9:25 Тікелей эфир «ПРОУЮТ»
10:25 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»

Новости

Ойыл өзені тартылып, халық малға шөп таппай отыр

Ойыл қайда, Жем қайда, Сағыз қайда… Атын әнге қосқан Ойыл өзені жойылып барады! Ақтөбе облысындағы өзен аттас тұтас бір ауданының тұрғындары осылай дабыл қағып отыр. Мәселеге қазірден ден қоймаса, Ойылды жағалай орналасқан ел үдере көшпекші.

Подробнее...

25-30 мың теңге: Жігіттер желіде ашықтан ашық тәнін саудалауда

Елімізде әлеуметтік желілер арқылы тән саудасын ұсынатын ер азаматтар көбейген. Мәселен, бір сайттың өзінде 300-ден аса еркек жезөкшелер интимді қызмет көрсетеді екен. Әсіресе, 18 бен 40 жас аралығындағы жеңіл жүрісті жігіттердің жарнамасы қызып тұр. Интимдік қызметінің сағатын саудалайтын жігіттер пандемияға қарамай қызмет етуде. «Жезөкше жігіттер» қалай күн көріп жатыр? Бұл жұмысқа көбінесе кімдер барады? Жүгінетіндер кім?

Подробнее...

Тойланбай қалған той

Әлемге тараған коронавирус індеті барша жұрттың жоспарын күл талқан етті. Мәселен, өткен жылы Беларусьтің Брест қаласында «ТМД елдерінің мәдени астанасы» эстафета қабылдап алған Шымкент билігі алған атағын әлі күнге дүркіретіп тойлай алмай келеді. Ал, миллиондаған қаржыға дайындалған сценарийлер мен бағдарламалар, ойын-сауық кештер, алқалы бас қосу және халықаралық форумдар сынды жобалардың жәйі не болды? Наурыздан басталып, қарашада аяқталуы тиіс «дүбірлі той» …

Подробнее...

Несие кешірілсін: төрт қалада бейбіт митинг болып өтті

Несие кешірілсін, жер шет елдіктерге жалға берілмесін, Қытай экспансиясына жол жоқ! Демалыс күні еліміздің төрт қаласында ұйымдастырылған бейбіт митингке жиналғандардың талабы осындай болды. Наразылық шаралары алғаш рет ресми түрде қабылданған Заң аясында өтті. Оларға қатысушылар ғана емес , жергілікті әкімдіктер де тыңғылықты дайындалған екен. Тараптардың бірі талаптарын плакатқа түсірсе, екіншілері асфальтқа сызыпты.

Подробнее...

Тұмауға қарсы екпе егу науқаны басталды

Коронавирустың екінші толқынынан қауіптенген шенеуніктер екі апта бұрын ерте қамданып, тұмауға қарсы егу науқанын бастап кетті. Ол үшін Ресейден 1,8 млрд теңгеге 2 млн данадан астам препарат сатып алынған. Бұған дейін, вакцина салдыру басталған кезде «бірінші болып екпе аламын деп» сөз берген бас дәрігер Алексей Цой бүгін ауруханаға барды.

Подробнее...

Балалар үшін қауіпті: электр сымдары жерге тиіп жатыр

Елорда іргесіндегі Қаражар ауылының балалары электр сымына асылып әткеншек теуіп жүр. Өйткені, тұрғындардың үйге өздері тартып алған тоқтары жерге тиіп, ұл-қыздарының басына қауіп төндіріп тұр екен. Бұған қоса бір трансформатордан шамадан тыс көп үй электр энергиясын алатындықтан май шаммен отырғандай күй кешіп жатырмыз дейді жұрт. Бас қалаға таяқ тастам жерде тұрса да қарапайым жарыққа жарымай отырған ауыл тұрғындарының базынасын тілшіміз …

Подробнее...

Зиянды қалдықтар қоймасы қауіп төндіріп отыр

Текеліде экологиялық проблеманы шешуге негізделген жобаның жүзеге аспай қалу қаупі бар. Моноқалада зиянды қалдықтар қоймасын көмуге қажетті топырақ алатын жер жоқ. Жобалау құжаттарында арнайы орын көрсетілмегендіктен, мердігер компания тығырыққа тірелген. Соның кесірінен соңғы бір ай көлемінде жұмыс тұралап тұр. Ал, бұл мәселе уақыт күттірмеуі тиіс. Өйткені, тұрғындар жарты ғасыр бойы зиянды қалдықтардың зардабын тартып келеді.

Подробнее...

Жаңаөзенде тастанды сәби табылды

Жаңаөзенде жер үйдің ауласынан тастанды сәби табылды. Шақалақтың жылаған дауысын естіген «Рахат» шағын ауданы тұрғындары бірден жедел жәрдемге хабарласыпты. 31 градус температурамен ауруханаға жеткізілген нәрестенің кіндігі өрескел кесілген, дейді дәрігерлер. Баланың салмағы 2 келі 740 грамм және бойы 49 сантиметр. Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда нәресте қарқынды терапия палатасында. Жағдайы «тұрақты-ауыр» деп бағаланып отыр. Оған ылғалданған оттегі …

Подробнее...

Алматыда 3-4 сынып оқушылары мектепке бара алады

Алматыда ертеңнен бастап 3-4 сынып оқушылары мектепке бара алады. Қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес ата-аналардың өтініші бойынша кезекші сыныптар ашуға рұқсат берілген. Қала мектептерінде мұндай кластар 8 қыркүйекте ашыла бастаған. Бүгінде бірінші сыныптың 3300, 2 сыныптың 686 оқушысы кезекші топтарда білім алуда.

Подробнее...

Оқушылар оқуға арналған мегабайттармен фильм көрген

Желге ұшқан мегабайттар. Мектептерге тиесілі 990 теңгелік тарифтер оңды-солды, жүйесіз жұмсалып келген. Елордалық оқушылар ұстаздарына хабарласып, сабаққа қажетті деректер қараудың орнына түрлі сайттардан фильмдер көрген. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы мәлімдеді. Шолпан Қадырова сондай-ақ, қашықтан оқыту процесін ұйымдастыру үшін қалалық мектеп қорынан оқушылар мен мұғалімдерге 9 мың 700 компьютер, 22 мың 600 роутер берілгенін айтты.

Подробнее...
X