Талабымыз орындалмаса қала орталығына жиналып, митинг өткіземіз! Семейдегі Мұрат саяжайының тұрғындары осындай үндеу жариялады. Азаматтар электр қуаты үшін қыруар қаржы төлеп келеміз, елді мекендегі кооператив ойына келген бағаны қояды деп ашулы.
Подробнее...Новости
Хайуанаттар бағының жұмысы қайта жанданды
Маймылдар күйзеліске ұшырап, бегемоттар судан шықпай, көңілсіз күйге түскен. Пандемияның салдары хайуанаттар бағындағы жануарлар мен аң-құстарға әсер етпей қоймады. Көпшіліктің назарына үйреніп қалған олар, карантин кезінде түрлі қылық шығара бастаған. Қыркүйек айынан бастап еліміздегі зообақтардың жұмысы қайта жанданғаны белгілі.
Подробнее...Әншілер фонограммамен ән айтса, көрермен ескертілуі тиіс
Сахнаға мас күйде шығып, өзін-өзі ұстай алмайтын әртістер бұдан былай айыппұл арқалауы мүмкін. Бұл туралы Мәжілісте өткен жиында мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді. Ведомство басшысының айтуынша, соңғы кездері әншілердің сахнаға ішімдік ішіп шығуы, көрерменге тіл тигізуі, анайы сөздер араласқан әндер шырқауы сынды оқиғалар көбейіп кеткен. Сондай-ақ, эстрада әртістері фонограмма қолданса, бұл жайында ұйымдастырушылар көрерменді ескертуге міндеттелді. Мұндай концерттерге …
Подробнее...Жоғалып кеткен жеті жасар бала табылды
Атқа мініп жүріп, жоғалып кеткен жеті жастағы бала аман-есен үйіне оралды. Оқиға Жамбыл облысында болған. Мойынқұм ауданына қарасты Құшаман ауылының кішкентай тұрғынын кешелі бері туысқандары, полицейлер, еріктілер бүкіл ел болып іздестірген. Тіпті «Қазавиақұтқарудың», «Еврокоптер» тікұшағы да жұмылдырылды. Із-түссіз жоғалған жеткіншек Көкжелек ауылы жанындағы қамыс арасынан табылыпты. Балғын сол жерде түнеп шыққан екен. Қазір оның денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ.
Подробнее...Халықты сазға отырғызған алаяқ ұйымдардың мүлкі тәркіленді
29 пәтер мен 15 көлік. Халықтың ақшасын жинап, кейін еселеп қайтарамыз деген «Гарант 24», «Выгодный займ», «Estate Ломбард» басшыларының дүние-мүлкі тәркіленді. Алаяқ ұйымдардың үстінен 17 мың шағым келіп түскен екен. Ал азаматтарға келтірілген шығын 22 миллиард теңгені құраған. Айыпталушылардан тәркіленген дүние-мүлік арасында 15 автокөлік, 2 жүк машинасы, 2 автокран, қарда жүретін көлік, 29 пәтер, 6 үй, 3 жер учаскесі, 5 …
Подробнее...Вандалдар мұсылман зираттарын қасақана қиратқан
Қарағандыға қарасты Пришахтинск елді-мекенінде вандалдар мұсылман зираттарын қасақана қиратып кетті. Адам шошырлық оқиғаны ұялы телефонына түсірген куәгер видеосын әлеуметтік желіге жариялады.
Подробнее...«СК-Фармацияның» бір жылдық шығыны – 2 миллиард теңге
«СК-Фармацияның» бір жылдық шығыны екі миллиард теңге! Бұл туралы сенаторлардың бірыңғай дистрибьютер жұмысымен танысу кезінде белгілі болды. Компания басшысы қолынан келгенше ақталғанымен, халық қалаулылары шығынның тым көп екендігін айтты. Шетелден препараттарды тасушы монополист жұмысында тағы қандай шикіліктер бар?
Подробнее...Қуат Хамитовтың желідегі үндеуі үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған
Қалжың үшін қамауға алынуы мүмкін. Әлеуметтік желіде дезинфекция шашып жүргендерді соққыға жығып, тікұшақтарды автоматпен атып түсіруге шақырған ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамитовтың әрекетіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Осы жазбадан кейін полицейлер спортшыны бір тәулікке жуық сұрақ-жауапқа тартқан екен. Қоғам арасында қызу талқыға түскен мәселені спортшының не үшін жасағанын тілшіміз өзінен сұрап білді.
Подробнее...Асфальт жаңбырдан кейін езіліп жатыр
Алматыда жол жөндеуге бөлінген қаржы желге ұшып жатыр. Төселген асфальтты қолмен сылып алуға болады. Жауапсыз мердігер мекемелер бақылаудың жоқтығын пайдаланып, ойына келген істеуде. Оған арнай рейд барысында көз жеткіздік.
Подробнее...Қасымыздағы қоқыстың кесірінен үйімізді де сата алмай отырмыз
Тұрған жеріміз қоқыс полигонына айналып барады. Сасық иіске тұншығып біттік. Тіпті, үйімізді де сата алмай отырмыз! Осылай деп, тілшілерге мұңын шаққан Талдықорған тұрғындары арнамыздан араша сұрады. Бармаған жері, баспаған тауы қалмаған жұрт, құзырлы органдар тарапынан еш әрекет жоқтығын айтады. Оның үстіне жауаптылар тек қаланың орталығын ғана тазалап, шаһардың шеткі аймақтарына назар аудармайды, — дейді.
Подробнее...






