Тәулік бойы қорғаныс киімдерін тастамай киетін дәрігерлерді қолдау барысында Қызыл Жарты ай ұйымы мен Байерсдорф компаниясы жақпамайлар таратуды ұйғарыпты. Еліміздің 6 облысы мен Алматы қаласының медицина қызметкерлері енді терілерін зақымдаудан қорғайтын болады. Бұған дейін жеке қорғаныш құралдарын сыйға тартқан ұйымның келесі тартуын сюжеттен көріңіздер.
Подробнее...Новости
Коронавирусқа ұқсас пневмония жұқтырғандар күрт көбейді
Елімізде өткен тәулікте белгілері коронавирусқа ұқсас пневмонияға жұқтырғандар саны күрт көбейіп кетті. Бірден 450 адамға осындай диагноз қойылған. Ал кеше тағы 6 адам Covid-тен қайтыс болған. Вирус жұқтырғандар саны азайса да, бұл қауіпті кесел күн сайын бірнеше адамды арамыздан алып кетуде. «Сақтықта қорлық жоқ» деген Үкімет бүгінгі жиынын осы кеселмен күреске арнады. Жаман айтпай жақсы жоқ. «Вирустың жаңа толқыны бола …
Подробнее...16 жыл құлдықта: Интернат директоры жұмысқа жегіп, қараңғы бөлмеге қамады
16 жыл еңбек құлдығында болдым деген 34 жастағы әйел әділдік іздейді. Бота Сүлейменова Алматы облысының Жаркент қаласындағы балалар үйінде тәрбиеленіпті. Өзінің айтуынша, оған қаршадай кезінде «ақыл есі кем» деген жалған диагноз қойылыпты. Сөйтіп, сол кездегі интернат директоры түрлі қара жұмыстарға жеккен көрінеді. Әркімнің босағасын жағалап жүргенде зейнетақысын рұқсатсыз жаратып кеткендер де болыпты.
Подробнее...Жасөспірімді мерт қылған жүргізуші жауапқа тартылмаған
Алматы облысында көлік қағып, көз жұмған жасөспірімнің туыстары күдіктінің жауапқа тартылмағанына наразы. Оқиға былтыр Іле ауданында болған. 15 жастағы жеткіншек пойыздарды көруге келгенде осындай қайғылы жағдайға тап болған екен. Кешіріп сұрап келген жүргізуші кейін мүлдем байланысқа шықпай қойыпты. Ал, полицейлер марқұмның ағзасынан алкоголь табылғандықтан істі жауып тастаған көрінеді. Қайғыдан қан жұтқан жасөспірімнің туыстары оның арақ-шарапты татып алмағанын айтып отыр.
Подробнее...Интернеттің жоқтығынан баламыз сабаққа қосыла алмай отыр
Баламыз білімсіз қала ма? Осылай деген алматылық бір топ ата-ана шу шығарды. Олардың сөзінше, ұл-қыздары интернеттің жоқтығынан бірінші қыркүйектен бері сабаққа қосыла алмай отыр екен. Қызмет сапасын даулап Қазақтелеком компаниясына келген жандар өтініштерінің орындалуын талап етті.
Подробнее...Ата-аналар оқушылардың онлайн оқуына қарсы
Балаларымыз онлайн оқуды қойып, мектепке барып білім алсын. Қазақстандық ата-аналар осылай деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке үндеу жасады. Оған қол қойған 4 мыңнан астам жан қашықтықтан білім алу балалардың психикасына зиян келтіріп, ақыл-ойының дамуын тежейді деген пікірде. Арнайы жүргізілген зерттеулердің нәтижесі — балалардың смартфон мен компьютерге телміріп ұзақ отыруы дене салмағының артуына және …
Подробнее...Зейнетақы қорынан ақша шешсеңіз, 10 пайыз салық төлейсіз
Жаңа жылдан кейін зейнетақы қорынан ақшамды аламын деп алақанын ысқылап отырған азаматтарға құлаққағыс бір ақпарат. Белгілі бір соманы шешкен жағдайда мемлекетке 10 пайызын салық есебінде төлеуге міндетті боласыз. Бұл шаруа қалай шешіледі? Заңнама бойынша дұрыс па?
Подробнее...Көпқабатты үйдің шатырында велосипед тепті
Өмірін «ойын» еткендер. Елордада кәмелет жасқа толмағандар зәулім ғимарат шатыры мен тұрғын үйлердің қауіпті жерлерінде уақытын өткізуге әуестенген. Биіктен қорықпағандар арасында суицид жасауға итермелейтін жазулар да трендке айналыпты. Салдарынан өткен жылы 17 жастағы қыз бала 16 шы қабаттан секіріп кеткен. Полиция департаментіндегілер ата-ана қауымына мұқият болуға шақырады.
Подробнее...Көшіп кеткіміз келеді: ауыл іргесінен өтетін камаздар шаңға көміп жатыр
Елорда іргесіндегі Нұрлы ауылының халқы ақ шаңға көміліп отыр. Бұған себеп лек-легімен ауыл жанындағы жолмен өтетін жүк көліктері. Тұрғындар темір тұлпарлар елдімекен іргесімен бекер жүрмейді дейді. Мақсаттары астанаға кіре берістегі үлкен трассаның бойында орналасқан көліктік бақылау бекетін айналып өту көрінеді. Камаздардың полициядан айласын асырамыз деп ауыл тұрғындарына кесірлерін тигізіп жатқанына 4-5 жылдай болыпты.
Подробнее...Көзінің түсін өзгертем деп, көру қабілетін нашарлатып алды
Жүз пайыз көретін жанарынан сұлулықтың соңынан кетіп айырылып қала жаздаған. Үндістанға барып көзінің қоңыр түсін жасылға өзгерткен отандасымыз қызығын бір жылға жуық уақыт қана көрген екен. Осыдан кейін түрлі қиындықтар пайда болып, Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтына жүгініпті. Мамандар дер кезінде ота жасап жасыл түсті қабығын алып тастаған. Осылайша сол көзінің 60 пайызын сақтаса, оң көзін жақсарту мүмкін болмапты. Нәзік …
Подробнее...






