14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Новости

Қытай Орта Азияға әскер кіргізбекші!

«Қытай Орта Азияға әскер кіргізбекші!». Пентагондағылар Тәжікстан аспан асты елінің үлкен әскери базасына айналуы мүмкін деп қауіптеніп отыр. Қазірдің өзінде Қытайдың әскери базасы Джибути елінде бар. Алып держава 2030 жылға қарай ядролық қаруын екі есе арттырып, Мьянма, Тайланд, Сингапур, Индонезия, Пәкістан, Шри-Ланка, БАӘ, Ангола және Тәжікстанда қарулы орталықтарын құрады дейді АҚШ Қорғаныс министрлігінің штаб-пәтері. Алайда көршіміздің сыртқы істер министрлігінің баспасөз …

Подробнее...

Зейнетқордағы ақша 2,5 млн теңгеден астам қаржы жинағандарға беріледі

Зейнетақы қорындағы ақша 2,5 млн теңгеден астам қаржы жинағандарға ғана беріледі! Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қордағы жинақтың бір бөлігін кімдер және қандай жағдайда алуға қауқарлы екенін тәптіштеп түсіндірді. Зейнетақы жинақтары бар еңбекке жарамды жастағы азаматтар «жеткіліктілік шегі» деп аталатын сомадан асатын бір бөлігін ала алады. Бұл әйелдер мен ерлер үшін бірдей және 20 жастан бастап …

Подробнее...

Отандық фармөндіріс екінші толқынға дайын ба?

Жаман айтпай жақсы жоқ, елімізде коронавирустың екінші толқыны басталса, біз оған дайынбыз ба? Пандемияның алғашқы адуыны отандастарымыздың дәрі іздеп, киерге маска таппай кетуіне алып келгені есімізде. Денсаулық министрлігі осыдан сабақ алды ма, кім білсін, елімізде вирусқа қарсы қорғаныш құралдарын дайындайтын фабрикалар күндіз — түні жұмыс істеуде. Осы жолы тәулігіне тоқсан мыңға жуық маска әзірлеп жатқан екі бірдей өндіріс орнына тілшілеріміз …

Подробнее...

Ақшаны дұрыс жұмсаудың жолы қайсы?

Қазақстандықтардың дені ақшаны дұрыс жұмсай алмайды. Осылай деп дабыл қаққан Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жаңа құжат қабылдамақ. Алдымен халықтың неліктен кредит үстіне кредит алып, қарыздан көз ашпайтынын зерттеп алмақ екен. Аты бар да заты күмәнді сауалнамаға аталған агенттік 28 миллион теңге қарастырып отырған көрінеді. Айлығы шайлығына жетпей отырған халықтың ақшасын санау мүмкін бе өзі? Экономистер не дейді?

Подробнее...

Жол сапасы сын көтермейді

Шымкенттегі жолдардың сапасы сын көтермейді! Жол сапасын бақылайтын ұлттық орталық осындай қорытынды шығарды. Арнайы сараптама жасаған мамандар жаңадан пайдалануға берілген асфальт жыл өтпей жатып-ақ, сыр бере бастағанын анықтапты. Соның кесірінен бюджеттің миллиондаған ақшасы желге ұшуда. Ал, құрылыс сапасын бақылауы тиіс техникалық қадағалау қызметінің өкілдері өз жұмыстарына салғырт қараған.

Подробнее...

Текелі әкімдігі жауапсыз мердігерді сотқа берді

Жауапсыз мердігерлер текелілік бүлдіршіндердің жаз бойғы демалысының шырқын бұзды. Тендерді ұтып алған компаниялар ойын және спорттық алаңдарын белгіленген мерзімде тапсырмаған. Құрылыс жұмыстарын әлі күнге созып келеді. Оның үстіне кейбір нысандардың сапасы сын көтермей тұр. Сондықтан, жергілікті әкімдік нысандарды қабылдаудан бас тартып, өз ісіне немқұрайды қараған кәсіпкерлерді сотқа беріпті.

Подробнее...

Түнгі клубта қызтекелер төбелесті

Алматыдағы түнгі клубтардың бірінің жанында гейлер мен қыздар жаппай төбелес шығарды. Оқиғаны видеоға түсіріп алған куәгерлер жанжалдың нәзік жандылар мен қызтекелер арасында болғанын айтады. Жұдырықтасқан жастар жергілікті тұрғындардың өтініштеріне назар аудармай, шуды тоқтатпаған. Қақтығыстың неден шыққаны әзірге белгісіз.

Подробнее...

Петропавлдық қария түсінде көрген көлікті өңінде жасап шығарды

https://youtu.be/2-OafiPOWTc Ақиқатқа айналған арман. Петропавлдық қария түсінде көрген көлікті өңінде ойлап тапты. Ол кәдімгі үш дөңгелекті, бірақ, педальсіз жүретін велосипедті жалғыз өзі жасап шығарған. Автордың айтуынша жаңа көлік жүрек талмасы бар науқастарға таптырмас құрал болатын көрінеді. Тіпті, дәрігерлер мен мұғалімдерге қала берді, жүйкесі сыр берген шенеуніктерге мініп жүруге кеңес беріп отыр.

Подробнее...

Министрлер: орындаймыз, реттейміз…

Сын садағына іліккен Асқар Маминның дауысы өз кеңсесінде де бәсең шықты. Ешкімді сынаған жоқ, сөзбен сыбаған жоқ. Тапсырманы тізіп, міндеттеумен шектелді. Ал министрлердің әуені әдеттегідей: «орындаймыз», «реттейміз», «жоспарда бар» деген жалпылама жауаптар. Кешегі Президент Жолдауы да естір құлаққа жетті. Ендігі мәселе орындалуында. «Жібекті түте алмаған жүн етеді» демекші… Тапсырмалар тиянақты орындала ма әлде біздікілер тағы да бүйректен сирақ шығара ма?

Подробнее...

Кәсіподақтар съезі өтті

https://youtu.be/xMJiZTgHZU4 Ауыр және қауіпті жұмыс орындарында еңбек ететіндер енді еңбек демалысына ертерек шығуы мүмкін. Еліміздің Кәсіподақтар федерациясының 26-шы съезінде осындай ұсыныс айтылды. Онлайн өткен шараға 150 делегат қатысып, оларды өз ойларын білдірді. Мамандар не деді? Бүгін федерацияның аяқ алысы қалай? Сарапшылар не дейді?

Подробнее...
X