Үкілеген үміт! Шымкентте бет-аузы оңбай күйіп қалған жасөспірімге көмек қажет. 13 жастағы Әбдрахман Темірбек қолы мен бет терісін қалпына келтіруге шетелде пластикалық ота жасатпақшы. Ол үшін 50 мың АҚШ доллары керек. Тиісті қаражатты тездетіп жинау мақсатында жасөспірім өз қолымен салынған картиналарды өнерсүйер қауымға сатпақ.
Подробнее...Новости
Көлік академиясындағы былық: балдар қолдан жасалған
Мұхамеджан Тынышбаев атындағы Көлік және коммуникациялар академиясында дау шықты. Алматыдағы жоғарғы оқу орнының қос қызметкері өздерінің заңсыз жұмыстан қуылғандарын наразы. Қызметінен айырылғысы келмеген педагогтар оңтүстік астанадан Білім және ғылым министрілігінің алдына келіп, өз шағымдарын шенеуніктерге жеткізді. Айта кетейік, жыл басында аталмыш академияда сабақ беретін азаматшалар бұрынғы ректордың өздеріне қырындағанын мәлімдеген еді.
Подробнее...Көлік астына қасақана түсіп, ақша бопсалайтындар көбейді
Құтқарыңдар, қағып кетті! Елде көлік астына қасақана түсіп, қауіпті амалмен ақша бопсалайтын алаяқтар көбейді. Желіде видеорегистратордың камерасына жазылған небір видеолар тарап, жұрттың ашуына тиіп жатыр. Арасында алаяқтардың арбауына түсіп, сұраған ақшасын қолына ұстатқан жүргізушілер де жетеді екен. Алайда еріккен біреудің ермегіне алданып қалмау үшін нені білу керек? Жалпы бізде ғана емес, шетелде де әлдеқашан белең алған тенденцияға кімдер әуес?
Подробнее...Жетімдер: Көмек берген халыққа рақмет!
Жетімдердің көз жасы тиылды. Бір апта бұрын өткен жаңалықтарымыздан анасынан мезетсіз айырылып қалған қызылордалық үш ағайынды жайлы көрсеткен болатынбыз. Анасын жерлеген жетімдер банкке қарыз екендерін біліп елден көмек сұраған еді. Өздері тұрып жатқан, тозығы жеткен екі бөлмелі пәтерді банк арестке қойып, жақын арада отбасыға далада қалу қауіпі төнді. Міне, «жетімдер жыры» атты тақырыппен эфирден өткен жаңалықтан соң Базаркиндер отбасына көмек …
Подробнее...Өз қолымен құрастырған ұшақпен апатқа ұшырап, қаза тапты
Оралда қолдан жасалған әуе кемесі апатқа ұшырады. 69 жастағы ұшқыш оқиға орнында тіл тартпастан кеткен. Марқұм бұл ұшақты 10 жыл бойы өз қолымен құрастырыпты. Алғаш рет өткен сенбі күні сынақтан өткізіп, онысы сәтті өткен көрінеді. Алайда бүгін таңдағы екінші сынақ Павел Ерошенконың өмірін қиды. Тәжірибелі ұшқыш әуе көлігін құрастыруды бала кезінен армандап, тіпті ұшаққа «Арман» деген атау бермек болған екен.
Подробнее...Жер дауы жаңаша өрбуде
Апта басында Алматы облысында 5 сотық жерді 1,5 миллион теңгеден саудалап, екі жылдан бері құжатын ала алмай жүрген тұрғындар туралы айтқан болатынбыз. Біздің сюжетімізден соң учаскенің жаңа қожайындары табылды. Олар Райымбек ауылындағы жерімізді жұртқа сатқан келіншекті мүлдем танымаймыз дейді. Ал, көпшілік кінәлаған әйелдің адвокаты делдал боламын деп оның да әлдекімге алданып қалғанын айтуда.
Подробнее...Коронавирустың екінші толқыны желтоқсанда басталуы мүмкін
Елімізді наурыздан бері әуре-сарсаңға салған коронавирустың екінші толқыны шамамен желтоқсанда басталуы мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы осмындай болжам жасап отыр. Орталық директорының бірінші орынбасары Бауыржан Жүсіповтың айтуынша, қыркүйек пен қазанда тыныш болады. Ал қараша айында алғашқы белгілер көрінуі мүмкін. Дегенмен, ғалымның ойынша ғалым жұрт бетперде киіп, арақашықтық сақтап, санитарлық нормаларды бұлжытпай орындаса, коронавирустың екінші толқыны …
Подробнее...Елімізде карантин басталғалы 4 587 жұп ажырасты
Пандемия ерлі-зайыптылардың шыдамдылығын шындап сынауда. Карантин басталған наурыз айынан маусымға дейін елімізде 4 587 жұп ажырасып кетіпті. Статистика комитетінің мәліметінше, бұл жағымсыз көрсеткіш боынша Алматы көш бастап тұр екен. Некенің ең көп бұзылуы дәл осы қалада тіркелген. Оңтүстік астанада 554 жұптың дәм-тұзы жараспай, екіге айырылыпты. Одан кейінгі орындарда Қарағанды облысы мен Алматы облысы тұр. Мегапоис саналатын Нұр — Сұлтанда 345 …
Подробнее...Бетперде мұрнымды жаппағаны үшін 83 мың айыппұл салды
Алматы тұрғыны құрылыс дүкеніне барып, 83 мың теңге айыппұл арқалап қайтты. Азамат бірнеше рет пайдалануға болатын маска таққаны үшін осындай жауапқа тартылған. Бұған шамданған ер адам бейнеүндеу жариялады. Ал денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері болса, бетперде тақпаған жандарға бірнеше рет ескерту жасалғаннан кейін ғана жаза қолданылатынын айтып отыр.
Подробнее...Оқу маусымына дайындық
Онлайн оқудың машақаты. Бірі бұл жүйені қолдап жатса, кей ата-аналар балаларды үйде қалдырып оқытатын мүмкіндік жоқ деп шағым айтуда. Жұмыстан бір елі босай алмайтын азаматтардың негізгі шағымы осы. Осы бір жауапты да қиын кезеңге мектептер де барын салып дайындалуда.
Подробнее...






