0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

Қалааралық автобустар қозғалысы қашан жанданады?

Елордадағы «Сапаржай» қызметкерлері жарты жылдан бері жұмыссыз отыр. 31 тамыздан бастап, өңіраралық автобустар қатынасы жанданады десе де, автовокзал ғимаратында әлі де қыбыр еткен жан жоқ. Ал тағаты таусылған жұмыскерлер қызметтеріне кірісетін күнді асыға күтуде. «Пойыздар жүріп, әуе жолдары ашық тұрғанда автобустар қатынасын бөгеуге қандай негіз бар?», — дейді олар.

Подробнее...

Газ құбыры тұрғындарға қауіп төндіріп тұр

Алматыдағы көпқабатты үйдің тұрғындары «бір күнде күліміз көкке ұша ма?» деп қорқып отыр! Бұған себеп — нысанды бойлай жатқан газ құбырындағы ақау. Көгілдір отын кейде ауаға таралып, арты өртке ұласқан кездері де болыпты. Тіпті күйік шалған жандар да бар екен. Ал олқылықты тексерген мамандар болса мұны биогаз деп, істі жылы жаба салған. Бүгін түнде тұрғындар шикізаттың иісін сезе салысымен далаға …

Подробнее...

Қаңғыбас иттер паналайтын изолятордағы сұмдық жайт

Елордада жаға ұстатарлық жайттың шеті ашылды. Қаладағы қаңғыбас иттерді ұстайтын мемлекеттік изоляторда төртаяқтылар зорланған. Сұмдық жайтты қаладағы еріктілер анықтап, қазір мұндай айуандыққа барғандарды таппақшы. Олар сондай-ақ «АстанаВетСервис» ұйымы жауапты изоляторда зорланған иттердің бұдан да көп бөлу мүмкін дейді.

Подробнее...

Балалар бірінші тоқсан бойы қашықтан оқиды

Балаларды қашықтан оқыту жүйесі бірінші тоқсан бойы сақталады. Ал оған дейін эпидемиологиялық жағдай жақсарса бұрынғы қалыпқа қайта оралу мәселесі қаралмақ. Оқытудың дәстүрлі түріне өткен соң әрбір баланың білім деңгейі жеке жеке тексерілмек. Оның қорытындысына сай оқыту бағдарламасына өзгеріс те енуі мүмкін. Бұл жайында Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлім болды. Онда онлайн оқытуға бөлінді делінген 70 млн доллардың да жай сөз …

Подробнее...

Жалған жарнама: көз жанарын отасыз 100 пайыз қайтарады

Жалған жарнамаға сенген жұрттың жанарына зақым келуде. Көру қабілетін 100 пайыз жақсартатын дәрі сатып, оңай олжаға кенелмек болғандардың арамза әрекеті жуырда әшкере болған. Алаяқтар еліміздегі көз аурулары институтының атын жамылып, тауарын саудалаған көрінеді. Мұның соңы аңқау жандардың ағзасына кері әсер етіп, сан соқтырып жатқан көрінеді.

Подробнее...

Малын өлтіріп, иесін ұрып-соқты

«Малымызды неге өлтірдің» деп барған тұрғынды ашуға булыққан ер адам ұрып-соқты. Түркістан облысының Отырар ауданында болған оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Подробнее...

Оқушылар мектепке қашан оралады?

Депутаттардың сынынан кейін Білім және ғылым министрлігінің өкілдері іле-шала брифинг өткізді. Онда олар оқушыларды дәстүрлі оқыту жүйесіне көшіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Ол үшін Денсаулық сақтау министрлігіне ұсыныс жіберіліпті. Сондай-ақ, орта білім беру ордаларының штаттық режимде жұмыс істеуі үшін әр өңірдің санитарлық инспекторларынан бөлек, жергілікті билік те рұқсат етуі тиіс екен. Өйткені әр аймақта індеттің тарау деңгейі әртүрлі.

Подробнее...

Көзі тірісінде жерленетін орынды дайындау белең алып барады

Елімізде көзі тірі қайтыс болғанда жерленетін орнын дайындап, мазар салу белең алып барады. Ертеректе қариялар қайтыс болған соң қабірінің жанынан жарына орын қалдырылатын. Бүгінде жастар да жағаласып, мәңгі жантаятын жерін алдын ала дайындап жатыр. Ол аздай, өмірде бар туыстарына да орын әзірлеп қойғандары баршылық. Бұл қаншалықты дұрыс? Соңғы кезде белең алған осы үрдіске қатысты имамдар не дейді?

Подробнее...

Жыр болған онлайн оқу

Жыр болған онлайн оқу. Мәжіліс депутаттары басталғанына бір апта өтпей жатып былыққа батқан қашықтан оқытуды қатаң сынға алды. Халық қалаулылары дәріс кезінде түрлі бейәдеп видеолар қойылған плафтормалардың балаларға білім беру үшін арналмаған мәлімдеді. Сондай-ақ, дәстүрлі білім беруге оқушыларды қайта көшіру керектігін де айтып қалды. Ал, қоғам белсенділері министрлік пандемияға байланысты қашықтан оқытуға мүлдем дайындалмаған деп отыр. Енді, екі оттың ортасында …

Подробнее...

Эко-ға бөлінетін квотаны күтіп отырған отбасы көп

Шымкенттік тұрғындардың 30 пайыздан астамы бедеулікпен күресіп жүр. Дер кезінде дәрігерлік тексеруден өтіп, ем қабылдағандар бір басқа, қаражат тапшылығынан маманға жүгене алмай жүрген жандар көп. Оның бірсыпырасы «сәби сүйе алмадық» деген желеумен ажырасып та кетіп жатыр екен. Ал, Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының мәліметінше, елімізде осы күні 9 мыңнан астам әйел бедеулік диагнозымен есепте тұр. Олар өз отбасын сақтап қалу …

Подробнее...
X