздің журналистер де қатысты.

Подробнее...

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жаңа заң

Қит етсе әйелін ұрып, отбасы мүшелеріне күн көрсетпейтін ерлерге күтпеген жаза! Енді мұндай азаматтар бір ай бойы туыстарынан аластатылып, 30 күн бойы балаларын көру бақытынан айырылады. Мәжілісмендер «Тұрмыстық әлімжеттік туралы» заңға енгізілген өзгертулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Егер бұл бастаманы сенаторлар да қолдаса, жақындарына таяқ ала жүгіретін тирандар ескертумен құтылмайды.

Подробнее...

Төлем нарыққа сай ма?

Зейнетақы, жәрдемақы мен ең төменгі жалақы мөлшерін есептегенде Айлық есептік көрсеткішке сүйенудің қажеті жоқ. Ол ауадан алынған цифр! Депутат Перуашев Үкімет бекіткен сома, былайғы өмірде күн көруге мүлде жетпейді деген пікірде. 42 500 теңге бекітіліп бұл науқан басталғанда халық бұған анық көз жеткізгендей. Карантин кезінде осы ақшаны ала алмай қалғандарды да көрдік. Парламент өкілінің ұсыныс қандай?

Подробнее...

Тоңып-дірдектеген балалар қыр басынан интернет «аулап» жүр!

Мектебің мынау, класың, осында интернет болғанша тұрасың! Ақтөбенің іргесіндегі ауыл балалары қырдың басын мектепке айналдырған. Таңалагеуімнен кешке дейін сабақты сол жерде отырып орындап, кеш қарайғанда үйлеріне қайтады. Облыс орталығынан таяқ тастам жердегі кенттегілер интернеттен неге кенде қалған?

Подробнее...

Мемлекеттің жері заңсыз сатылған

Өскеменде балалар ойнайтын алаң заңсыз сатылып кеткен. Қазір ол аумақта көпқабатты ғимараттың құрылысы жүріп жатыр. Кәсіпкер бастапқыда ол жерге «балабақша салынады» деп сендірген. Алайда кейіннен көпқабатты нысан тұрғызатын болып шешіпті. Шағын аудан тұрғындары болса, аумақтың заңсыз сатылып кеткеніне сенімді. Енді олар құрылыс жұмыстарын тоқтатып, өздеріне тиесілі жердің қайтарылуын талап етуде.

Подробнее...

Комиссариат алдында ұзын-сонар кезек

Дұрыс ұйымдастырылмаған жұмыс, қаптаған кезек. Карантинде елордаға әскери комиссариаттың қақпасын күн ұзақ торуылдағандар көбейіп кетті. Оншақты күннен бері тексеруден өте алмай жүргендердің алдының жүйкесі сыр беріп, кейбірі тіпті бір- бірімен төбелесіп қалған. Эпидемиологиялық ахуал әлі де тұрақтала қоймаған кезде мұны кейінге ысыра тұруға болмас па еді?

Подробнее...

Анасы баласына шикі ет жегізді

Баланың көңілі анада, ананың көңілі смартфонда. Соңғы уақытта кей жауапсыз әке-шешенің әрекеті шектен шығып бара жатқан тәрізді. Күні кеше желіде баласына шикі ет жегізген ананың видеосы тарап, дүйім жұрттың ашу-ызасын тудырды. Денсаулыққа зиян болғанымен, қызық үшін баласына қиянат жасаған келіншекті тіпті құзырлы органдардың өзі іздей бастапты.

Подробнее...

Инстаграмда интим ұсынатындар көбейген

Әлеуметтік желіде жезөкшеліктің жаңа түрі пайда болды. Жеңіл жүрісті қыздар енді көшеде емес, инстаграмда интим қызметін ұсынатын болған. Түрлі жазбаларға комментарий жазып, клиент іздеген бұрымдылардың өз ойлағандары бар екен. Олардың бірімен тілшіміз тілдеспек болды.

Подробнее...

Бір-бірінің шашын жұлып, тепкілеген ақтөбелік қыздардың әрекеті жаға ұстатты

Бір-бірінің шашын жұлып, аяусыз тепкілеген қыздардың әрекеті көптің төбе шашын тік тұрғызды. Оқиға Ақтөбе облысында болған. Әлеуметтік желілерге тараған видеодан бұрымдылардың бірі өзі құралпы құрбысын аяусыз сабағанын көруге болады. Ал қалғандары болса ұялы телефонға түсіріп, ажыратуға асықпапты. Оқушылардың еркекше төбелесіп, жаға жыртысуға не итермеледі? Бұзықтық жасағаны үшін ата-анасы жауапқа тартыла ма, әлде сол баяғы ұстаздар жауап бере ме?

Подробнее...

Науқас балалар күтімнен қағылғалы тұр

Митингке шығуға мәжбүрміз! Өскемендік бір топ ата-ана осылай деп шу шығарды. Өйткені олардың науқас ұл-қыздары медициналық жәрдемнен қағылғалы тұр екен. Қалалық білім бөлімі оқыту-сауықтыру балабақшасының бірден 11 қызметкерін қысқартпақ. Себебі, мекеме 19 штатты заңсыз иемденіп отырған көрінеді. Алайда, түрлі сырқатқа шалдыққан бүлдіршіндердің ата-аналары мұнымен келіспейді.

Подробнее...
X