Мектеп оқушыларына ыңғайлы болу үшін қағаз оқулықтың электронды көшірмесі жасалды. Білім және ғылым министрі бүгін осындай жаңалығымен бөлісті. Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, оқулықтың баламасын министрліктің сайтынан табуға болады. Қазір еліміз бойынша 4 баспа жаңа бағыттағы электронды оқулықтарды шығаруды қолға алған. Оның ішіне аудио-видеоматериалдар, тесттік тапсырмалар мен жаттығулар бар.
Подробнее...Новости
Онлайн сабақтың орнына порно қосылды
https://youtu.be/QcUIFnXzW2Q Онлайн сабақтың орнына порно! Елордада қашықтан оқып жатқан бесінші сынып оқушыларына анайы кино қосылып кеткен. Оқиға қаладағы нөмірі 22-ші мектеп-гимназиясында тіркеліпті.
Подробнее...Тойхана мектепке айналды
Айына 20 миллион теңгеге дейін табыс тауып тұрған тойхана бір-ақ күнде мектепке айналып шыға келді. Енді элиталық мейрамхана саналған нысан бұдан былай қонақтарды емес оқушыларды қабылдайтын болды. Қазір, Шымкенттегі той ғимаратының кейбір банкеттік бөлмелері сыныпқа айналып үлгерген. Су жаңа парталар мен компьютерлік қондырғылар орнатылып жатыр. Ал, ұстаздар әлден жаңа сабаққа кірісіп кеткен. Күнделікті миллиондаған табыстан тойхана иесі неліктен бас тартты? …
Подробнее...Тик-ток: Абайды келеке етіп, Әлихан мен Ахметті билетіп қойды
Тик-токқа видео түсіріп жүр, талай қазақ баласы. Танымал болсам дегендер ұяттан аттап, хайп жасаймын деп Алаш арыстарын мазаққа айналдырып, аяқ асты етті. Алдымен ақын Абайды келеке қылса, көп ұзамай ұлт ұстазы Ыбырайды, одан қалды қазақ деп құрбан болған Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынұлдарын да селкілдетіп билетіп қойды. Асауға тұсау бар ма?
Подробнее...Базар басшылығы қысылтаяң шақта жалдау ақысын қымбаттатып жіберді
Елордадағы орталық базардан тағы да шу шықты. Саудагерлер базар басшылығы карантин енгізіліп, жағдай қиындағынына қарамастан коммуналдық төлемдер мен жалдау ақысын қымбаттатып жіберді деп наразы. Бұған қоса, тауарын алып, басқа базарға кетпекке оқталған саудагерлер қоймадағы затымызды ала алмай отырмыз дейді. Бұған не себеп, базар басшылығының айтқан уәжі қандай? Қазіргі қысылтаяң шақта шаруасы шатқаяқтаған саудагерлерге енді қайтпек керек?
Подробнее...Кәсіпкердің өлімі: іс бақылауға алынды
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында болған жантүршігерлік оқиғаның жай-жапсарын енді қоғамдық комиссия бақылайтын болады. Оның құрамына қоғам белсенділері мен құқықорғаушылар және марқұм Нұрлан Ахметовтың жақындары енген. Қоғам белсенділері қылмыстық істі өз бақылауларына алып, істің сотқа дейін жетуін қадағаламақ, Естеріңізге сала кетсек 14 тамыз күні Еңбекшіқазақ ауданы Ащысай ауылында жергілікті кәсіпкер Нұрлан Ахметовты пышақтап кетіп, алған жарақатынан ол ауруханада көз жұмған болатын.
Подробнее...Дәрігерлер соқырішекті анықтай алмай, қызымыздан айырылдық!
Соқырішекті анықтай алмай жалғызымыздан айырылдық! Ақ халаттылардың сөзіне сеніп, мүлде басқа дертпен емдеппіз деген отбасы 16 жастағы қызынан көз жазып қалды. Миллиондар тұратын мегаполисте дәрігерлер анализ алмай әуреге салып уақытты текке жоғалттық дейді.
Подробнее...Сатып алған қантымыз құм аралас боп шықты!
Қап-қабымен қант алып, құм-топыраққа қарық болдық! Арнамызға осылай деп мұңын шаққан Алматы облысының тұрғындары Ақсу қант зауытының өніміне шағымдануда. Тәттінің іші толған қоқым, жеуге келмейді. Шыны ыдыстың түбіне тұнба тұнса да, амалсыз тосап қайнатып, кампот жаптық. Енді, сол еңбегіміз зая кетпесе болғаны, — деп отыр.
Подробнее...Шенеуніктердің мал-мүлкі тексеріледі
Антикор жемқорлықпен күрестің тәсілін өзгертпек. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы жазды. Алик Шпекбаев енді табысы аяқ астынан артқан мемлекеттік қызметкерлер ол кірісін дәлелдеуі керек болатынын ескертті. Бұл әдіс парақорларды тоқтата ма?
Подробнее...Синтетикалық есірткі саудасы белең алуда
Елордада осы жылдың 8 айында құзырлы органдағылар 18 келі синтетикалық есірткі тәркілеген. Өзара «тұз», «меф», «жылдамдық» дейтінхимиялық қоспаға қол жеткізу үшін тұтынушылар ешкімнен және ештеңеден қаймықпайды. Мысалы, Нұр-Сұлтанның оң жағалауындағы шағын ғана көшеде бір жылдан бері күні-түні белгісіз біреулер алдын ала тығылған есірткіні іздеп, тұрғындарға маза бермей келеді. «Тұз» ,«меф» пен «жылдамдық» деген не?
Подробнее...






