https://youtu.be/66Gg6IRJ-dc Коронавирустың екінші толқынына дайындық қызу жүріп жатыр. Орталық коммуникациялар қызметіне жиналған Денсаулық министрлігінің мамандары күзгі-қызқы кезеңдегі КВИ-ге деп 70 мың төсек-орынның жасақталып жатқанын айтты. Оның 3 мыңы жансақтау бөліміне қойылады.
Подробнее...Новости
Екі жылдан бері жалақы алмаған
Алматы облысындағы гранит өндіретін кәсіпорында еңбек еткен 40 шақты адам 2 жыл бойы жалақысын ала алмай жүр. «Жетісу-гранит» серіктестігі оларға 22 млн теңгедей қарыз екен. Осы күнге дейін 3 сот отырысы өтіп, үкім жұмысшылардың пайдасына шешілген. Алайда, компания құрғақ уәдемен қатырып, берешектерін бермей жүр.
Подробнее...Онлайн оқу: оқушылардың көзі нашарлап барады
Қашықтан оқудың олқылығы! Күні бойы телефонға телмірген балалардың көру қабілеті нашарлап барады. Офтальмолог дәрігерлер осылай деп дабыл қағуда. Өйткені күн сайын көз дәрігеріне қаралатындардың 50 пайызы оқушылар екен. Сондықтан алдағы уақытта көзілдірік тағып, жанарына айтарлықтай заөым келген ұл-қыздар көбеюі мүмкін дейді мамандар.
Подробнее...Араша сұрайды: Мені психдиспансерге күштеп жатқызды!
Мені жүйке жүйесі ауыратындардың емханасына күштеп жатқызды! Арнамызға хабарласқан Гүлмира Жұрқаба осылай деп шағымданды. Айтуынша, үш жарым ай бойы заңсыз емдеген. Тіпті , дәрігерлердің өзі сенің ауруың сырқат деп сендіргенін айтады. Оларға полицейлер де көмектесті деп отыр. Құдайы көршілерінің шағымы шындыққа жанаса ма? Сау аудамды сырқат дегендерге сот қандай шешім шығарды?
Подробнее...Елордалық дәрігерлер: жалақымыздан ұстап қалады
https://youtu.be/YJbUENgkdLQ Елордалық дәрігерлер басшылығына қарсы шығып, жаға жыртысты! Әңгіме «Қалалық орталық жол аурухана» ақ халаттылары жайлы. Адам жанына арашалық ететіндердің айтуынша, басшылық бухгалтерия бөлімін бетімен жіберген. Ақшаға жауаптылар соңғы кезде жиі жалақыны уақтылы төлемей, біршама бөлігін ұстап қалуды әдетке айналдырған. Сондықтан жиырмаға жуық жан жиналып, шағымын айтты. Оның нәтижесінде мамандар жаға да жыртысты.
Подробнее...«Миллионмен декретке» шығу расымен тиімді ме?
Миллионмен декретке! Қазір әлемжеліде осы сарындағы түрлі марафондардан көз сүрінеді. Бәрі ақша табуды үйретеді, миллион табысқа жеткізеді. Ал соңғы тренд — декретке миллион теңгемен шығаруға көмектеседі. Бірақ, мұндай онлайн сабақтардың көздегені мүлдем басқа дейді қаржыгер мамандар. Олар керісінше жүкті қыз-келіншектердің өздерін тақырға отырғызады екен!
Подробнее...Елорда іргесіндегі ауыл қоқыстың ортасында қалды
Елорда іргесіндегі Қоянды ауылында тұрмыстық қалдықтар мен малдың өлексесі қаптап барады. Оған себеп, бір кездері ұлтанынан құм алу үшін қазылып, кейіннен ұмыт қалған карьер. Сол маңға қоқысқа ақша төлегісі келмеген тұрғындар қалдықтарды тастап кететін көрінеді. Аумағы бірнеше гектар болатын шұңқырды жергілікті әкімдік те жабамыз деп, жұртты құрғақ уәдеге тойдырып келе жатқандарына да біраз жылдың жүзі болған. Одан бері де ауылда …
Подробнее...Банк басшыларының сыйақылары 12,1 млрд теңгені құраған
Екінші деңгейлі банктердің басшылары мен топ-менеджерлері қаржыға қарық болуда. Мәселен, 17 банктің тетігін ұстап тұрғандардың алған сыйақыларының жалпы көлемі, бонустарды қоса есептегенде 12,1 млрд теңгені құрапты. Бұл жағынан ең жомарты ForteBank екен. Алғашқы бестікте Халық Банк, Сбербанк, Банк Хоум Кредит және Альфа-Банк бар. Бір қызығы, бұлардан қаржылық ахуалы онсыз да мүшкіл саналатын үш банктің басшылары қалыспаған. Олар биылдың өзінде 342 …
Подробнее...Ақтөбеде ер азаматтар бірінен соң бірі жоғалуда
Ақтөбеде жақынын жоғалтып, іздеу салғандар азаймай тұр. Әсіресе, үйінен шығып кетіп, артынан хабар-ошарсыз кеткендер көп. Олардың дені ер азаматтар. Айдың күні аманында адамдар неге жоғалады?
Подробнее...Сенат отырысы өтті
«Дәрігерлер мәртебесі туралы» заң жобасын қабылдауды ұсынамын! Сенаттың жалпы отырысында депутат Мұрат Бақтиярұлы Премьер-Министрінің атына медицина саласындағы өзекті мәселелерді көтере отырып, депутаттық сауал жолдады. Ал Сенатор Әли Бектаев болса вирус таралған сәтте ауыл халқы ем-дом мен тексерістен ада қалды деп ашық айтты. Сондай-ақ отырыста ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы құжат та қаралды.
Подробнее...






