2:30 Тікелей эфир «П@УТINA» бағдарламасы
3:15 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Новости

Заңсыз үкім: ауыл әкімі дүкен жұмысына шектеу қойып, шығынға батырды

Әкім кәсіпкерлердің жолын бөгеп, шығынға ұшыратты. Қызылорда облысы, Жалағаш ауданының тұрғындары ауыл әкіміне наразылығын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізіп жатыр. Айтуларынша, жергілікті басшы Бас санитар бекіткен карантин талаптарын өз бетінше қатаңдатып, дүкендердің жұмысын мүлдем шектеп тастаған. Құжатқа басылған мөрге қарасақ, әкім өзінше өкім шығарыпты. Шаш ал десе, бас алған қай ауылдың атқамінері болды екен?

Подробнее...

Ақтөбеде 5 жасар баланы камаз қақты

Ақтөбеде 5 жасар баланы КамАЗ қағып кетті. Көршілері бүлдіршіннің жанында өзге балалар да болғанын айтады. Ал полицейлер оқиғаның жай-жапсарын тексеріп жатыр. Жүк көлігінің тізгінінде кім болған? Тар көшенің тұрғындары әкім-қараларға қандай өтініш айтты?

Подробнее...

Елде шілде айында 28 мыңнан астам қайтыс болған

Осы жылдың шілде айында ғана елімізде 28 мыңнан астам адам қайтыс болған. Бұл жыл басынан бері ең жоғары көрсеткіш. Қаралы хабарды Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Статистика комитеті хабарлады. Ведомство таратқан мәліметке жүгінсек, биыл қаңтарда 11 867 адам, ақпанда 10 842, наурызда 8 511, сәуірде 4 441 адам көз жұмған. Мамыр айынан бастап өлім саны күрт артып 14 358 адам, маусымда …

Подробнее...

Ұрланған көлік мініп жүргенін 4 жылдан кейін білген

Алматы облысының тұрғыны ұрланған көлік мініп жүргенін 4 жылдан кейін ғана білген. Онда да ақша керек болып, темір тұлпарын сатпақ болған кезде анықталыпты. Полицейлер бірден жылжымалы мүлкін тәркілеп алғанымен. Бірде бір құжат көрсетпепті. Қара жаяу қалған отбасы Бас прокуратура мен ішкі істер министрлігіне шағым түсірген. Құзырлы органдардан мардымды жауап болмаған соң біздің арнадан көмек сұрады.

Подробнее...

Түлкібастың алмасы брендке айналады

Түркістан облысында алма теру науқаны басталды. Түлкібас ауданының бағбандары биыл рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, аудан бойынша 30 мың тонна өнім жинағандарын айтады. Жыл соңына дейін оның саны тағы да артуы мүмкін екен.

Подробнее...

Көпқабатты үйлердің маңына енді көлікті тегін қоя алмайсыз

Елордалықтар енді темір тұлпарларын қалаған жерге тастап кете алмайды. Тіпті өз ауласына да. Себебі астанадағы көпқабатты үйлердің маңы енді ақылы автотұраққа айналуы мүмкін. Қаулы әлі күшіне енген жоқ. Алайда арнайы белгілер орнатылып қойыпты. Мұны байқаған тұрғындар арнамызға арызданып, мұңын шақты.

Подробнее...

Балаларға жұмыс жасатып, ақысын бермейді

Мектеп жасындағы оқушылар қосымша жұмыс істеп, нәпақа тауып жүр. Кейбірі табысқа кенеліп, отбасына қолғабыс болу үшін оқуын да ысырып тастайды екен. Әсіресе, жағдайы төмен жанұяның ұл-қыздары қара жұмысқа үйір. Ең өкініштісі, нәпақа табамын деп алданып жатқан жасөспірімдер де бар. Балалардың еңбегін еш кетіргендерге жаза бар ма?

Подробнее...

Үлескерлер: екі жыл ішінде үйдің қаңқасы да тұрғызылмады

Талабымыз орындалмаса жолды жауып, соңғы қадамға барамыз. Осылай деген бір топ үлескер Елордадағы құрылыс компаниясының алдына жиылды. Олар жылдар бойы сарыла күткен баспаналарының тезірек берілгенін қалайды. Жыл басында қала әкімі Алтай Көлгінов те «сақалды» құрылыс статусына ие болған 20 тұрғын үй үлескерлерінің мәселесін шешіп беремін деп уәде берген еді. Бірақ, қаржысынан айырылған салымшылардың проблемасы әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Подробнее...

Жеті ауданда «Құс тұмауы» тіркелді

Солтүстік Қазақстанда құс тұмауы өршіп, қанаттылар жаппай қырылып жатыр. Облыстың жеті ауданында, атап айтсақ, Тимирязев, Тайынша, Жамбыл, Қызылжар, Шал ақын, Ғ.Мүсірепов, М.Жұмабаев аудандарында шаруалар бағып-қаққан құстарынан бір мезетте айырылып қалған. Соған байланысты облыстың жеті ауданына карантин енгізілді. Шектеу шаралары 21 күн бойы сақталады.

Подробнее...

Газ тартамыз деп, ауламыздың астан-кестеңін шығарып кетті

Газ тартамыз деп, ауламыздың астан-кестеңін шығарып кетті. Елорданың шеткі аудандарындағы тұрғындар осылай деп әкімдікке арызданып отыр. Газ, жылу жүргізген мердігер ұйымдар жұмыстарын аяқсыз қалдырып, тайып тұрған көрінеді. Ашық-шашық жатқан шұңқырлар жұрттың жүріс-тұрысына кедергі келтіруде.

Подробнее...
X