0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

Зейнетақы қорындағы миллиондар кімге бұйырады?

Сонымен, зейнетақы қорындағы қаражатқа тоқталсақ. Бүкіл қазақ елі жиналып алып «Миллион кімге бұйырады?» бағдарламасына жаппай қатысып жатқандай. Мемлекет басшысы қорға жинаған ақшаларыңды ала аласыңдар дегенде ел елең ете қалған еді. Бірақ, бүгін көпшіліктің үміт оты өшіп қалғандай. Сонымен, салымнан кімдер үмітті?

Подробнее...

Сеть ұстамайды: Онлайн оқудың машақаты

Алматының дәл іргесіндегі Тұздыбастау ауылындағы мектеп оқушыларына онлайн оқу мұңға айналған. Өйткені ұялы байланыс нашар болғандықтан сабаққа қатысулары да қиындаған. Ал үйлеріне телефон тартып беруді сұраған жұртшылыққа мемлекеттік оператор ақша жоқ деп, телефон желісін тартудан бас тартыпты. Тұрғындар енді қайтпек?

Подробнее...

Ауыл тұрғындары: Шамның жарығымен отырмыз!

Балауыз шамның жарығымен самаурыннан шәй ішіп отыр! Бұл ұлттық стильдегі мейрамхана не демалыс орнының жарнамасы емес. Әңгіме қалада тұрса да, өркениеттен жұрдай болған аудан тұрғындары туралы. 13 жылдан бері электр тоғынан тарығып, интернеттің игілігін көрмеген жандар арнамызға хабарласты. Қыруар қаражатқа сатып алынған тоңазытқыш кітап сөресіне, кір жуу машинасы құрал-жабдық сақтайтын орынға айналған. Коммуникациядан кенде қалғандардың күйбең тірлігін тілшіміз баяндасын!

Подробнее...

Қарағандыда атыстан үш адам жараланып, оның біреуі көз жұмды

Қарағандыда атыс болып, үш адам ауруханаға түсті. Біреуі көп ұзамай дене жарақатынан ауруханада көз жұмған. Оқиғаны өз көзімен көрген Ибрагим Гаджиев әлі күнге дейін атыстан қалай аман қалғанына таңқалуда.

Подробнее...

Бес рет пышақ сұққан: Жеті жасар баланы көршісі аяусыз өлтірді

Құрдастарымен ойнауға кеткен жеткіншекті көршісі аяусыз өлтіріп, денесін құмырсқа илеуінің үстіне тастап кеткен. Қаскөй баланың тамағына бес рет пышақ сұққан екен. Шығыс Қазақстан облысындағы Зубовск ауылында тіркелген жайт тұрғындардың төбе шашын тік тұрғызды. Аядай елдімекендегі айуандық әрекет 29 тамызда болған. Жеті жастағы Эдуард Жилиев сол күні із-түссіз жоғалып кеткен еді. Марқұмның денесін полицейлер мен еріктілер екі күн іздеп, елдімекен маңындағы …

Подробнее...

Талдықорған муралдар астанасына айналмақ

Талдықорған қаласы болашақта муралдар астанасына айналмақ. Өңірде қазір көпқабатты баспаналардың қабырғаларын көркем суреттермен көмкеру ісі қолға алынуда. Мәселен, соңғы бір айдың ішінде бірнеше үйдің сыртына танымал тұлғалардың бейнесі салынды. Бұл қатарда ұлы ойшылымыз Әл-Фараби мен бас ақынымыз Абай Құнанбайұлының және белгілі журналист Бейсен Құранбектің суреттері бар.

Подробнее...

Президент жолдауы

Алдағы уақытта дәрігерлердің жалақысы екі есе артады. Бұған қоса медициналық қызметкерлерге үстемақы төлеуге 150 миллирд теңге бөлінеді. Жер шетелдіктерге сатылмайды, алайда тиімді пайдалануға берілуі тиіс. Бүгін ел президенті «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауында осылай деді. Бұдан бөлек, ұстаздардың жалақысы жаңа жылдан бастап 25 процентке өсетіні де еске салды. Қазақстандықтар зейнетақы қорындағы қаражатын қайда жұмсай алатыны туралы да айтылды. …

Подробнее...

Мемлекеттік қызмет саласындағы реформа

Елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы айтылған Президент Жолдауындамемлекеттік басқару жайы да сөз болды. Жиында Мемлекет басшысы «Стратегиялық жоспарлау және реформалар» мен «Бәсекелістікті қорғау» жөніндегі агенттіктер құрылатынын мәлімдеді. Сондай-ақ елімізде араға алты жыл салып қайтадан Төтенше жағдайлар министрлігі жасақталмақ. Дегенмен, елде мемлекеттік органдар саны артқанымен, ондағы қызметшілер саны біршама қысқармақ. Сондай-ақ енді ауылдағы ағайын әкімді өздері сайлау құқықты.

Подробнее...

Алғашқы қоңырау бірінші сынып оқушыларына соғылды

Мектепті – монитор, сыныпты смартфон алмастырған биылғы білім күні бұрынғыдан өзгерек. Мерекелік шараны үйінен тамашалаған миллиондаған оқушы үшін алғашқы қоңырау онлайн түрде соғылды. Дегенмен кезекші кластарда оқитын бірінші сыныптың балалары бүгін ұстаздарымен танысып, алғашқы сабақтарын да өтіп үлгерді. Ал көктемде ойраны шыққан онлайн оқуға мектептер қаншалықты дайын? Ұстаздардың жалақысы екі есе өсетіні рас па?

Подробнее...

Конституция қалай жазылды?

Дәл ширек ғасыр бұрын Тәуелсіз Қазақстанның ең басты құжаты қабылданды. Алайда ата заңның қалай жазылғанын біреу білсе, біреу біле бермейді. Бұл құжат қабылданбай тұрып, еліміздің барлық өңірлерінде мамандар ондаған мың талқылау өткізіп саралаған. Нәтижесінде қазіргі күнге дейін заман талабына жауап беретін құжат дүниеге келді.

Подробнее...
X