2:30 Тікелей эфир «П@УТINA» бағдарламасы
3:15 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Новости

Қызылордада пәтердің бетон едені опырылып, жертөлеге бір-ақ түскен

Қызылордада тозығы жеткен екі қабатты үйдің тұрғындары далада түнеді. Ондағы пәтерлердің бірінің бетон едені опырылып кетіп, жертөлеге бір-ақ түскен. Сәтін салғанда ол кезде үйде ешкім болмапты. Оқыс оқиға орына жеткен төтеншеліктер апат болған пәтердің кіре берісін сары лентамен жауып тастап, көршілеріне күруге рұқсат бермеген. Басқа подъездердің тұрғындары бұл жағдайдан кейін баспаналарына кіруден қорқып қалған. Тұрғындардың айтуынша, бұл үйді зауыт жұмысшылары …

Подробнее...

Алаяқ әйел шетелге оқуға жіберем деп, кемі 2 млн теңгеден ақша алған

Ең кемі 2 миллион теңгеден астам қаражат төлеп, шетелде білім алғысы келген 15-ке жуық отандасымыз жекеменшік оқу орталығына алданып қалды. Жұрттың сеніміне кіріп, қалтасын қампайтпақ болған оның директоры қамауға алынды. Әзірге оның қандай білім ордаларына жолдама бергені жайлы нақты ақпарат жоқ. Көпшілікті алдап, ізін суытқысы келген азаматшаның үстінен қылмыстық іс қозғалуда.

Подробнее...

Теріскейде 180 мың тауық қырылып қалды

Елдің есін шығарған пандемия мен пневмонияға енді эпидемия қосылды. Әңгіме еліміздің бірден төрт облысында анықталып, қанаттыларды жаппай қырып жатқан құс тұмауы жайында болмақ. Өткен тәулікте тек теріскейдің өзінде бас-аяғы 180 мың үй құсының өлексесі табылған. Әбден шығынға батқан шаруалар тиісті шара тездетіп қабылданбаса, кәсібіміз құрдымға кете ме деп қауіптеніп отыр. Сонымен қауіпті тұмауға тұсау бар ма? Үй құсына ғана емес, …

Подробнее...

Елордада жыл соңына дейін 30 мың ағаш егіледі

Елордада жыл соңына дейін 30 мың ағаш егіледі. Ал алдағы 5 жылда республика бойынша елді мекендерде 15 миллион, орманды алқаптарға 2 миллиард көшет отырғызу жоспарда бар. Өткен демалыста «Бүкіләлемдік тазалық күні» атты ірі экологиялық акция өтті. Саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері бастап, қарапайым тұрғындар қостап, айналаны тазартты.

Подробнее...

Олжас Әбішев 500 млн теңгені жымқырды деп күдіктелуде

Бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев 500 миллион теңгені талан-таражға салды деп күдіктелуде. Еліміздің Қаржы министрлігінің Қаржы комитетіндегілердің мәліметінше, ол ведомстводағы ақпараттық жүйе жаңарту кезінде бітпеген жұмысты «бітті» деп танып, қасақана қыруар қаржыны өзгеге аударып жіберген. Экс-министр Елжан Біртановтың орынбасарының қолына тамыз айының басында кісен тағылған еді.

Подробнее...

Тұрғындар үйлерінің жанындағы қауіпті құрылысқа қарсы

Құрылысқа қарсымыз! Алматыдағы бүтін бір көпқабатты үй тұрғындары осылай деп наразылықтарын білдіріп жатыр. Олар үйлерінің қасынан шұңқыр қазылатын болса, қиранды астында қалуымыз мүмкін дейді. Ал жер телімін сатып алған кәсіпкер әкімдіктен рұқсат алдым деп отыр.

Подробнее...

Ақтөбе: 20 жылға ипотекаға алынған үйлерде жылу мен ыстық су жоқ

Ақтөбедегі мақтаулы ауданнан үй алғандар қыста жылусыз қалуы мүмкін! Үш жыл бұрын ғана пайдалануға берілген нысанда қазір ыстық су атымен жоқ. Күн суытып, тықыр таянғанын сезген тұрғындар бүгін біздің арнамызға базынасын жеткізді. 300 отбасының пәтеріндегі олқылық қашан түзеледі?

Подробнее...

8 жылдан бері үйін күткен елордалық үлескерлер бас көтерді

Сақалды құрылыс қашан бітеді? Елордада талай жылдан бері жұрттың босағасын жағалап, өз үйлеріне кіре алмай жүрген үлескерлер тағы шу шығарды. Бірінің нысаны былтыр ғана әкімдікке тиесілі «Елорда құрылыс» компаниясына өткен екен. Алайда, қарашаның 1-де қоныс тойын тойлауы тиіс халық жұмыс қарқыны тым сылбыр деп наразы. Ал екінші кешенге ақша салғандарға ол да жоқ. Үлескерлер бір-бірімен тіл табыса алмай, нысан бітпеген …

Подробнее...

Адам ұрлығы азаймай тұр: 1200 отандасымыз із-түссіз кетті

Сұмдық статистика! Еліміз адам саудасы бойынша әлемде екінші орынға шықты! Қазақстанда жыл сайын 80-ге жуық құлдықтың құрбанына айналады екен. Полицейлер небәрі 3 күнде адам саудасына қатысты 50-ден астам қылмыстың бетін ашқан. Оның ішінде шаруа қожалықтарында мәбүрлі түрде жұмысқа жегілгендер де бар. Ал қылмыстық топтар отандастарымызды алдап Бахрейн,Түркия және Оңтүстік Кореяға сататын көрінеді.

Подробнее...

Алматыда шетелдік компания жасыл-желекті заңсыз кескен

Осы Алматыда жүзден астам ағашты отап, орнына ғимарат тұрғызбақ болғандарға экологтар қарсы шықты. Шетелдік компанияның жасыл желекті жоюға рұқсат қағазы да жоқ екен. Заңды белшесінен басқандар енді айыппұл төлеп, әрбір тал үшін жауап беретін болады.

Подробнее...
X