Құрылысты тоқтатып, халықты алдағаны үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің басшылығы жауапкершілікке тартылсын! Елорда тұрғындары осындай талаптармен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады. Жұрт өз үйлерінің жанынан бой көтергелі жатқан алып кешеннің құрылысына бір жылдан бері қарсылық білдіріп келеді. Алайда, елді елеп жатқан ешкім жоқ. Бастамашыл топ бұл құрылыстың құжаттарынан да талай былық анықтаған екен.
Подробнее...Новости
Онлайн-оқу: білім алудың орнына, анайы көріністерге куә болуда
Онлайн оқу-оқу емес, жынойнаққа айналды! Балалары сабақ үстінде порнографиялық видео көруге мәжбүр болған Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы ата-аналардың кебін енді ақтөбедегілер киіп отыр. Математика сабағының үстінде біреулер аузына келгенін айтып, бейәдеп диалог жүргізген. Бассыздыққа шыдамаған ата-аналар әлеуметтік желіде бас педагогтан араша сұрады. Ұстаздың көзінше оқушыларды анайы әңгімеге тартқан кім?
Подробнее...Түскі ас ішемін деп айыппұл арқалады
640 мың теңгеге шыққан түскі ас. Қалай дейсіздер ғой? Қостанайлық кәсіпкер өз мекемесінде медициналық маскасыз тамақ ішемін деп, дәл осынша қаржы айыппұл арқалады. Бірақ, ветеринар мониторингтік топтың бұл әрекетін заңсыз деп есептейді. Себебі, санитарлық дәрігерлер клиникаға баса-көктеп кіріп келгенде, ғимаратта қызметкерлерден басқа ешкім болмаған. Қауіпсіздік талаптарын бұзған жоқпын деген жас кәсіпкер, енді өзінің кінәсіз екенін сотта дәлелдемек.
Подробнее...Үйінді астында қаламыз ба деп қорқамыз!
Алматыдағы алтын бұрыштың тұрғындары үйінді астында қаламыз ба үрейлі. Жаңа кафе ашамын деген кәсіпкер көпшілікпен келіспей ескі ғимаратты жертөлені тесіп тастаған көрінеді. Бұдан бөлек жүк көліктері де мазаларын қашырыпты. Кәсіпкерлермен күресіп шаршадық дегендер енді не істерлерін білмей дал. Ал, ақ жағалылар бұл заңға қайшы әрекет деп әкімшілік хаттама толтырыпты.
Подробнее...Мемлекеттік қызметкерлер саны біртіндеп қысқарады
Жолдаудағы тапсырмаға сәйкес, еліміздегі мемлекеттік қызметкерлердің саны біртіндеп қысқарады. Үнемделген ақша қалған жұмысшыларды ынталандыруға жұмсалады. Бүгінде елімізде 98 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер бар екен. Шет мемлекеттермен салыстырғанда бұл тым көп. Одан қалды аталған салада 9 пайыз жұмыс орны бос тұр екен.
Подробнее...Зейнетақы қоры: жұрт жаппай үй алса, баға қымбаттай ма?
Зейнетақы қорынан жұртқа үлестірілетін қаржының 80 пайызы жылжымайтын мүлік нарығында айналады. Ел экономистері осылай деп тоқтам жасап отыр. Сондықтан алдағы жылы міндетті түрді пәтер бағасы қымбаттайды дейді олар. Алайда бұл пікірімен риэлторлар келіспейді. Неге?
Подробнее...Мысықтың аузы-мұрнын, көзін желімдеп тастаған
Мысықтың аузын, көзін, мұрнын желімдеп тастапты. Күшікті тірідей өртеп жіберген. Кейінгі уақытта жануарларды қинап, зәбір көрсеткендер туралы осындай жаңалықтар жұрттың жағасын ұстатты. Ең сорақысы, мұндай зұлымдыққа барып жатқандар — балалар мен жасөспірімдер. Қазір осылай істесе, кейін қандай қадамға барады деген сауал көпшіліктің көкейінде.
Подробнее...Мас жүргізуші 4 баланы басып кетті
Жаңалығымызды Шығыс Қазақстан облысындаға сұмдық жол-көлік оқиғасынын бастаймыз. Аймақтағы Жаңа Шүлбі ауылында көлікке мас күйінде отырған жүргізуші есік алдында ойнап отырған төрт баланы басып кеткен. Джиптің астында қалған жеткіншектердің бірі оқиға орнында көз жұмды, өзгесінің халі ауыр.
Подробнее...Ер адам балалардың көзінше шалбарын шешкен
Павлодарда ер адам балалардың көзінше шалбарын шешіп, әткеншек тепкен. Есерсоқтың бұл әрекетін куәгерлер видеоға түсіріп алыпты. Мына кадрлардан белгісіз біреудің ойын алаңына әдейі барып, белінен төмен жалаңаштанып, ерсі әрекет жасағанын байқауға болады. Дәл осындай оқиғаны куәгерлер қаланың басқа көшелерінде де аңғарған.
Подробнее...Көпқабатты үйдің төбесінде дискотека ұйымдастырған
Алматыда көпқабатты тұрғын үйдің төбесінде жастар дискотека ұйымдастырған. Жергілікті тұрғындар тоғыз қабатты үйдің шатырында демалыс күндері үнемі би кеші өтетінін айтып, полицияға шағымданған.
Подробнее...






